Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері Оқушылар көп қимылдағысы келеді. Біркелкі,ұзақ ойындар оларды жалықтырып жібереді. Сонддықтан ойындар,жаттығулар әр түрлі қысқа дем алу аралықтарымен болса жақсы.
1-ші сынып оқушылары шыдамсыз,өзлерін тоқтата алмайды,ықыластары тұрақты емес. Бірте-бірте оларға жаттығуларды кеңістікте орындау түрінде бергенде ойланып,еске сақтап орындауға қызығып ықыластана бастайды.
Бастауыш сынып оқушыларының дене қуатын дамыту жаттығуларын бергенде,ұл балалар мен қыз балалардың дене даму ерекшеліктерін ескеру қажет. Ұлдардың салмағы,бойлары үлкен,кеуделері кең,өкпенің тіршілік көлемі жоғары болады. Бұлшық ет күштері қыздарға қарағанда дамыған. Олар тез жүгіреді,ұзаққа,биікке секіреді,алысқа лақтырады,олар күшті,әрі шыдамды. Сондықтан 2-ші сыныптан бастап ұлдарға ауырлық көтергенде, ұзаққа жүгіргенде,секіргенде,лақтырғанда көбірек жүктеме беруге болады. Қыздарға 3-ші сыныпта ұлдарға қарағанда көбірек бірқалыпты,ырғақты,би жаттығуларын беруге болады.
Дене тәрбиесі сабағын жүргізудің төмендегідей ерекшеліктері бар:
Бастауыш сынып оқушыларына негізгі үйрететін жаттығулар табиғи қимыл,әрекеттерді жетілдіру түрінде болып келеді. Олар: жүру,жүгіру,секіру,лақтыру,өрмелеу т.б.
Бір сабақ кезінде оқу материалын меңгеру және жетілдіру үрдісінің 2-3 міндетін ғана орындаса жеткілікті болады.
Сынып төмен болған сайын табан бұлшық еттерін нығайту және түзу тұлға қалыптастыру жаттығуларын беруге айрықша көңіл бөлу қажет.
Әрбір сабақта міндетті түрде қозғалмалы ойындар ойнату қажет. 3-4 ші сынып оқушаларымен сабақ өткізгенде сабақ жаттығулары сабақтың 50% уақытын алса дұрыс болады.
Оқушыларға негізгі жаттығулардың техникасын үйренткенде,оны дұрыс және нақты орындауға көп көңіл бөлу керек. Оқу үрдісі кезінде жаттығуды үйрету және жетілдірумен бірге дене қуаты қасиеттерін дамытуға бірдей көңіл бөлген дұрыс болады. Балалардың қимыл әрекеттерді есте сақтау қабілеттіктері 7-12 жас аралықтарында тез дамиды да,13 жастан әрі қарай баяулай бастайды.
Қимыл әрекетке үйрету әдістерін қолданғанда көбінесе толық орындау әдісін пайдаланамыз. Жаттығуды бөлшектеп үйретуді анда-санда ғана,қосымша түрде қолданамыз.
Қозғалыс тапсырмасын берген кезде балалар дұрыс түсіну үшін нақты не істейтінін,қалай істейтінін айту керек. Мысалы,ұста,жетіп ал,допты ойыншыға тигіз және т.б.
2,3-ші сыныптарда қимыл жиілігін дамыту жаттығуларын көбірек берген дұрыс болады. Жылдамдықты дамыту жаттығуларын қысқа түрде 6-8 с уақытқа ғана беру қажет.
Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабақтарын жүргізгенде негізінен білім беру міндеттерін шешеміз. Ол міндеттер: қозғалыс түрлерін меңгеру,дене тәрбиесі негіздері және салауатты өмір салты туралы негізгі теориялық мағлұматтар беру.
Елімізде қазіргі кездерде жалпы білім беретін мектептерде бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі сабағын көбінесе сол сыныпқа сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді. Ол мұғалімдер арнайы және жоғарғы оқу орындарында оқығанда дене тәрбиесі мен әдістемесі пәнінен дәрістер алды,сынақтар тапсырды. Сондықтан ол мұғалімдер дене тәрбиесі сабақтарын жүргізгенде көп ізденіп,дайындалып,мектептің дене тәрбиесі мұғалімдерінің сабақтарына қатысып,олардан көп үйреніп сабақтарды мектеп бағдарламасы материалдарына сай жүргізуі керек. Ал дене тәрбиесі мұғалімдері,келешек өздеріне келетін оқушылардың төрт жыл уақытын бос өткізулеріне жол бергізбей,бастауыш сыныптардың оқуларын,оқу жоспарларын қадағалап,көмектесіп,бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап әдістемелік сабақтар өткізіп отырулары керек.
Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарын негізінен сабақтың басында да, ортасында да, соңында да пайдалануға болады.Осыған орай оқушылардың дене шынықтыруымен ынта жігерлерін арттырудың тамаша құралдарының бірі өз ұғымдарына түсінікті қимыл ойындары болып келеді.

Елімізде қазіргі кездерде жалпы білім беретін мектептерде бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі сабағын көбінесе сол сыныпқа сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді. Ол мұғалімдер арнайы және жоғарғы оқу орындарында оқығанда дене тәрбиесі мен әдістемесі пәнінен дәрістер алды,сынақтар тапсырды. Сондықтан ол мұғалімдер дене тәрбиесі сабақтарын жүргізгенде көп ізденіп,дайындалып,мектептің дене тәрбиесі мұғалімдерінің сабақтарына қатысып,олардан көп үйреніп сабақтарды мектеп бағдарламасы материалдарына сай жүргізуі керек. Ал дене тәрбиесі мұғалімдері,келешек өздеріне келетін оқушылардың төрт жыл уақытын бос өткізулеріне жол бергізбей,бастауыш сыныптардың оқуларын,оқу жоспарларын қадағалап,көмектесіп,бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап әдістемелік сабақтар өткізіп отырулары керек. Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарын негізінен сабақтың басында да, ортасында да, соңында да пайдалануға болады.Осыған орай оқушылардың дене шынықтыруымен ынта жігерлерін арттырудың тамаша құралдарының бірі өз ұғымдарына түсінікті қимыл ойындары болып келеді.