Белгіленген учаскінің техникалық процестерімен танысу;
Жұмыс орнының дұрыс ұйымдасуын талап ету;
Электр құрылғыларымен абай болу;
Улы химикаттармен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау;
Жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерімен танысқаннан кейін, арнайы «Қауіпсіздік ережелерімен танысқаны» туралы журналға қол қойылады. Бұл журнал белгіленген әрбір учаскенің жетекшісінде болады.
Онымен әр жұмысшы міндетті түрде танысуы керек.
Периодтық қауіпсіздік ережелерін сақтау инструктажы.
Ауыл шаруашылығында периодтық инструктаж көктемгі егін егу кезінде және егін жинау уақытында өткізіледі. Мысал ретінде тыңайтқыштарды қолдану барысында тіршілік қауіпсіздігі негіздері қолданылады.