Мазмұны Кіріспе Өндірістік тәжірибе өтетін орын


коршаған ортаны қорғау саласындағы тығыз халықаралық ынтымақтастық кағидасы



бет17/18
Дата07.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#96823
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Cұлтан Дидарбек отчет

коршаған ортаны қорғау саласындағы тығыз халықаралық ынтымақтастық кағидасы;

  • қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша халыққа ақпараттардың жеткілікті болу кағидасы. Экологиялық сауатсыздық тек оның жеке басына ғана емес, сондай-ақ барлық тұрғындарға да зардабын тигізетінін әрбір адам білуі керек. Мысалы, ормандарда от жағуға, тұрғын аймаққа жақын жерлерде полиэтилен материалдарын өртеуге болмайды, улы заттарға ұқыпты болу керек және т.б.

    Тұрмыста қолданылған кейбір өнімдер немесе осы өнімдердің тоғанақтары табиғат үшін зиянды болуы мүмкін. Аталмыш өнімдердің зияндары өндіріс барысында, қолданған кезде немесе қалдыққа айналған кезде ортаға шығады. Экологиялық таза деп аталған өнімдер болса шикізатынан тоғанағына дейін толығымен табиғатқа дос. Осы өнімдердің өндірісінде қайта өңделетін материалдар қолданылады және құрамында ешбір зиянды нәрсе болмайды. Осындай өнімдерден басқа шашқа арналған гел, шаш бояуы сынды косметикалық өнімдердің құрамында аммиак болмағандары табиғатқа ыңғайлы болып келеді. Қайтадан зарядталатын батареялар мен энергия үнемдейтін жарықтар да осындай табиғатқа дос өнімдер қатарына жатады. Айырықша қоршаған орта мен адам денсаулығына зиян келтірмейтін әдістермен өндірілген органикалық көкөніс пен жемістер де экологиялық таза деп есептеледі. Көптеген салада табиғатқа зиянды өнімдердің орнына табиғатқа дос балама өнімдер қолдануға болады. Мысалы су жүрмей қалған шүмектерде химикаттар емес, насос қолдану керек. Шайнектер мен басқа да су қайнататын ыдыстарда жиналған ізбесті тазалау үшін сірке су қосылған су немесе лимонның суын қолдануға болады. Бау-бақшада органикалық тыңайтқыш, бояғанда химикаттар қосылған бояу емес, сумен жасалған бояулар қолдану табиғат үшін өте маңызды.
    Экологиялық таза өнімдерді қолдану арқылы табиғи ресурстардың қорғалуына және табиғаттың таза сақталуына үлес қосуға болады.


    Қорытынды
    Қорыта келе, диплом алдындағы өндірістік тәжірибемді «Алпысбай» шаруа қожалығында өттім. Шаруашылықтың жалпы жер аумағы 25га жерді алып жатыр.Шаруашылық алхоры жемісі және мал азықтық жоңышқа өсірумен айналысады. 18га жерге алхоры, 7га жерге жоңышқа дақылы егіледі. Шаруашылыққа келген күнімде жетекшім қауіпсіздік ережелерімен және алхоры алқабымен таныстырды.Содан кейін өңдеу шаралары жайлы мәлімет берді. Өңдеу шараларына келер болсақ, қараша және желтоқсан айларында көң,қи,тезек сияқты органикалық тыңвайтқыштар енгізіледі.Ауа райы жылы болғандықтан ақпан айларында ағаштарға кесу және бұтау жұмыстарын жүргізеді.Содан кейін жеміс ағаштардың арасын крест бағытында жырту жұмысын жүргізеді.Бүршік атпай жатып Би-58 дәрісін шашады.Гүлдеп төгіп болғаннан кейін Каратэ препаратын шашады.Содан кейін мамыр және тамыз айында суғару жұмыстары жүргізіледі.Шаруашылықта Би-58 және Каратэ дәрілерімен таныстым.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет