Байланысты: 2 Сәрсет Мұхамеджан Орынбасарұлы палуан Күрес 5
Машықтанудың физиологиялық маңызы. Машықтанудың негізгі мақсарты-сауықтыру. Оның негізгі тәсілдері-адамның тірліктік күйін жоғары деңгейде жақсарту және сақтау үшін әртүрлі қозғалыс әрекеттерін пайдалану. Машықтану нәтижесінде организмде көптеген құрылымдық және әрекеттік бейімделу өзгерістері туады. Олар әуелі әралуан жүктемеге жедел бейімделу түрінде өтеді.
Бұлшықеттерге жүктемелер қайталанған жағдайда оның негізінде ұзақ мерзімді икемделу қалыптасады. Мұның тұрақтылығы тұлғалық жүктемелерге машықтанғандықты көрсетеді. Ол жоғары тірліктік пәрменді және оны жүктемеге сәйкес жоғары деңгейде, әрі үнемі өткеруге мүмкіндік береді. Осыған орай, дене сымбаты мен кәдік түрткілерге төзімділік қалыптасады.
Жоғары деңгейге жету биохимиялық және физиологиялық үрдістердің тектік ерекшеліктеріне, ОЖЖ әрекеттік белсенділігіне, нейро-гуморалдық реттеліс қабілетіне байланысты болады. Қимыл жүктемелеріне бейімделісіне иммундық жүйе тікелей қатысады. Сөйтіп, машықтануды жүйке, эндокриндік және иммундық жүйелердің бірлестірілген үйлесімді іс-әрекеті қамтамасыз етеді.
Ауыр спорттан, қажыттатын әлеумет жүктемелерден иммунодепрессия пайда болады. Ол психоэмоциялық күйзелістің белгісі болып есептеледі.
Жаттығулардан жүрек массасы ұлғаяды, ол 40% қалыпты жағдайда үнемді жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.
Қозғалыс іс-әрекетін қамтамасыз ететін әрекеттік жүйе тынысалу және қан жүйелерін іске соқады.
Тынысалу жиілейді және тыныстық көлем тереңдейді, өкпенің ауа алмастыратын беткейлік ауданы өседі, альволярлық желдетілісі ұлғаяды, одан оттегін тұтыну 3-4%-дан 4-5%-ға дейін артады.
Жаттығулардың нәтижесінде денешынықтыру тыныштық жағдайда тынысты үнемді атқаратын ОЖЖ-де динамикалық стереотип қалыптасады. Тыныс жиілігі жаттығулар кезінде сирейді (11-14 рет/мин), ол шынықпаған адамдарда 16-20 рет/мин болады. Қанда эритроциттердің саны азаяды, миогендік ликоцитоз байқалады.
Тынысалу бұлшықеттерінің екпінді қозғалысы жүрекке қанның қайтып оралуын қамтамасыз етеді. Тынысалу және қанайналымы жүйелерінің үйлесімді әрекеттінен тіндерді оттегімен тиімді эритроцитоз болғандықтан ұлғаяды. Оны қан түзетін ағзалардың жоғары қызметі жүзеге асырады.
Қанның оттегін сиымдылығы қалыпты деңгейінен (18-20%) шамалы ғана (1-2%) ұлғаяды. Алайда О2көп мөлшерде тұтынғандықтан, оның артерия мен вена тамырларындағы айырмашылығы өседі. Белсенді қозғалыс кезінде бұлшықеттердің және ішкі ағзаларда жиналған зат алмасу өнімдері хеморецепторлар арқылы тынысалу орталығының жұмысын күшейтеді.
И.Я.Аршавскийдің айтуынша, «бұлшықеттің энергиялық ережесіне сәйкс вегетативтік деңгейі қозғалыс белсенділігіне тікелей тәуелді келеді.
Жаттықпаған ер адамдарда ОМТ орта шамамен 3-3,5 л/мин (45-50 мл/кг х мин) болса, әйелдерде- 2-2,5 л/мин (35-40мл/кг х мин) болса, спорттық жаттығуларда ол екі есе өседі: мәселен, қашықтыққа жүгірушілерде: 5-6 л/мин (80 мл/кг х мин), ал шаңғышы әйелдерде-4 л/мин (70 мл/кг х мин) аса болды.
Спортшылардың тынысалу жиілігі сирек, тыныстық көлемі денесі шынықпағандардан артық болады. Мұны: 1) өкпе көлемі ұлғаюы; 2) тынысалу бұлшықеттерінің күші мен шыдамдылығының артықтығы; 3) кеуде қуысы мен өкпенің созылғыштығы және 4) жолдарында ауа тасқынына кедергінің төмендігі қамтамасыз етеді.
Өкпе желдетілісінің нәтижелілігі сыртқы тыныстың шыдамдылығы машықтанғандығын көрсетеді. Сонымен тынысалу жүйесінің шыдамдығы машықтандырудың басты нәтижесі:
- өкпе көлемдері мен сиымдылығының ұлғаюы;
- сыртқы тыныстың алымы мен нәтижелілігінің артуы;
- өкпенің диффузиялық қабілетінің өсуі.