Байланысты: 2 Сәрсет Мұхамеджан Орынбасарұлы палуан Күрес 5
2 Спорттық үйірмелерде палуандардың дәрежелерін көтеру жолдары 2.1 Дайындық жұмыстары және үйірмені ұйымдастыру Мектептегі спорттық – көпшіліктік жұмыстарды ұйымдастырудың түрлері. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру оны табысты дамытуға елеулі үлес қосады. Сабақтан тыс кезде өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар мектептегі дене тәрбиесі ұжымының секцияларында оқушылармен өткізілетін сабақтар түрінде де және дене тәрбиесі ұжымының басшылығымен сыныптарда немесе мектептің барлық оқушыларымен өткізілетін көпшіліктік шаралар түрінде де ұйымдастырылады. Мектеп осы жұмыстардың арасында дене тәрбиесі мен спорттан жұмыстар жүргізетін және оқушылардың дене тәрбиесін алдағы уақыттарда жақсартуға көмек беруі арқылы танылған мектептен тыс мекемелерді кеңінен пайдаланады. Мұндай мекемелерге бірінші кезекте: жасөспірімдердің спорт мектептерін, оқушылардың қалалық және аудандық үйлері мен сарайларын, қалалық және аудандық балалар парктерін, балалардың спорттық стадиондарын және басқаларды жатқызуға болады.
Мектептен тыс мекемелердің міндеттеріне өсіп келе жатқан жас ұрпақка адамгершілік және жан-жақты тәрбие беру ісі бойынша мектепке кең көлемде көмек беру жұмыстары жатады. Сыныптан тыс көпшіліктік және оқу-спорт жұмыстарының кең көлемде қанат жаюына мектепке демеушілік ететін ұйымдар, бірінші кезекте ерікті спорт қоғамдары үлкен көмек бере алады. Мәселен, Искра, Динамо, Қайрат, Спартак және басқа да осы сияқты спорт қоғамдарының тәжірибелері мектептегі спортты жаппай дамыту мен жақсартуға қамқорлық жасап келе жатқандары толық көрсетіп отыр.
Ең ақыры, оқушылардың тұрмыс тіршілігі мен оқу еңбегіне дене тәрбиесін енгізуге оқушылардың ата-аналары мен мектеп мұғалімдері де үлкен көмек көрсете алады.
Сыныптан тыс дене тәрбиесі ұжымының жалпы жұмыс жоспары
І.Оқушы-белсенділердің мәжілісін өткізу.
2.Ұжым кеңесінің жаңа құрамына кандидаттар ұсыну жөнінде мектептегі оқу ісі бөлімімен келісу.
3.Секцияға жазылу туралы хабарландыру әзірлеу.
4.Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерін кайта тіркеуден өткізу.
5. Дене тәрбиешілері мен сынып жетекшілері арқылы дене тәрбиесі ұжымының жаңа мүшелерін тіркеу.
6 .Ұжымның құрамындағы оқушылардың жиналысын өткізу және дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің жаңа құрамын сайлау.
7 ¥жым кеңесінің жаңа құрамының жиналысын өткізу жэне олардыц міндеттерін өзара бөлу.
8 Мектепте мынадай секциялар ұйымдастыру .
9 Секция жұмыстарының кестесін құрастыру. Кіші топтарымен жүргізілетін жұмыстар бойынша қоғамдық нұсқаушылар белгілеу.
10.Спорт алаңын толық жабдықтау және жеке-командалық біріншілігі бойынша жеңіл атлетикадан күзгі жарыстарды ұйымдастыру: а) 5-б-сыныптар:60 м-ге жүгіру, ұзындыкка секіру, гранат лақтыру, 10x40 м-лік эстафета жауапты ...; ә) 7-8-сыныптар: 100 м-ге жүгіру, биіктікке секіру, гранат лақтыру, 10x40 м-лік эстафета -жауапты ...; б) 9-11-сыныптар: 100 м-ге, 500-1000 м-ге жүгіру, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру, гранат лақтыру, ядроны сермеп итеру, үлкен (кіші) эстафета— жауапты ....
Сыныптан тыс жұмыс түрлері және жұмыс жасау. Секция мүшелерінің және дене тәрбиесі кеңесі мсн мұғалімдердің басшылығымен өз бетінше жұмыс істейтін оқушылардың қоғамдық ұжымы болып табылады. Секцияның барлық ұйымдастыру және ішкіжұмыстарын мүғалімнің басшылық етуімен негізінен оқушылар күшімен шешілетіндей етіп ұйымдастыру керек.
Сыныптап тыс жұмыстың түрлері: секциялардаіъі топтар мен командалардың жүйелі сабақтарын кесте бойынша дәл уақытында өтуін бақылай отырып жөне сабақ кезінде қажетті тәртіп пен реттік сақтайтындай етіп ұйымдастырады. Секция ұжым кеңесінің және мұғалімнің басшылығымен секция мүшелерін жарыстарга тиянақгы түрде даярлауды қамтамасыз ете отырып, жекеменшілік жәнс мектептен тыс жарыстарға топтар мен командалардьш қатысуын ұйымдастырады оқушылардың, секция мүшелерінің спортқа деген қызығушылығын, жауапкершілік, жолдастық сезімдерін жәес мектеп дене тәрбиесі ұжымына деген сезімін қальпттастыра отырып, олармен тәрбие жұмыстарын жүргізеді [41].
Жұмыс жүргізу жолы 1. Дене тәрбиесі мен спортқа окушыларды көптеп тартып, оларды Президеит сынамаларын тапсыруға даярлау.2.Оқушылардың денсаулығын жетілдіру, сабақ үлгерімін артыру жүзеге асыру бойынша мектепке қолғабыс тигізу З.Сабақтарда оқушылардың ашан білімі мен дағдыларын жетілдіру, спортпен жүйелі түрде айналысуға деген олардаң ұмтылысын туғызу. 4 Оқушылар арасында қоғамдық дене тәрбиесі белсенділерін: дене тәрбиесі ұйымдастырушыларын, қоғамдық нұсқаушыларды, команда капитандарьш, спортың әр түрі бойынша төрешілерді және өзге де басқару белсенділерді даярлау. 5. Оқушылар мен олардың ата-аналары арасында деес шынықтыру мен спортты үгіттеу және насихаттау.