Мазмұны Кіріспе Сөйлеу және сөздік қор ұғымдарына сипаттама


ж) мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды үйрету



бет9/12
Дата04.07.2020
өлшемі353 Kb.
#74884
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
2. Умарова Гульнора

ж) мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды үйрету;

Балалардың тілін, ойын дамытуда мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштардың маңызы жөніндегі мәселе өз алдына зерттеуді қажет етеді. Оқушылардың сөздік қорын арттырып, сөз мәдениетін қалыптастыруда мақал-мәтелдер мен жұмбақтардың, жаңылтпаштардың орны орасан зор. «Атамұра» баспасының 2-сыныпқа арналған ана тілі оқулығында 29-мақал-мәтел, 23-жұмбақ, 22-жаңылтпаш берілген.

Орналасу жүйесі жағынан ана тілі оқулықтарындағы мәтіндердің соңынан беріліп, әрбір тарау мақал мәтелмен ашылады.

Мақал-мәтелдердегі терең мағыналы оц-пікірлер мәтіндердің мазмұнымен байланысып, тақырып тынысын күшейте түседі. Мысалы, (2-сынып, ана тілі, 121-б) «Еңбекпен ел көгерер» ертегісін оқығаннан кейін, «Кім еңбек етсе, сол – тоқ», «Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті»

мақал-мәтелдер беріліп, талданып, мән-мағынасы түсіндіріледі. Мұнда еңбек сөзін, тек бейнетпен, маңдай термен келетін жақсылық екенін, арманыңа, мақсатыңа жетудегі адал іс-әрекет екені ұғындырылады. Балаларды еңбек етуге тәрбиелесек, осы арқылы сөздік қорына сөз қосылады. Мақал-мәтелдің мән-мағынасын ұғыну үшін, оқушылар біраз ойланады, мидың үлкен жарты шарының аналитикалық-синтетикалық қызметі іске асады және жаңадан сөздер үйренеді, бірқатар сөздердің мағыналарын түсінуге мүмкіндік жасалады.

Мақал-мәтелдерде поэзияға тән ырғақ, саз, интонация, дыбыс үндестігінің үйлесімі де бар. Мысалы, «Еңбек еткен - емеді», «Ер дәулеті – еңбек» сияқты бірыңғай жіңішке, езулік дыбыстар үйлесімдігі немесе «Ақыл – жастан, асыл – тастан» сияқты бірыңғай жуан дыбысты дыбынстардың үйлесімділігі жеке сөздерді, сөз бен сөздің байланысын дұрыс оқуға көмегін тигізеді.

Бастауыш сынып оқушыларына мақал-мәтелдерді үйрету арқылы олардың сөздік қорын дамытып, сөз мәдениетін қалыптастыру жұмысы жүйесіз, негізсіз, бағытсыз, кездейсоқ іске асырылмайды.Бастауыш сынып кезеңі – баланың сөдік қоры байитын, мәдениетті де, шебер сөйлеуге қалыптасатын кезең. Олай болса, тіл тазалығы, ой дәлдігінің атадан балаға мирас болып келе жатқан үлгілерінің бірі.

Мақал-мәтелдер мен жұмбақ, бір жағынан, балалардың өмірге көзқарасын кеңейтсе, екінші жағынан сөздік қорын байытады.

К.Д.Ушинский бастауыш сынып балаларына мақал-мәтел үйретудің пайдасын айта келіп, оның қысқада болсын табиғат немесе адам тұрмысының шындық құбылысын сипаттайтынын көрсетеді.

Мақал-мәтелдер және жұмбақтар бойынша жұмыстар жүргізу үшін, кейде сиректеу болса да, жеке сабақ арнаудың да пайдасы мол.

Жұмбақтар бойынша жұмыс, негізінен, оның шешуін табу бағытында жүргізіледі. Ол үшін нәрселерді, құбылыстарды жұмбақтап айтылған белгілеріне қарай іздестіру жолымен табу әдісі ұсынылады. Мұндай жағдайда жұмбақталған нәрсенің жалпы қай салаға жататыны, қандай бағытта ізделетіні айтылады. Мысалы, «Іздесем, ізі жоқ, бауыздасам, қаны жоқ» жұмбағын шешу керек делік. Бұл нәрсені өзеннен, көлден іздеу керектігі, оның суда болатыны ескертіледі. Мұндай бағыт берілмеген жағдайда балаларға қиындық түседі.

Ал жұмбақтың құрамындағы метафоралық бейне сол жұмбақталған нәрсені іздестіріп табу барысында өз-өзінен ашылады. Мысалы, жоғарыда айтылған жұмбақты шешу барысында өзен, көлде болатын балық, бақа-шаян сияқтыларды айтады. Олардың ізі болмағанымен, қаны болатыны, ал біздің жұмбағымыздағы нәрсенің қаны да, ізі де жоқтығы айтылады.

Жұмбақтыңшешуі табылғаннан кейін, сұрақ-жауап арқылы метафоралық бейне ашылады.Жұмбақта қандай із жөнінде айтылады? Мұндағы бауыздау сөзінің мағынасын қалай түсінуге болады? (қайықтың тұмсығымен су толқынын кесуі), т.с.с. Немесе, «Аяғы біреу, қолы жоқ, шиыр-шиыр жолы көп» жұмбағының құрамындағы сөздердің де әуелі тура мағынасы талданады: кез келген нәрсенің салған ізінің сөйлей алмайтындығы, салған іздің сөйлеуі дегеннің не екені сұралады. Осы арқылы бұл жұмбақталып отырғанды оқу құралдарының төңірегінен іздестіру керектігі айтылып, олардың ішінде қозғалатын, жүретін қандай нәрселердің бар ойластырылады. Егер балалар оны таба алмайтындай болса, «Оқу құралдарының ішінде қайсыларында жол бар?» деген сияқты сұрақ арқылы дәптер мен кітапта жол болатыны анықталады. Сонан соң дәптердегі сызық жолдың сөйлей алмайтыны, сөйлейтін жол – жазу екені, жазу жолын қалам, қарындаш салатыны айқындалады.

Бастауыш сыныпта мақал-мәтел, жұмбақтармен қоса жаңылтпаштарда үйретіледі. Әсіресе, бала тілін түзетудегі рөлі зор. Мұнда: 1) тіл мүкістігін жоюға; 2) сөздерді анық айтуға жаттықтырады.

Оқушы меңгерген жаңылтпаш қорын әрбір сыныпта оқу жылы аяғында жарыстар өткізу арқылы айқындауға болады. «Кім жаңылмайды?», «Жаңылтпаш жаңылдырады», т.с.с. атпен жарыстар өткізу оқушылардың жаңылтпаш жаттауына септігін тигізеді.

А.Байтұрсынов «Төмендегі сөйлемдерді үш қайтара айтқызу арқылы жаңылтпаш жасауға болады» деп, мына сөйлемдерді берген:


  1. Назар нараз.

  2. Нан арзан, нар арзан.

  3. Назар, нараз, нар арзан.

  4. Назар,нараз, нан арзан.

  5. Он нан онанарзан.

  6. Назар, нанар.

  7. Назар, азар, нар азар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет