Мазмұны Кіріспе Сөйлеу және сөздік қор ұғымдарына сипаттама



бет7/12
Дата04.07.2020
өлшемі353 Kb.
#74884
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
2. Умарова Гульнора

Ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеу түрлері бір-бірімен тығыз диалектикалық байланыста болады. Өйткені бұл сөйлемдердің физиологиялық негізі бар. Ол ми жарты шаралары қабығындағы екінші сигнал системасының механизмдері. Бірақ ауызша сөйлеудің негізіне есту түйсігі жатады. Сондықтан қазақта «Жыл атасы тұяқ, сөз атасы құлақ» деп бекер айтпаған, ал жазбаша сөйлеуде көру түйсігі мен кинестизиялық түсініктердің атқаратын рөлі ерекше. Мұнан жазбаша сөйлеудің қалыптасуына ауызша сөйлеудегі түсініктердің қатынасы жоқ екен деген ой тумайды.[34]

Адамдар бір-бірімен қарым-қатынасты жоғарыда көрсетілген сөйлеу формалары арқылы жасайды. Бірақ олардың өзіндік ерекшеліктеріде бар. Мысалы, бірден белсенділік (диалог, пікірталас, айтыс т.б.) көрсетеді. Ал жазбаша сөйлеуде қарым-қатынасқа түсу талап етілмейді. Ауызша сөйлеуде айтушымен тыңдаушының ойды, пікірді айту үстінде түсінуді талап етеді. Кең ойланып отыруға, пікір қорытып отыруына ұзақ уақыт берілмейді. Ал жазбаша сөйлеуге жазушының айтпақ пікірін ойланып ұзақ ой елегінен өткізуге мүмкіншілігі бар. Ауызша сөйлеуде, айтқанда екінші рет қайталауға мүмкіншілік бар. Тыңдаушыға әсерлі болуы үшін интонация, мимика (бет қозғалыстары), понтомимика (дене қозғалыстары) т.б. әсерлі қимылдар пайдаланылады. Ал жазбаша сөйлеуде мәтін мазмұнын оқушыларға түсіндіруге арналған мұндай қосымша құралдар жоқ. Міне сондықтан адам ой-пікірін жазбаша түрде бергенде ауызша сөйлеуге қарағанда анық та дәл, кең де жүйлі бере білмесе, түсінуге қиын соғады.

Ауызша және жазбаша сөйлеу тіл материалдарын пайдалану жағынан да айырмашылықтары бар. Ауызша сөйлеу еркін, кейде қалыптасқан тіл нормасынан ауытқитын сөйлеу түрі. Жазбаша сөйлеу – көркем-әдеби, монологты сөйлеу – нормаға түсірілген тұрақты сөйлесу түрі. Жазбаша, ауызша сөйлеуге қарағанда грамматикалық талап – нормаға сай сөйлеу формасы.

Жазбаша сөйлеудің ауызша сөйлеуден тағы бір айырмашылығы: ол синтаксистік, сөздік, жеткізу құралдарының, ерекшелігі мен сөйлеу типі. Ауызша сөулеу синтаксисі құрылысы жағынан жазбаша сөйлеуге қарағанда анағұрлым қарапайым. Онда көбінесе жай сөйлемдер пайдаланады. Мұны сөйлеудің жеткізудің физиологиялық, психологиялық жағдайлармен түсіндіруге болады. Әрбір аяқталған ойды демді алып шығарғанша айтуға тырысамыз. Жазбаша сөйлеуде сөйлемдердің кез келген түрлері, кез келген көлемде қолдана береді.[35,36]

Бұл екі сөйлеу түрлерінің мәнерлігі жағынан айырмашылығы бар. Мәнерлеп оқу дегеніміз – дауыс интонациясы арқылы айтушы өз ойын білдіру, мазмұнды ой-пікірін дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды оқи білу деген сөз. Ауызша сөйлеудің мәнерлігі тыңдаушының айтылған ойды дұрыс қабылдап, нақтылы түсінудің ең басты талаптарының бірі. Бұл сөйлеу түрінде мәнерлеп сөйлеу құралдары: дауыс күшін көтеру не бәсеңдету, қажетті сөзге, не сөз тіркестеріне екпін түсіру, негізгі ойды білдіретін сөзді ерекше айту, кідірістер жасау, мимика т.б. қолданылады.

Ауызша сөйлеудің мәнерлігі оның ой-пікірді білдіру құралы ғана болып қоймай, сонымен бірге көз жеткізудің үлкен құралына айналдырады. Жазбаша сөйлеудің мәнерлігі лексиканың аса талғампаздықпен таңдалуы, сөйлемді одағайдай құруы, мәтіннің дұрыс тарауларға, қайырымдарға бөліну жолымен жасалады. Сонымен қатар, мәнерлілік құралдарына курсив, астын сызу, сұрақ, леп белгілерімен, көп нүктелер жатады. Бұл құралдардың негізгі мақсаты мәтіндегі негізгі ойға оқушының назарын аудару.

Көркем әдебиет тілдің көркемдегіш құралдарын кең тілде пайдаланады. Көркем шығарманы мәнерлеп оқуды үйрету қажет. Мектепте мәнерлеп оқуға көп көңіл бөлуі тиіс, тек оқу сабақтарында ғана жүргізіліп қоймай, сонымен бірге, қазақ тілі сабақтарындада пайдаланылған дұрыс. Бастауыш сыпып кезеңінен бастап балаларды мәнерлеп оқуға ғана емес, мәнерлеп сөйлеуге жаттықтыру керек.Жалпы ауызша сөйлеуге үйрету барысында мұғалім оқушы тілінің мазмұнын ғана қадағалап қана қоймай, сөйлеу мәнеріне, интонациясына, сөз қолдануына да көңіл бөледі.

Оқытудың алғашқы басқышында оқушылардың ауызша сөйлеуі жазбаша сөйлеуінен мазмұнды болады. Оқыту процесінде ауызша сөйлеу негізгі рөл атқарады. Балалар жаңа білімді көбіннше мұғалімнің ауызша сөйлеуі арқылы меңгереді. Оқу мен жазу бірте-бірте оқушылар үшін жаңа білім меңгеру, игеру құралдарына айналады. Оқушы жаңа заттар мен құбылыстардың қасиеттерін түсіндіреді. Оқушылар оқулықтарды оқиды, игерген заттар мен құбылыстардың қасиеттері жөнінде, яғни алған білімдерін баяндайды. Міне сондықтан оқушылардың ауызша сөйлеуін дамыту тіл білімі бойынша жүргізілетін жұмыстардың маңыздысы болып табылады.Оқушының ойды, оқиғаны жүйелі жазбаша түрде баяндап беру дағдысы осының негізінде қалыптасады.[37]

Оқушының ауызша және жазбаша тілінің даму жолдары бірдей емес. Оқытудың жоғарғы баспалдақтарында ауызша және жазбаша сөйлеулердің байланысы өзіндік мәнге ие болады. Бала оқудың алғашқы кезеңінде жазуды меңгермегендіктен, жазбаша сөйлеу түрінде игермейді. Сабақ барысында ауызша сөйлеу түрін ғана пайдаланады. Олар жазбаша сөйлеудің бұл түрін игере бастайды. Оқушының ауызша сөйлеуі неғұрлым жоғары дәрежеде болса, соғұрлым жазбаша сөйлеуді ертерек игереді. Керісінше, жазбаша сөйлеудің дамуына ықпал етеді. Міне сондықтан мұғалім баладағы сөйлеудің екі түрін бірдей дамытуды мақсат ету керек. Оқушының жазбаша сөйлеу түріне сүйенеді, алайда екіншісінің дамуына нұқсан келмеу жағын ойластыру керек. Кейде оқушы жақсы сөйлегенмен нашар жазуы мүмкін немесе керісінше, ойдағыдай жазып, өз дәрежесінде сөйлей алмауы ықтимал. Бұл жерде оқытушының қызметі осы екі теңсіздікті тілдерді дамыту негізінде теңестіру. Өз ойын көрнекті етіп жеткізу мақсатын қойған. Өзінің тілдік кемшіліктерін көре біліп, оны жоюға талаптанған оқушы жазбаша сөйлеу дағдысын игеруге толық мүмкіншілігі бар.

Жазбаша сөйлеу - баланың тіл мәдениетінің дамуына ықпал жасайтын қуатты фактор. Мұны меңгеруге бала мектеп табалдырығынан аттағаннан бастап кіріседі. Оны жазуға үйрету бастауыш мектептегі оқудың процентке шақөқанда жарымына жуығын алады. Өйткені жазу технникасын меңгеру психологиялық тұрғыдан өте күрделі процесс. Бастауыш мектеп оқушылары ауыз екі сөзі мен жазба сөзін салыстыра жүргізілген зерттеудің бірінде екінші, үшінші сынып оқушыларының жазба сөзі ауызша сөйлеуінен сан жағынан да, сапа жағынан да көп кейін қалып отырғандығы, олардың сөздік қорына зат есім мен етістіктердің көп ұшырайтындығы (50% артық), сөздік қоры жеткілікті дамыған балалардың жазу жұмыстары да (ойлап табу, мазмұндама жазу т.б.) жоғары болатындығы байқалған. Соңғы кездегі зерттеулер де осы пікірдің дұрыстығын анықтап отыр.

Бала мектепке келген күндерден бастап оқу дағдысы атар жазу дағдысын да меңгере бастайды. Біздіңше, жазу дағдыларына машықтану өте күрделі процесс. Мұның үш кезеңі бар. Бірінші кезеңде баланың бүкіл зейін әріптердің жеке элементтеріне, сондай-ақ дәптер мен қаламды ұстап тұру қимылдарына, өзінің партадағы отырысына ауады. Бірінші кезеңі әріп үйренудің элементтік кезеңі деп атайды. Екінші кезеңде бала әріптің жеке элементтерін жаза білу қабілетіне ие болады. Енді баланың зейіні біртіндеп әріп таңбаларының бейнесіне ауа бастайды. Осы кезеңде бала жеке әріптерді толық жаза білуге үйренеді. Үшінші кезең – бұл жазбаша сөйлеудің қалыптасу дәрежесін көрсететін негізгі кезең. Мұнда олар өз бетімен жеке сөздерді жаза алатын халге жетеді. Осы кезеңде оқушының зейіні тұтас сөз жазуға ауады.

Психология ғылымы анықтағандай, сөйлеудің ерекше бір түрі – іштей сөйлеу. Егер сыртқы сөйлеу іштей сөйлеуден бұрын пайда болса, ол жазбаша сөйлеу іштей сөйлеуден кейін дамиды. Психолог Д. Джексон мен Г. Хэдтің пікірлері бойынша, жазбаша сөйлеу іштей сөйлеудің кілті, алайда іштей сөйлеудің синтаксисі ауызша және жазбаша сөйлеудің синтаксисінен мүлдем өзгеше. Онда бүтін мазмұн бірлігін құруда тіпті бөлек заңдылықтарға сүйенеді. Іштей сөйлеудің синтаксисі жазбаша сөйлеудің синтаксисині мүлде қарама-қарсы деп айтуға болады, ал осы екі полюстің арасында ауызша сөйлеудің синтаксисі тұр.

Іштей сөйлеу бөтен адамдармен қарым-қатынас жасауға арналмайды. Ол баланың өзімен-өзі сөйлесуі. Мұндай ой ағымы болады, әлдебір шешім туып, әрекет жоспарланады. Псхологтардың пікірінше, ой тұжырымдары бастау алатын іштей сөйлеу, ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің негізі болып табылады. Жазылатын не айтылатын пікір, ой іштей нақтыланып, сана елегінен өткізіп, әбден толғанып барып сыртқа шығуы тиіс. Сонда ғана сөйлеу мазмұнды да, мәнді болмақ. Халық: «Аңдымай сөйлеген ауырмай өледі», «Айтылған сөз – атылған оқпен тең», - деп айтар ойын іштей пісіріп алмай қалай болса, солай айта салатын кісіге бағыттап айтса керек.

Іштей сөйлеудің дамуы балалардыңмазмұндама, шығарма жұмыстарын ойдағыдай жазуына ықпал етері даусыз. Өйткені жазба жұмыстарын орындау барысында оқушылар іштей ойланып, өзімен-өзі ақылдаса отырып, пікірін білдіруге лайықты сөз, сөз тіркестері мен сөйлемдер таңдайды. Яғни жеті өлшеп, бір кесуге дағдыланады.[39]

Сонымен, іштей, ауызша және жазбаша сөйлеулер тығыз байланысты болып, бір-біріне ықпал ететіні даусыз. Бастауыш сыныптарда да сөйлеу түрлерінің қайсысы болмасын бірден қалыптасуына жағдай жасалғанда ғана балатілін дамыту жұмыстары ойдағыдай болмақ.

Жоғарыда айтылған сөйлеудің барлық түрлеріойлау процесімен тығыз байланысты. «Ой сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы. Тіл – ойды басқа адамдарға жеткізудің құралы. Ойдың тіл арқылы бейнелеуі арқасында адамөзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алады, өмірді одан әрі жақсарту мақсаттарын пайдаланылады. Міне сондықтан мектептегі тіл дамыту, сайып келгенде, ой дамыту болып табылады.

Сөйлеу кезінде адамдар ой пікірі, іс-әрекеті жайында хабарлап қоймай, өзі айтып тұрған нәрсесіне қатынасын да білдіреді.

Осыған байланысты сөйлеудің мазмұндылығына айтылған әңгіменің аз сөзбен көп мағына беруінде. Келтірілген ой-пікірлер, сезімдер мен қорытындылардың маңызды болып өмір шындығына жанасымды келуі. Сөйлеу мазмұнды болуы үшін сөйлеуші айтқан пікіріне қысқа , толық әрі образды етіп беруге пара-пар сөздер таңдау керек. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жеткізу үшін сөйлеушінің сөздік қоры мол болуы шарт. Мақал-мәтелдер мен көркемдегіш құралдары сәтті қолдану сөйлеудің мазмұндылығын арттырады. Ал сөйлеудің мәнерлілігі – сөз ішінде өзі баяндап отырған іс-әрекетке, затқа, құбылысқа қалыптасқан эмоциясын білдіру. Ауызша сөйлеу анық та айқын, дауыс ырғағы көтеріңкі, жарқын немесе сылбыр көмескі екпінсіз болуы мүмкін. Сөйлеудің мәнерлілігі фонетикалық анық дыбыстау мен айтылуы тиіс. Сөйлеу процесінде дауыс екпінінің маңызы ерекше. Сөзге түсетін логикалық екпін мен сөз арасындағы кідіріс ауызша сөйлеуде күшті рөл атқарса, жазбаша сөйлеуде тыныс

белгілер мен сөйлем мүшелерінің орын тәртібінің қызметі ерекше болады.[40]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет