Мазмұны Кіріспе Палуанның жалпы дене дайындығының құралдары мен әдістерін зерттеу



бет22/36
Дата07.02.2022
өлшемі440,5 Kb.
#87380
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36
Байланысты:
2 Сәрсет Мұхамеджан Орынбасарұлы палуан Күрес 5

Физиологиялық әсерленістер. Тынысалу және қан жүйесі. Спорттық жаттығулардың дені бұлшықеттердің ауқымды көлемі және оттегі қатысуымен атқарылады.
Аэробты мүмкіндік оттегі максималды тұтыну (ОМТ) жылдамдығымен айқындалады.
Шыдамдылықты машықтандыру кезінде айналымдағы қан көлемі (АҚК) көбейеді. Шынықтпаған адамдарда ол 5,5л (76,3мл/кг дене салмағының), ал спортшыларды 6,4 л (95,4 мл/кг дене салмағының) болады. Машықтану әсерінен жоғары аэробты жүктемеден кейін қанда бұлшықеттер зат алмасу өнімдері сүт қышқылдары жинақталады. Қанайналымы жүйесінде көрнекті өзгерістер байқалады:
а) жүрек өнімділігі артады;
ә) екпінді көлем көбейеді;
б) жүректің соғуы қалыпты жағдайда және тұрақты жұмыс кезінде де баяулайды (брадикардия);
в) жүрек жұмысы күшейеді;
г) дененің белсендірілген мүшелеріне және тіндеріне қан көбірек бөлінеді;
д) жаттықтырылған бұлшықеттерде, ағзаларда және тіндерде капилляризация өседі.
Сөйтіп машықтану нәтижесінде шыдамдылықтың екі негізгі белгісі қалыптасады:

  1. ең жоғары аэробты мүмкіндік;

  2. іс-әрекеттің үнемділігі.

Шыдамдылықты жаттықтырудың жағымды жақтары әртүрлі физиологиялық жүйелерде құрылымдық тірліктік өзгерістер тудырады.
Сонымен бірге аэробты жұмыс орындау үрдісінде орталық жүйке жүйесінің және эндокриндік реттелістің қызметі жоғары сатыға көтеріледі.
Жүректің жұмысы күшеюі қарқынды іс-әрекеті арқылы атқарылады. Жүректің соғуы минутына 60-80 реттен 120-220 рет жиіленеді, екпінді көлем 60-80-нен 100-150 мл-ге дейін көбейеді, қанның минуттық көлемі-4-5л-ден 25-30л, тіпті 40л-ге дейін өседі.
Бұларды қан қысымы көтерілуі, МҚК ұлғаюы, қан ағыны жылдамдауы және жүрекке оралатын веноздық көлем көбейгендіктен болады.
Тұлғалық жаттығулардың денсаулықты жақсартудағы физиологиялық тетіктері
1. Қимыл белсенділігі айқас бейімделісті дамытады. Ол әртүрлі түтіктердің әсеріне икемделу әсерленіс арқылы гомеостазды тұрақты сақтайды. Жаттығулар нәтижесінде организм суыққа, жүктемелерге жоғары төзімділік иемденді. Мұны бейарнамалы немесе айқас бейімделіс дейді. Стресс түрткілер әсер еткенде тектік аппарат биоэнергетикалық үрдістерді күшейтеді.
2. Тұлғалық жаттығулар организмнің әрекеттік қосалқы мүмкіндіктерін көтереді. Физиологиялық қосалқы пәрмен эволюция барысында қалыптасқан ағзалар немесе жүйелердің өз іс-әрекеттік қарқынын бірнеше рет өсіре алатын қабілеті. Мұны жұптасқан-викарлық ағзалардың (бүйрек, талдағыштар,т.с.с.) өтеміс қызметінің басқа әрекеттерді жорғары деңгейде өте алатын мүмкіндігінен байқауға болады. Мәселен, спортшылар оттегінің мөлшері 16%-ға дейін азайған, көмірқышқыл газы 23%-ға дейін көбейген жағдайда жұмыскерлік қабілетін ұзақ уақыт сақтай алады.
3. Жаттығулар иммунитет жүйесін жақсартады. Дене жаттығуларымен жүйелі айналсу гуморалдық және жасушалық иммундық қорғаныш қасиетін өсіреді, антиген әсерленісін күшейтеді.
4. Қимыл жаттығулары денсаулықты шыңдайтын дене шынықтырудың негізгі құралы болып саналады. Олар табиғи түрткілермен (ауа, су, күнге шарпылу) жан дүниесі жаттығулармен бірге қолданған жағдайда өте нәтижелі болады.
Қоғалыстың жүйке-ет жүйесіне әсері ерекше байқалады. Қимыл кезінде зат алмасу, қанайналымы жақсарады. Сондықтан бұлшықеттердің физикалық, химиялық қасиеттері өзгеріп, олардың өнімділігін қамтамасыз етеді. Жүйелі қозғалыс белсенділігі бұлшықеттердің гипертрофиясын (әсері нәрлену) тудырады. Олардың құрамында актин-миозин, миоглобин, гликлген, АҮФ т.б. көбейеді. Тұрақты қозғалыстардан қантамырлары мен жүйке талшықтарының терең ұштары өзгеріске ұшырайды. Сөйтіп тірек-қимыл жүйесінің құрылысы өсіп қалыптасады. Олардың қызметі сенімді, өте үйлесімді және үнемді түрде жүзеге асады. Қимыл-қозғалыс белсенділігін сауатты ғылыми тұрғыда жүргізу дене бітісін өсу және даму үрдістерін, әсіресе табиғаттық кезеңде дұрыс қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Дене қозғалыстары адамның рухани күйін дамытуда ерекше орын алатыны көне шығыс медицина саласында ертеден белгілі (йога, цигун, у-шу т.б.). Сондай-ақ оны «тән саулығы-жан саулығы» дейтіні дәлелдейді.
Қимыл белсенділігі реттеуші жүйелердің қызметіне әсер етеді. И.П.Павловтың айтуынша, қимыл-қозғалыс адамға «бұлшықет қуанышын» береді. Қимыл кезінде ОЖЖ-нің өңдейтін ақпарат көлемі өседі, оның барлық құрылымдарының қызметі артады, қозу мен тежелу үрдістері белсендіріледі және теңестіріледі. Қозғалыс зерде, ұластыру, нұрлану, шығармашылық үрдістерін күшейдеді.
Ми қыртысына шеттен келетін серпіністер гипоталамус-гипофиз жүйесін белсендіреді. Сөйтіп барлық сөлініс бездірінің қызметі кірістіріледі. Ол қозғалыс кезінде вегетативтік жабдықтау ағзалардың қызметіне оңтайлы жағдай жасайды. Мәселен, жүгіру немесе басқа белсенді қозғалыс кезінде қанға гормондар, эндорфиндер жиналады. Олар абыржу, үрей, ауырсыну және ашығу сезімдерін азайтады.
Организмнің қосалқы мүмкіндіктері өсіп, оның тіршіліктік сергуі (тонусы) артады.
Адамның стресс түрткілеріне кәдік себептерге төзімділігі, тұлғалық және психикалық жұмыскерлігі, шыдамдылығы қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет