Сөйлеу дегеніміз – тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау процесі. Сөйлеу адамзатқа тән құбылыс болғанымен, ол даралық қасиетке ие. Даралық адамның қарым-қатынаста тілді пайдалануымен көрінеді (сөздік қорынан, грамматикасы мен лексикасынан т.б.). Сөйлеудің даралық қасиеті оның құрылысы мен айтылуынан т.б. байқалады. Кейбір адам тіл дыбыстарын анық, түсінікті, көтеріңкі айтса, екіншілері түсініксіз, сылбыр сөйлейді, үшіншілері тез абыржып баяндаса, төртіншілері асықпай, ойланып барып пікірін білдіреді. Кейбір тұтықса, кейбірі сақауланып сөйлейді. Сөйлеу адам ойлауының негізгі және жеке тұлғаның ойлау әрекетін сыртқа шығару құралы болып туады. Адам сөз арқылы өз ойы мен эмоциялық күйін білдіреді. Сөз басқа кісілердің белгілі бір сезімі мен эмоцияларын тудырады. Сөз – екінші сигнал жүйесі, адамның қиял, ес, процестерін ерік қуаттары мен мінез бітістерін реттеуші болып табылады. Сөйлеу процесі іс жүзіне асу үшін сөйлеуші мен тыңдаушы жақ қатысуы тиіс. Сөйлеуші өз пікірін сөздерді грамматикалық байланысқа түсіре отырып, тыңдаушыға жеткізеді.[30]
Тыңдаушы сөйлеушінің айтқан ойын қабылдайды, нәтижеде өз әрекетін ұйымдастырады. Пікір алысу үшін қарым-қатынасқа түсушілер арасында ортақ объект болуы тиіс. Екі жаққа бірдей қажеттерін өтейтін құрал – қалыптасқан тіл мен сөйлеу ережелері.
Сөз белгілі хабарды жеткізу мақсатында зат не құбылыс атауын, қимылды, сапа-белгіні, қалыпты, санды т.б. білдіруі қажет. Сөйлеудің бұл функциясын сигнафикативтік деп атайды. Қарым-қатынас процесінде адамдардың бірін-бірі түсінуі сигнафикацияның бірлігіне негізделген. Бұл процестің іске асуын сөйлеуді үйретудің алғашқы кезеңінде оңай аңғартуға болады. Тілі жаңа шығып келе жатқан сәбиге заттың не құбылыстың өзін не суретін көрсетіп тұрып айтсаңыз сөз мағынасының нені білдіретінін ұғады.
Жалпылау сөйлеудің екінші функциясы сөз және затты ғана білдіріп қоймайды, бір-біріне ұқсас заттар тобын да білдіреді.Сөздің бұл функциясы ойлау процесімен тығыз байланысты. Сөйлеу – абстрактылы-логикалық ойлау үшін неғұрлым адекватты ойдың өмір сүру формасы.
Сөздің үшінші функциясы – коммуникация. Бұл ой-пікірді, білімді, сезімді т.б. сыртқа шығару, егер сөйлеудің алдыңғы екі функциясы ішкі психикалық іс-әрекет болса, коммуникативтік функция – басқа адамдармен сөз арқылы қатынас жасауға бағытталған әрекеті. [31]
Сөйлеудің коммуникативтік қызметі үш түрге бөлінеді: информациялық, баурағыштық және ырықты білдіру. Сөйлеудің информациялық сипаты айтушы не жазушының айтайын деген ой-пікірін толық мәнін жеткізетін сөз, сөз тіркесін, сөйлемді таба білуді талап етеді. Сонда ғана тыңдаушы мен оқырман да, қабылдаушы адам да нақ осындай пікірде болады. Сөйлеудің информациялық сипаты мектептегі сабақ барысында, білім беруде рөл атқарады.
Сөулеудің баурағыштық сипаты айтушының өз пікірі мен сезімнің мәнділігі және тыңдаушыға деген қатынасын айқындайды. Мысалы, екі дос оңаша сырласқанда биязы, жұмсақ, елжіреңкі шықса, ал ресми әңгімеде дауыс сыпайы, бір сарынды естіледі.Ішкі мақсатты оймен орайласа айтылған асқақ сезімді, аянышты халді білдіретін сөздер тыңдаушыны баурап алады.
Ырықты білдіре сөйлесу де сөйлесушінің даусы ырғағы екпінді шығып, бұйрық мәнде айтылып тыңдаушының өз мақсатына бағындыруды көздейді. Дауыс қаттырақ, жігерлі айтылады, кейде көтеріңкіде естіледі.
Тілдің қатынас құралы болып қызмет атқаруы сөйлеу формалары арқылы жүзеге асады. Пікір алысудың нақтылы мақсатына қарай сөйлеу түрлі ерекшеліктерімен көрінеді. Осыған байланысты сөйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді. Олар іштей және сырттай болып бөлінеді. Сырттай сөйлесу, ауызша сөйлесу және жазбаша сөйлесу болып, ал ауызша сөйлесудің өзі диалогты, монологты болып екіге бөлінеді.
Диалогты сөйлеу екі немесе бірнеше адамның тікелей қарым-қатынас жасауы. Бұл – сөйлеудің қарапайым түрі. Біріншіден, диалог – қуатталып отыратын сөйлеу. Тыңдаушы әңгіме үстінде түсінбеген нәрсесін анықтау мақсатында қолма-қол сұрақ қояды. Бұл жағдайда сөйлеушінің өз ойын түгел айтып беруіне, сөз болып отырған затқа қатынасын білдіруіне және тыңдаушыға сөзін толық түсіндіре алуына мүмкіншілік туады. Екіншіден, диалог сөйлеушілердің әлденеге тебіреніп сөйлеп, бір-бірін еліктіріп әкету жағдайында өтеді.
Әңгіме болып отырған ұғымды түсіндіруге сөйлеушінің мимикасы мен понтомимикасы жәрдем береді, сөйлеушінің көз нұры, қабақ қозғалысы, күлкісі, жымиюы, даусының интонациясы т.б. шаралар – оның айтқан пікірін тыңдаушылардың түсінігін жеңілдетін фокторлар. Мұндай шаралар сөздің мағынасын тереңдетуге, кейде тіпті ол мағынаны өзгертіп жіберуге де әсер етеді.
Диалогты сөйлеу синтаксистік құрамы жағынан жай, толымсыз, сұраулы және лепті сөйлемдер мол қамтылады. Сөз тптарынан одағай шылаулар көп кездеседі.[32]
Сөйлеудің анағұрлым күрделі түрі – монологтік сөйлеу. Монологті сөйлеу дегеніміз – бір адамның өз ойын, пікірін ұзақ уақыт жүйелей, сабақтай баяндауы. Ол баяндама, әңгіме ұзақ сөйлеу формасында көрінеді. Монологты сөйлеу диалогты сөйлеу негізінде дамиды. Диалогтың сөйлеуде бір сөйлеуші хабарлап отырған материалдың көмегімен ұлғаюы біртіндеп жаңа сапаға жеткізіледі, яғни монологты сөйлеуді туғызады.
Монолог сөзге тән кейбір психологиялық ерекшеліктер:
монолог алдын-ала даярлықты тілейді.Белгілі жоспар құрып, сөйлеуші өз сөзін басшылыққа алып, ой-пікірін жүйелі баяндауға тырысады. Монолог ой жүйесінің бұзылғанын көтермейді;
монологтың мағыналы жағы мен оны тыңдаушысын баурап алатын тартымдылығы жағынан қатаң талаптар қойылады;
монолог сөз адамға әсер ететін сөздің мәнерлілігін (сөзді мәнісіне келтіріп айту) көбірек қажет етеді;
монологты құрайтын сөйлемдер грамматикалық талаптардан ауытқымайды.
Монологты сөйлеу диалогты сөйлеуге қарағанда сөздің мағыналық жағын сапалық жағынан елеулі өзгерістерге ұшырайды. Монологты сөйлеу – байланысты, тұжырымды болып, логикалық ойға қойылатын дәйектілік сияқты талаптарға бағынады.
Монолог сөйлеудің қарқыны мен үніне бірқатар талаптар қойылады. Диалогта аңғарылмайтын шапшаң сөйлеу, міңгірлеу, бірсарындылық монологта аса айқын байқалып тұрады. Монологтың мағыналық жағы оның иыңдаушысын баурап алатын тартымдылығымен ұштасу қажет. Тартымдылық дауыстың әсерлі болуын қалайды.
Мектеп табалдырығын енді аттаған бала монологты сөйлей алғанмен, монологты сөйлеуге күнделікті оқу-тәрбие жұмыстарында үйренеді.Мектепте түрлі бағдарламалар жасау, сыныпта газет шығару, мазмұндама, шығарма жаздыру, сахнада өнер көрсету, оқыған кітаптар жөнінде пікір алмасу, мектеп жиынына дайындалу, мектеп радиосында сөйлеу т.б. жұмыстарды орындау барысында монологтысөйлеу машықтары қалыптасып, беки береді.[33]
Қоғам өзінің даму деңгейі жоғарлаған сайын өз қажеттілігін қанағаттандыратын сөйлеу түрін дүниеге келтіреді. Сондай сөйлеудің ерекше түрі – жазбаша сөйлеу. Ұлы ұстаз А.Байтұрсынов «Біздің заманымыз – жазу заманы, жазу мен сөйлесу ауызша сөйлеуден артық дәрежеге жеткен заман», - деп бекер айтпаған.[2] Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуге қарағанда күрделі процесс. Ол – сыртқы құрылысы мен қызметінің тәсіліне қарай ауызша сөйлеуден құбылыс.
Жазбаша сөйлеудің қиындығы мынада:
Диалогті сөйлеу екі немесе бірнеше адамдар арасында болса,жазбаша сөйлеу - әңгімелесуші, пікір алысушысы жоқ деп ақө қағаз арқылы өзмен-өзі не қиялдағы адамымен сырласуға бағытталған сөйлеу.
Жазбаша сөйлеу ойлаудың мазмұнын тілдің бұрыннан қалыптасқан дыбыстық жүйесімен емес, тілдің гафикалық таңбалары арқылы беріледі. Міні, сондықтан көрнекті психолог А.С. Выготский жазбаша сөйлеуді – сөйлеудің алгебрасы деп бекер айтпаған.
Оқушының қиындығы мол жазба жұмыстарына қызықтыратын ішкі мотивтерінің қалыптасуы.
Бастауыш сынып оқушыларының ойлауы негізінде нақтылы келеді. Теориялық ойлары әлі қалыптаса қоймағандықтан сөздің логикалық жағына, жазылатын оқиғаның, құбылыстың себеп-салдарлық байланысын дұрыс жазып бере алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |