Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі
Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесінің міндеттері
Бастауыш сынып оқушыларының қатарына 1-7 сыныпта оқитын 7-11
жастағы оқушылар жатады.
Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері
төмендегідей:
Денсаулықты нығайту,шынықтыру,жан-жақты дене дамуынна
көмектесу,жалпақтабандылық ауруының алдын алу,бала ағзасының
жағымсыз сыртқы орта әсеріне қарсылық күшін қалыптастыру. Таза
ауада дене тәрбиесі жаттығуларымен
айналысу,ойнау,секіру,лақтыру,шаңғы тебу,жүгіру баланың бұлшық
еттерін дамытады,жүрек қан тамыры жүйесін,сүйек тірек аппаратын т.б
ағза жүйелерін нығайтады,шынықтырады. Баланың мүсін,тұлға түзулігі
қалыптасады. Сондықтан мектептің міндеті балаларды дене
тәрбиесімен жүйелі,белсенді шұғылдандыру.
Дене тәрбиесі жаттығулары гигиеналық дағдылар күн тәртібі туралы
арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға
пайдалы әсері гигиеналық ережелері. Тамақтану,демалу,жұмыс
тәртіптері.
Оқушылардың өмірге қозғалыс ептілігімен дағдысын қалыптастыру,
оларды жаңа қозғалыстарға, қимыл әрекеттерге үйрету.Бағдарламада
берілген барлық негізгі спорт түрлерінің жаттығуларын дұрыс орындай
білу.
Дене қуаты қасиеттерін дамыту.Бастауыш сыныптарда қимыл
үйлесімділігі,ептілік,икемділік қасиеттерін дамытамыз.
Жігерлікке,батылдыққа,қажырлылыққа тәртіптілікке
еңбексүйгіштікке,көпшілдікке,мәдениеттілікке тәрбиелеу.Дене
тәрбиесі жаттығулары,әр түрлі қозғалмалы ойындар осы қасиеттерді
дамытады.
Қозғалыс кездерінде және қозғалмайтын статистикалық жаттығулар
кезінде мүсін түзулігін,тұлғаны қалыптастыру.Ол үшін
отырғанда,тұрғанда,жүргенде жаттығулар жасағанда тұлға түзулігін әр
қашанда ескеріп арнайы тұлға түзулейтін жаттығулар беріп отыруымыз
керек.
Оқушылардың бастауыш сыныптардан бастап президенттік сынама
сынақтары жаттығуларын меңгеруге,орындауға дайындай бастауымыз
керек.
Оқушылардың дене тәрбиесімен спортқа деген ынтасын
қызығушылығын оятып оларды тұрақты жүйелі спортпен шұғұлдануға
әрекеттендіруіміз керек.
Мектептің міндеті – оқушылар дене тәрбиесі жаттығуларымен
мектепте ғана емес,үйдеде тұрақты айналысуға әдеттендіру.Ол әдет
оқушылардың күнделікті күн тәртіптерінде әбден қалыптасуы
қажет.Осы кезден бастап дене тәрбиесі жаттғуларын орындау олардың
өмір бойғы әдеттеріне айналыу керек.Ол үшін дене тәрбиесі сабақтары
қызықты әсерлі көңілді өтуі керек.Оқушыларды ұйымдастыру,басқара білу
дағдыларына дағдыландыру.Оқушылардың ішінен дене тәрбиесі
белсенділерін дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |