Мәселенің зерттелу деңгейі. Қазан төңкерісі қарсаңында және революцияның алғашқы кезеңінде ұлттық шығармашылық интеллигенция қазақтың өзге интеллигенциясынан, яғни оқытушылар қауымынан, дәрігерлер, заңгерлер, әкімшілік қызметкерлерінен рухани жағынан жетілген, оқыған атаулыларға шамшырақ болған үлкен топ болды. Алашорданың көсемдері Әлихан Бөкейхан, Халел Досмұхамедов, Алаш идеологтары Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, және т.б, қайраткерлер ұлттық шығармашылық интеллигенцияның аса көрнекті өкілдері болып сол кездің өзінде - ақ танылған еді. Есімдері аталған азаматтардың іс-әрекеттері Алаш қозғалысының тағдырында да, бүкіл қазақтың ендігі уақыттағы тағдырында ерекше рөл атқарды.
Достарыңызбен бөлісу: |