адам құқығының қолайлы қоршаған ортаға және тұрақты дамуға басымдылығы қағидасы. Адамдардың табиғатпен үйлесімді, салауатты өмір сүруге құқығы бар;
табиғи ресурстарды пайдалануға мемлекеттің егемендік кағидасы. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекет тиімді заңдық актілер қабылдайды;
қоршаған ортаны қорғау ісіне әрбір адамның қатысу қағидасы. Табиғаттың жағдайы әрбір адамға байланысты болады, біз табиғат үшін жауаптымыз және болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтауға бар күшімізді жұмсауға тиістіміз;
қоршаған ортаны қорғаудағы жауаптылық қағидасы. Ол жер бетінің барлық бөліктеріне қатысты қолданылады. Табиғаттың сұлу өңірлері ерекше қорғалуы тиіс. Қазақстанда бастапқы табиғи күйінде сақталған және ерекше бақылауға алынған түрлі қорықшалар мен қорықтар бар.
табиғи ортаны пайдаланудағы басымдылық кағидасы. Табиғат байлықтарын ысырап қылмай, ұқыпты және ұтымды пайдалану керек. Қазақстанда мемлекеттің ерекше қорғауға алынған өсімдіктері мен жануарлары тіркелген Қызыл Кітабы бар. Мысалы, сексеуіл – шөлді жерде өсетін өсімдік, ол жойылып кету үстінде тұр, сондықтан да оны отынға жағу үшін кесуге және пайдалануға тыйым салынған;