Мазмұны Кіріспе Палуанның жалпы дене дайындығының құралдары мен әдістерін зерттеу


Дене тәрбиесі ұжымдарына қабылдау



бет13/36
Дата07.02.2022
өлшемі440,5 Kb.
#87380
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36
Байланысты:
2 Сәрсет Мұхамеджан Орынбасарұлы палуан Күрес 5

Дене тәрбиесі ұжымдарына қабылдау. Дене тәрбиесі ұжымына денсаулық жағдайы және қай дәрігерлік топқа жататындығына қарамастан 5-11 - сыныптардың кез келген оқушысы қабылданады. Денсаулығына байланысты секциялық сабақтарға қатысуға рұқсат етілмеген оқушылар ұжымның қоғамдық және ұйымдастыру (төрешілік ету, шахмат, дойбы және т. б. секцияларда есеп жүргізу) жұмыстарына қатысады. Ұжымға кіргісі келетін оқушылар ұжым кеңесіне (советіне) арыз береді.
Қанағаттанғысыз бағасы бар немесе мінез-құлқы нашар оқушылар, өздерінің кемшіліктері мен жетістіктерін, нашар бағасын түзеткенше ұжымдағы жаттығу сабақтарына жіберілмейді. Дене тәрбиесі ұжымының мүшелері ынталы болып, жақсы оқуға, тәртіпті болуға, ұжым секцияларының бірінде жүйелі түрде жаттығуға, жастарына сәйкес таңдап алған спорт түрлері бойынша Президент сынамаларының нормативтерін тапсыруға, жарыстарға қатысуға міндетті [42].
Ұжым кеңес. Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерішң жалпы жиналысы 5 -9 адамнан ұжым кеңесін сайлайды. Кеңес бір жылға сайланып, ұжымның барлық жұмысына басшылық етеді. Дене тәрбиесінің мұғалімі кеңестің құрамына шешуші дауыспен енеді. Кеңес өз жұмысына мектептің ұстаздары мен жетекшілерін тартады. Кеңес өз құрамынан төраға мен хатшыны сайлайды. Кенестің әрбір мүшесіне кеңес жұмысының қайсы бір саласына, мысалы, оқу-спорттық, үгіт-насихат, шаруашылық, көпшіліктік т. б. жұмыстардың біріне басшылық жасау тапсырылады. Кеңес мүшелері бұдан басқа сыныптардағы көпшіліктік жұмыстарды ұйымдастыруға бөлінеді.
Кеңес өзінің отырыстарына топтардың жетекшілерін, команда капитандарын, дене тәрбиесі белсенділерін шақыра отырып, үнемі жиналып тұрады. Кеңес мектеп директоры мен ұжым мүшелерінің жалпы жиналысының алдында жылына кемінде екі рет өз жұмысы туралы есеп береді. Кеңестін есепті баяндамасы жылына бір рет педагогикалық кеңесте тыңдалады. Кеңес бір жыл бұрын өз жұмысы туралы алдағы жылға жоспар жасайды. Жоспар мектептің жылдық жоспарымен байланыста жасалады және оның жеке бір бөлімі ретінде енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет