Суармалы егін шаруашылығы— ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін суармалау қолданылатын егіншілік саласы. Суармалы егін шаруашылығында жердің өнімділігі тәлімі жерлерден 2—3 есе артып, ол жерден тұрақты өнім алынады. Суармалы егін шаруашылығында жер бетімен суармалау, жаңбырлатып суару, топырақ арасымен, тамшылатып және қарқынды суармалау әдістері қолданылады.
Суармалау гидромодулі— меншікті су шығыны алдын ала белгіленген, нақты дакылды суғаруға керекті, 1 секундта 1 гектар жерге берілетін су мөлшері. Су көзінен алынатын және суландыру жүйесі арқылы барлық суармалы жерді суғару үшін қажетті су көлемін анықтайтын су кестесі.