Мазмұны Кіріспе Палуанның жалпы дене дайындығының құралдары мен әдістерін зерттеу


Күрес спорт түрінен жаттықтыру сабақтарын ұйымдастыру



бет9/36
Дата07.02.2022
өлшемі440,5 Kb.
#87380
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36
Байланысты:
2 Сәрсет Мұхамеджан Орынбасарұлы палуан Күрес 5

1.2 Күрес спорт түрінен жаттықтыру сабақтарын ұйымдастыру
Көпшіліктік күрес спорт жұмыстарының негізгі ұйымдастырушы формасы дене тәрбиесі ұжымы болып табылады. Дене тәрбиесі ұжымының басшылығымен спорттық секция жұмыстар ұйымдастырылады.
Секция жұмысының мазмұны. Күрес секциясы дене тәрбиесі кеңесі мен оқытушылардың басшылығымен өз бетінше жұмыс істейтін студенттердің спорттық ұжымы болып табылады. Секцияның барлық ұйымдастыру және ішкі жұмыстарын жаттықтырушының басшылық етуімен негізінен студенттер күшімен шешілетіндей етіп ұйымдастыру керек. Секцияның бюросы төмендегідей жұмыстарды жүргізеді: секциялардағы топтар мен командалардың жүйелі сабақтарын кесте бойынша дәл уақытында өтуін бақылай отырып және сабақ кезінде қажетті тәртіп пен реттілік сақталатындай етіп ұйымдастырады. Секция ұжым кеңесінің және мұғалімнің басшылығымен секция мүшелерін жарыстарға тиянақты түрде даярлауды қамтамасыз ете отырып, факультет ішілік және университет ішілік жарыстарға топтар мен командалардың қатысуын ұйымдастырады; студенттердің секция мүшелерінің спортқа деген қызығушылығын, жауапкершілік, жолдастық сезімдерін және дене тәрбиесі ұжымына деген мақтаныш сезімін қалыптастыра отырып, олармен тәрбие жұмыстарын жүргізеді [34].
Секция спорттың күрес түрімен айналысатын студенттерді Президент сынамаларының нормативтерін тапсыруға дайындайды, Президент сынамаларын тапсыру барысының есебін жүргізеді және бұл жұмысты барлық жағынан қолдап, насихаттайды. Секция спорттың күрес түрінен Президенттік сынамаларды тапсыру және оған дайындалуға студенттерден арнайы топтар ұйымдастырады. Бұл топқа қатысқысы келген студенттердің барлығы да қабылданып, оларға сабақ өткізетін қоғамдық нұсқаушыларды белгілеп, бөледі.
Күрес спорт түрі бойынша жаттықтыру сабақтарының мазмұны мен бөлімдері.
Әр жаттығу сабағы үш бөлімнен тұрады: 1. Дайындық бөлім; 2. Негізгі бөлім; 3. Қорытынды бөлім деп аталады.
Дайындық бөлімі. Негізгі мақсаты-спортшылардың ағзасын алдағы жаттығуға дайындау. Палуандарды сапқа тұрғызу, кезекшінің рапортын қабылдау, секция мүшелерін түгелдеу және олардың бой жазуы.
Әдетте бой жазу спортшы жәй жүрістен бастайды да, бірте-бірте жүгіруге көшеді. Одан кейін арнайы жаттығулар жасалынады. Дайындық бөлімінде арқанмен, гантельмен гирмен, ядро лақтыру, сондай-ақ акробатикалық жаттығуларды орындауға болады. Келесі бөлімде палуанның еркін болуы бойын жазу дәрежесіне тікелей байланысты. Бойын жазып, денесін қыздырмайынша негізгі бөлімге кірісуге болмайды.
Негізгі бөлім. Басты мақсат-оқу-жаттығу, белдесулер кезінде техникалық әдістерді үйрену, жетілдіру болып табылады. Бойын жазып денесі қызғаннан кейін жаттықтырушы негізгі бөлімде үйретілетін әдісті шәкірттеріне түсіндіреді, бір немесе бірнеше палуанды ортаға шығарып тәсілдерді көрсетеді. Содан кейін барып палуандар әлгі әдісті үйренуге кіріседі.
Қорытынды бөлім. Негізгі мақсат-спортшының ағзасын бірте-бірте бастапқы қалыпқа келтіру. Бұл бөлімнің ережесі бойынша спортшы жәймен жүгіріп, баяу жүріске көшу керек. Бұлшық еттерді босаңсытып, тыныс алуды бірқалыпты жағдайға түсіру шарт. Мерзімді кезінде жаттықтырушы шәкірттерін сапқа тұрғызу, сабақтың қалай өткендігін, кімнің көзге түскендігін айтылады.
Күрес спорт түрінен жаттықтыру сабақтарын ұйымдастыру жолдары төмендегідей үлгімен жүргізіледі [35].
Сабақ мақсаты-негізгі тұрыстарды және кілім үстінде орын ауыстырудың түрлерін және белдесудің әдістерін үйрену, арқан тарту.
Сабақтың жоспары: 1. Палуанның жеке гигенасы: Спорттық киім, құрал-жабдықтар туралы әңгіме. 5-7 минут; 2. Сабақтың дайындық бөлімі 25-30 минут; 3. Сабақтың негізгі бөлімі 60-70 минут: а) негізгі тұрыстарды үйрену-15 минут; б) кілем үстінде орын алмастыруды және белдесуді үйрену-25 минут; г) арқан тарту-10 минут. 4. Сабақтың қорытынды бөлімі-5минут [36].
Дайындық бөлімі бірқалыпты тыныс алып, бөлме ішінде жәй жүруден басталады. Бөлменің екі-үш рет айналғаннан кейін, спортшылар жүрісін тездете бастайды да, бірте-бірте жүгіруге көшеді. Әрбір 30 метрден кейін 10 метрдей қашықтықты қатты жүгіріп өтеді. 3-4 минут жүгіргеннен кейін жылдамдықтарын бәсеңдетіп бірте-бірте баяу жүріске ауысады. Бөлмені айнала жүріп, мынадай жаттығуларды орындайды:

  1. Екі қолды қапталда, саусақты жұмып-ашу 20-25 рет қайталанады;

  2. Екі қолды алға созып, бірін жоғары, бірін төмен алма-кезек серпу 18-20 рет;

  3. Екі қолды алға созып, бір-біріне қайшылай серпу 18-20 рет. Бұл жаттығу тез орындалады.

  4. Екі қолды қапталда ұстап, әр адым сайын оңға, солға иілу. Оң жаққа иілген кезде сол қол қолтыққа, сол жаққа иілген кезде оң қол қолтыққа келеді. 10-15 рет қайталанады.

  5. Екі қолды айқастыра ұстап, денені оңға-солға бұру. 15-18 рет жасау қажет.

  6. Жүру. Екі қолды алға созып алақанды төмен қаратып ұстап, әрбір қадам сайын сол алақанға оң аяқты оң алақанға сол аяқты тигізу керек. 15-18 рет қайталануға тиісті.

Сабақтың негізгі бөлімі. Палуан үшін оның ең қолайлы жағдайы белдесу кезіндегі тұрысы. Белдесу тұрыстары оң қапталмен, сол қапталмен, бетпе-бет тұру болып үшке бөлінеді. Егер палуан оң аяғын алға жіберіп тұрса, бұл оң қапталмен келу, ал егер сол аяғын алға жіберіп тұрса, сол қапталмен, екі аяғын бір сызықтың бойында ұстап тұрса бетпе-бет тұру деп аталады.
Сабақтың негізгі бөлімінде төмендегідей арнайы жаттығулар дамытылады:

  1. Аттас жағынан белдеуінен ұстап орап лақтыру әдісін үйрену.

  2. Қағып лақтыру әдісін үйрету.

  3. Қырынан қағып лақтыру әдісін үйрету.

  4. Алдынан қағып лақтыру әдісін үйрету.

  5. Іліп лақтыру әдісін үйрету.

  6. Сырттан іліп лақтыру әдісін үйрету.

  7. Аяқтың астымен іліп лақтыру әдісін үйрету.

  8. Аяқпен көтермелеп лақтыру әдісін үйрету.

  9. Үйіріп лақтыру әдісін үйрету.

  10. Қос қолға күш салып лақтыру әдісін үйрету.

Cабақтың қорытынды бөлігінде спортшылар бөлме ішінде жай жүріп, тыныс алуын қалпына келтіретін және бұлшық еттерін босаңсытатын жаттығулар жасайды. Спортшыларды таратар алдында жаттықтырушы сабақтың қалай өткендігі туралы өзінің пікірін айтады.
Күрес спорт түрінің жаттықтыру сабақтары төмендегідей тақырыптар бойынша жүргізіліп жаттығушылардың техникасы мен тактикасын жан-жақты дамытады.
1. Қос қолға күш салып лақтыру әдісін үйрету.
Сабақтың мазмұны: Күш дегеніміз – сыртқы қарсылықтарды жеңу қабілеттілігі.
Күрес сәтінде жаттығушылардың белдесу кезінде айрықша күш иық бұлшық еттеріне түседі. Яғни күш ала отырып лақтыру техникасын игеру көп күш-жігерді, тыңғылықты жаттығуды талап етеді. Екі қолмен, бір қолмен, бір аяқпен, белмен тарту әдістері бар Бұл шабуыл жасаушы жаттығушының бәсекелесін өзіне жақын арақашықтықта әдіс қолдануға қолайлы жағдай үшін қолданылады.
Тактикалық дайындық. Қорғанушы қарсыласының белдігінен, қос иыққа күш сала отырып лақтыру әдісін меңгеру қажет. Тізе тік ұстап, бүгілмеуі керек.
2. Тепе-теңдіктен итеріп тайдыру әдісін үйрету.
Сабақтың мазмұны: Жаттығушылардың кілем үстінде тез немесе ыңғайлы қимылдауын қамтамасыз ететін кез келген сәтте әдіс қолдануға мүмкіндік туғызатындай болуы керек. Негізінен ол оң-сол қапталмен, аласа, биік, орташа тұру болып бөлінеді. Егер сол аяқ алда жүрсе, сол қапталмен, оң аяқ алда жүрсе оң қапталмен тұру деп аталады. Екі аяқтың бір сызықтың бойында тепе-теңдікте орналасуын бетпе-бет келу дейміз. Ал тізе буыны көбірек бүгілсе оны аласа, аз бүгілсе орташа, ал тізе буынының сәл ғана бүгілуін биік тұру деп атаймыз. Бірнеше жыл бойына күреспен айналысу барысында әр жаттығушының өзіне тән белдесуге тұру әдісі қалыптасады. Белдесуде әрбір жаттығушы өз тепе- теңдік тұру қалпын сақтамасы жеңіске жету, болмаса жаттығудың дұрыс орындалуы мүмкін емес.
Жаттығушының тепе-теңдік қалпынан шығатын тәсілі. Жеңнен, белбеуден, мойыннан ұстай қолданатын жұлқу әдістері бар.
3. Шалып лақтыру әдісін үйрету [37].
Сабақтың мазмұны: Шалу әдістері өзінің тәжірибелік мәні жағынан қазақша күрестегі ең күрделі іс, ол әдістер тобы. Бұл әдістер негізінен аяқты шалу арқылы орындалады. Аяқтан шалу әдістері іштен, сырттан, қапталдан, қырқа шалу болып бірнешеге бөлінеді. Аяқтан шалу әдістерін орындау үшін алдымен қарсы жаттығушыны тепе-теңдік қалпынан шығарып, оның бір аяғының кілемнен көтерілуін қамтамасыз ету. Осындай сәтте аяқтан шалынған екінші аяқ та кілемнен көтеріліп, жаттығушының құлауына жағдай туғызады. Ол үшін көптеген тактикалық әдіс-тәсілдер бар.
4. Алдынан шалу әдісін үйрету.
Сабақтың мазмұны: Бұл күрес әдістерінің бір түрі Қазақша күресте көбінесе аяқпен іштен немесе сырттан шалып жығу әдістері бар. Палуанның аяғы шалынған кезде шабуыл жасаушы кеудесімен, иығымен қағып оны сүріндіріп құлатады. Аяқпен іштен шалу әдістері қарсы палуан екі аяғының арасын алшақ ұстаған кезде оны жығу үшін қолданылады. Мұндай сәтте шабуыл жасаушы оны өзіне қапсыра тартып, аяқтан шалып жығу жолдарын іздейді. Яғни аяғын қарсы жаттығушының аяқтарының арасына қойып, тізе буыны тұсынан аяқпен шалып құлату сәтіне келеді. Содан кейін ол қарай сәл-пәл еңкейіп, бәсекелесін сүріндіріп құлатады.
5. Арқадан асырып лақтыру әдісін үйрету.
Сабақтың мазмұны: Қазақша күрестегі арқадан асырып тастау әдісі өзінің техникалық күрделілігі жағынан ең қиын әдістердің бірі болып табылады. Арқадан асырып тастау әдісін жақсы меңгерген палуандар көп жағдайда таза жеңістерге жетеді.
Арқадан асырып тастау әдісі негізінен мынадай элементтерден тұрады.
1. Ұстасу. 2. Арқаны бәсекелесіне қарай бұру. 3. Бәсекелесті кілемнен көтеру.
Арқадан асырудың арнайы жаттығулары.
1) Оң жақпен тұрып, оң аяқты алға жіберіп, сол аяққа қарай айналу. Тізе буындары сәл бүгіледі, алты-сегіз реттен қайталанады.
2) Оң иықпен сол тізеге қарай бүгілген тізе буынын жазып, соның екпінімен аяқты жерден көтеру.
3) Кілемнен көтеріліп, алға қарай оңжақ жауырынымен айналып түсу.
4) Оң жақпен қырындай тұрып, жеңнен, белдеуден ұстап, арқа бере бұрылып, салмақты алға жібере арқадан асырып тастау.
6. Жеңнен және жағадан ұстап арқадан асырып лақтыру әдісін үйрету.
Сабақтың мазмұны: Әдісті қолдану үшін қарсы палуанның еңкейген сәтін дәл пайдалану керек. Көбінесе бұл орта қашықтықта қолданылады. Шабуыл жасаушы бәсекелесін өзіне әрі-бері жұлқи тартып, жағадан сәл жоғары көтеріп, шалатын аяғын ішке өткізеді де тез еңкейіп,орындалады.
Тактикалық дайындық. Қарсы жаттығушының әрі-бері жұлқып, қандай әдісті қолданылатындығын байқатпау.
Жіберілетін қателер.
1. Бәсекелесінен тым қашықтап не жақындап кету.
2. Бәсекелесін кілемге тірелген аяғы жаққа қарай итеру.
3. Әдіс қолданған кезде аяқты жоғары көтермеу.
Қорғаныс.
1. Шалатын аяқ жақтағы белдіктен ұстау.
2. Шегініп кету.
3. Тізе арасын қосып, шалатын аяқты сыртқа өткізбеу.
Қарсы әдістер.
1. Сәл төмен отыра қалу.
2. Аяқтың сыртынан шалу.
3. Аяқты сыртынан тіреу.
7. Қолды қолтықпен қысып арқадан асырып лақтыру әдісін үйрету.
Сабақтың мазмұны: Бұл әдісті бәсекелестердің тізені бүгіп аласа тұрған жағдайда орындауы қолайлы. Шабуыл жасаушы жаттығушы бәсекелесінің қолын қалтықтан қыса ұстап өзіне қарай жұлқи тартады да оны тепе-теңдік қалпынан шығарады. Сөйтіп, оңға не солға қарай оқыс бұрылып, арқаны бере айналып түседі. Арқадан асырып тастау әдістерін үйренудің ең оңай түрі қолдан ұстап қолтықпен қыса орындаған ыңғайлы.
Жіберілетін қателер.
1. Бәсекелесті кілемнен көтере алмау. Бұл жаттығушының арқасымен бұрылуға кедергі жасайды.
2. Тізе буынын ерте жазу.
3. Жамбасты ішке сұғына енгізу. Бұл үлкен бұрылыс туғызып, әдістің дұрыс орындалуына кедергі жасайды.
8. Қолын иыққа салып лақтыру әдісін уйрету.
Сабақтың мазмұны: Жаттығулар барысында жаттықтырушы шәкірттеріне барлық әдістерді үйретуге міндетті. Бірақ, сабақ барысында бір жаттығушының белгілі бір әдісті жақсы қолдана алатындығы байқалса, оны әрі қарай дамытуға баса назар аударған жөн. Үйренген әдістерді қолдану арпалысқан алыс үстінде өтеді. Қолын иыққа салып лақтыру әдісін үйрету үшін жаттығушының негізгі тұрысын сайлау қажет. Сондықтан да жаттығулар кезінде әдістерге қоса, комбинациялар, тактикалық тәсілдер де қатар үйретіледі, мұнысыз табысқа жету қиын.
Қолды иыққа салып лақтыру әдісін меңгеру үшін оң жақпен қырындай тұрып, жеңнен ұстап, арқа бере бұрылып, салмақты алға жібере арқадан асырып тастау. Бұл әдісті қолданған кезде екпінді бәсеңдетпей ауада айналып, кілемге тік түсуге болады. Жаттығу кезінде иықтан асырып тастау әдістерін оң және сол иықтан орындап үйренген жөн [38].
9. Кеудеден асырып лақтыру әдісін үйрету.
Сабақтың мазмұны: Бұл- күрес тарихында өте ертеден қолданылып келе жатқан әдістер тобы. Бәсекелесін кеудеден асыра лақтыру үшін палуанның өзінің омыртқа буыны иілгіш, әрі күшті болуы керек.
Ал белдіктен ұстап, шалқалай иіліп кеудеден асыра лақтыру кезінде оң аяқтарын алға жіберіп, біріне-бірі қарсы тұрады. Осы сәтте шабуыл жасаушы палуан оң аяғын ішке енгізе алға ұмтылады да, сол аяғын да оның тұсына апарады.
Жіберілетін қателер.

  1. Белдіктен нашар ұстау.

  1. Жоғары көтерілгенде қолмен демей білмеу.

Кеудеден асыра лақтыру әдісін үйрену үшін арнайы жаттығулар тобы.
1) Белдіктен ұстап, бәсекелесінің ішіне ену.
2) Ішке сұғына еніп, кілемнен көтеру.
3) Артқа қарай иіліп құлау.
4) Түрегеп тұрып, артқа қарай шалқалай құлап, ауада айналып түсу.
5) Түрегеп тұрып, аяқтың екі арасында доп ұстап, артқа қарай шалқалай құлап, айналып түсіп, допты лақтырып жіберу.
10. Қолмен денеден ұстап, шалқалап лақтыру әдісін үйрету.
Сабақтың мазмұны: Шабуыл жасаушы жаттығушы бұл жерде қарсыласын екі қолымен денеден мықтап ұстайды. Ішке ене оң аяғын көтеріп, қарсыласының аяқтарын көтеруіне жағдай туғызады да, өзі де жоғары көтеріле беріп, бір аяғына отырады. Осы әдістің орындалуы кезінде шабуыл жасаушы жаттығушының жоғары көтерілген аяғы қарсыласы асып түсетіндей кедергінің міндетін атқаруы керек. Денеден ұстаған қолдарын босатпай оң не сол қапталға қарай бәсекелесімен бірге кілемге құлайды.
Жалпы спорт түрі бойынша жаттықтыру сабақтарын жүйелі түрде ұйымдастыру сабақтың тиімділігін арттырып, жаттығушылардың дене даярлығын жан-жақты дамытады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет