Баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелері Баскетбол – бәсекелестік ойыны, өйткені спорттық сайыс кезінде қарсыластар бір-бірімен бәсекеге түседі. Даярлықтың жетіспеушілігі тәртіпсіздікпен тепе-тең деуге болады. Өйткені соның салдарынан жарақат алынады: саусақты қайырып алу, буынды созып алу, т.б. Жарақаттардың алдын алу үшін төмендегідей бірқатар жағдайларды есте сақтаған жөн:
жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын бірыңғай талаптарды дәл орындау керек: сапқа тұру, сапты өзгерту, қарсы қимылдар мен жеке бәсекелестік мөлшері, т.б;
алдын ала қыздырыну жаттығуларынсыз доппен жылдамдық жаттығуларына кірісуге болмайды, әсіресе жаттығулар арасындағы көп уақыттық үзілістен кейін тіпті де болмайды;
сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға және т.б. жарақат алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз балалар шаштарын түюлері қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене тәрбиесі сабағына тиісті спорт киімдерімен ғана қатысу қажет.