Wide fraction тіркесін біз сұйық түйіршіктер (фракция) деп аударуды жөн көрдік, себебі «кең түйіршіктер (фракция)» деген ұғым болмайды. Asphaltic residue тіркесін сөзбе-сөз аударғанда «асфальтты тұнба» деген аударма шығады, алайда мұндай тіркес мұнайгаз саласында сирек қолданылады, себебі мамандар бұл сөздің орнына оның баламасын «қайол (қара май)» деген сөзді қолданады.
Ал outfit сөзі қазақ тілінде құрал, қондырғы деп аударылады, бірақ мәнмәтінге сәйкес бұл жерде торап деп аталатын жабдықтың жеке секциясы туралы айтылған. Сондықтан caustic treatment outfit тіркесі сілтілеу торабы деп аударылатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |