Байланысты: 2 Сәрсет Мұхамеджан Орынбасарұлы палуан Күрес 5
Қозғалыс сапасының дамуы. Өсу және даму барысында балалар қозғалысының негізгі сапасы және үйлесімділік қабілеттері қалыптасады. Жас кезеңдерінде олардың тиімді және нәтижелі өтуіне өзіндік сезімтал кездері сәйкес келеді. Ол әрбір бұлшықет әртүрлі мерзімдік (гетерохонды) өтеді. Мәселен, жазғыш бұлшықеттердің күші 16 жаста, ал бүккіш еттер 20 жаста ең жоғары дәрежесіне жетеді. Оның жедел жетілу жеткіншектік кезеңде байқалады, ал 18 жаста күштің өсуі баяулайды. Ол 25-26 жаста аяқталады.
Саусақ бұлшықеттерінің күші 7 жаста-12-13 кг; 10 жаста-17-20 кг; 14 жаста-27-35 кг; 17 жаста-31-48 кг.
Бел бұлшықеттерінің күші 7 жаста-31-34 кг; 10 жаста-38-42 кг; 14 жаста-53-54 кг болады.
Қозғалыс істерінің жылдамдығы дамуы 4-5 жаста басталып, 14-30 жаста ең жоғары сапасына жетеді, сезімтал кезеңдері 6-14 жаста байқалады.
Қимыл дәлдігі қозғалыстың үйлесімдігін көрсетеді, ол қозғалыс талдағышының дамуына байланысты. Балалар 4-5 жаста дәл, нәзік жете қимылдар жасай алады. Мұндай әрекеттік қимыл 6-7 жаста басталып 25-30 жаста максимумға жетеді, оның сезімтал кезі 11-16 жаста болады.
Ептілік-дәл қимыл мен жылдам орындаудан құралады. Бұл 6 жастан кейін басталып, 17 жаста дамиды, оның сезімтал кезі 8-13 жаста өтеді.
Бұлшықеттердің шыдамдылығының дамуы баяу жүреді. Сондықтан 12-13 жасқа дейінге балалар ұзақ жүктемелерден сақтануы керек. Шыдамдылықтың жұмыскерлігінің жақсы қалпына келу қабілеті 7-9 жастағы балаларда білінеді. Ол ең жоғары деңгейіне 16-18 жаста жетеді.
Икемділіктің сезімтал кезеңі 3-8 жастың арасында байқалады.
Гипокинезия мен гиподинамия дененің даму екпінін өзгертеді.
Жас ұлғайған сайын қимыл-тірек жүйесінің қызметі әлсірейді 30 жастағы адамдарда аз қозғалысты өмір сияқты бұлшықеттің күші мен көлемі азаюына әкеледі. Еркектерде бұл андрогендердің азаюына сәйкес келеді.
Қартаю кезінде ерікті қимылдарды, дене қалпын және тепе-теңдікті реттейтін жүйке тетіктерінің әлсіреуімен қатар жүреді.
Жасқа сай қарапайым және күрделі қозғалыс әсерленістерінің мерзімі ұзарады, баяу және сенімсіз қимылдар байқалады. Мұның барлығы қарт адамдардың қозғалыс белсенділігін шектейді. Сондықтан олардың дене жаттығуларының және спорттық қимылдарының көп ерекшеліктері болады.