Зерттеу жұмысының деректік негізі Мұрағаттық құжаттарда кеңестік немесе партиялық басшы қызмет атқарған қазақ қайраткерлерінің өз білімдерінің жеткіліксіз екендігін сезініп, оқуға жіберуді сұраған өтініштері көп кездеседі.
Ұлттық шығармашылық, интеллигенцияның қалыптасу жолында үлкен белес болып табылатын "Талап" және "Алқа" ұйымдарының тарихын зерттеудің маңызы зор. Қазақстан Жазушылар одағы, ҚазАПП-тан бұрын құрылған қауымдар қазақ зиялыларының алғашқы шығармашылық ұйымдары болды.
Әдебиеттанушылар мен тарихшылар бірігіп күш салса, қазірдің өзінде "Талап" сынды ұйымға мүше болған - зиялыларды түгендеуге, "Талапқа" қатысты Ташкент мұрағаттарында бірталай кұжаттар ғылыми айналымға енгізілді. Қазақстан Рсепубликасы Орталық мемлекеттік мұрағатының Халық ағарту халкоматының (81-қор), мәдени қайраткерлердің жеке қорлары мен өзге де дерек көздері "Талап" құрамын анықтауға негіз болып табылады. "Алқа" атты әдеби ұйым туралы алғашқы деректер 1924 жылдың аяғында пайда болды. Егер "Талаптың" бастамашысы қоғам қайраткері, дәрігер, ғалым Халел Досмұхамедов болса, "Алқа" ұйымын құруды алғаш қолға алған — сарабдал ақын Мағжан Жұмабаев болды. Қазақ интеллигенциясының "Талап" пен "Алқа" ұйымдары отандық тарихнамада зерттелуі жаңа қолға алынған тың тақырыптар. Олар ұлттық мәдениетке, ғылым мен танымымызға берері көп тарихи мәселе.
Бүгінгі таңда деректердің, әсіресе мұрағаттық құжат-дәйектемелердің көптеп зерттелуі қазақ зиялыларының өмір жолын толық баяндап, олардың тарихын толымды ашып, жүйелі, жазуға септігін тигізуде. Мәселен: соңғы жылдары «Алаш мұрасы» сериясының редакция алқасының мүшелері М.Құл-Мұхаммед, Ғ.Әнес, С.Қасқабасов, М.Қойгелдиев, Ж.Әбділдин, С.Қирабаев, Ғ.Сапарғалиев, К.Нұрпейіс, Р.Нұрғалиевтердің жарық көріп отырған алаш зиялылары туралы еңбектері, көңілге демеу қуантарлық жайттар.Сонымен қатар М.Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы», «Ұлттық саяси элита» еңбектерінің өз оқырманына берері көп мол дүние екендігінде сөз жоқ.
Жиырмасыншы жылдардағы қазақ баспасөзінің тарихында "Ақжол" газеті аса көрнекті рөл атқарды. Бұл- осы басылым төңірегіне Алаш қозғалысының жетекші қайраткерлерінің шоғырлануының заңды нәтижесі еді. Қазақ мәдениетінің жұлдыздары болып танылған зиялылары және олардың ізбасарлары — болашақта үздік шығармашылығымен әлі танылатын жас дарындар (Жүсіпбек Аймауытов, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Қошке Кемеңгеров т.б.) газеттің бағыт - бағдарын түзулеп, ұлтжандылық сипат беріп, халыққа етене жақын етті.
40-қа жуық тамаша әндерін мұра етіп қалдырған халық композиторы Үкілі Ыбырайдың шығармашылығы А.Затаевич, Сәбит Мұқанов, Сәкен Сейфуллин, Ахмет Жұбанов, Есмағамбет Ысмайылов, Борис Ерзакович, Шахмат Хұсайыновтардан бастап, бүгінгі өнертанушы замандастарымызға дейін зерттеліп келгенімен әлі де анық-қанығына жетпеген мәселелер баршылық, көркем сөз бен саздың асқан шебері Үкілі Ыбырай жас өнершілердің үлкен тобына ұстаз болды.
Зерттеушілер Темірбек Қожакеев, Ләйлә Ахметова Абай шығармашылығынан нәр алып өскен Нәзипаның ұлы ақын өсиеттерін мұрат тұтып, Абайды байшыл, феодалдық заман ақыны деп қаралау жүргізілген кезде де, Абай мұрасына адалдығын сақтап, өмір бойы насихаттап өткенін жазды. Темірбек Қожекеевтің "Сара сөздің сардарлары" атты жинағында шығармашылығы зерттелген 12 қаламгер-журналистердің ішінде жалғыз әйел Нәзипа Құлжанованың баспасөз саласындағы еңбегі жазылған. Автор Нәзипа Құлжанованың Ж. Иманбаева,, Мәриям Хәкімжанова, Ахмет Елшібеков, Сапарғали Бегалин, Дәриға Ермековаларға жасаған қолдау-көмегін ашып көрсеткен. Аққағаз Досжанова туралы алғашқы дерек "Айқап" журналында (1913) кездеседі. Онда Орынбор гимназиясын бітірген жас талапкер Акқағаз Досжанқызының Мәскеуге жоғарғы оқу орнына түсуге шыққандығы хабарланады. Башқұрт халқының азаттық күресінің жетекшісі Ахмет Заки Уәлиди Аққағаз Досжанованы жазушы деп атап, "шығыс түркілері арасынан шыққан тамаша әйелдер қатарында болды", 1917 жылдың мамырында Мәскеуде белгілі 12 адам кірген Орталық Мұсылман Шуросына (Кеңесіне) қазақтардың өкілі болып Жаһанша Досмұхамедұлы, Уәлитхан Танашев және Аққағаз Досжанованың сайланғанын атап көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |