Мазмұны кіріспе туризм туралы түсінік


Ішкі туризмнің дамуының алғы шарттары



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі39,24 Kb.
#87842
1   2   3   4   5
Байланысты:
turizm tusinik
turizm tusinik
3. Ішкі туризмнің дамуының алғы шарттары


Адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас қарама қарсы. Бір жағынан адам мен қоршаған орта арасындағы қиын комплексті қарым-қатынас, екінші жағынан ғылыми-техникалық прогрестің әсерінен адам қызметінің табиғатты түрлендіруінен болатын қоршаған ортаның интенсивті өзгеруі.
Туризм адам мен қоршаған орта арасындағы қайшылықтарды жоюға бағытталған. Алайда мемлекеттегі жаңа нарықтық жағдай ішкі туризмді дамытудың проблемаларын, әсіресе әлемдік туристік нарықтағы бәсекелестік жағдайын үлкейтті.
Мемлекеттегі қиын экономикалық және қаржылық жағдай туризмнің әлеуметтік мәселелер аспектілерін қиындатты:

  • өмір сүру деңгейінің төмендеу;

  • тура табыстың қысқаруы;

  • қазақстан халқының табысының шуғұл дифференциясы;

  • тұрғындардың сатып алушылық қабілетінің төмендеуі;

  • өмір сүру минимумынан табысы төмен тұрғындардың үлкен бөлігі.



Мәдениетке архитектура, өнер, тұрмыс және т.б. жатады. Ал туризм адаммен жасалған мәдениет орындарына сүйенеді. Яғни тек табиғи ресурстарды ғана емес, мәдени және мәдени мұра ресурстарын пайдаланады.
Мәдениет және туризм қарым-қатынасын екі аспектіде қарастыруға болады:

  1. Мәдениеттің туризмге әсер етуі.

  2. Туризмнің мәдениетке әсері.

Мәдениеттің туризмге әсері бірқатар жағдайларға байланысты, олар:



Белгілі территорияның материалдық жағдайының болғандығын мәдениеттің туризмге әсер етуінен материалды инфрақұрылымның дамығандығын айқындайды (инженерлік, агротехникалық, сызықтық құралдар). Бұл объектілерде мәдени қызметтің негізі қаланады.
Әлеуметтік инфрақұрылымның тұрғысынан бұл әсер ерекше айқындалады. Н.Ф. Голиковтың анықтамасы бойынша оған мәдени-тұрмыстық бағыттағы, денсаулық сақтау, білім беру, демалу объектілері және т.б. жатады. Аталған объектілерден демалыс - әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі бөлігі болып табылады. Адамдар демалысты күнделікті ауыр жұмыстан өзін босату деп түсінеді. Демалыс орны рекреациямен бірдей ұғым, өйткені соңғы сөзіміз «демалу», «тынығу» дегенді білдіреді. Сондықтан демалыс әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі функциясы ретінде көптеген мәдени аспектілерді қамтиды.
Тарихи-мәдени архитектуралық-этнологиялық, археологиялық және басқа ескерткіштер орналасу жағынан туризмге әсері әр түрлі бола алады. Бұл Қазақстанның барлық территориясы көне ескерткіштердің көптігімен сипатталады. Мысал ретінде, Қазақстанның «Ұлы Жібек жолы» бойында орналасқан туристік орталықтарын айтсақ болады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің «Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризмнің инфрақұрылымын жасау» атты мемлекеттік бағдарламаға жарғы қабылдауы туризм индустриясын және қонақжайлылықты дамытуға және қалыптастыруға себеп болып отыр.
Ғылым-білім потенциалының болуы мәдениеттің туримзге әсерінің бастапқы нүктесі болып табылады. Туризм өзінің танымдық функцияларын қоса туристерді қабылдаушы мемлекет тұрғындары ғылым және білім негізіне сүйену керек. Сондықтан Қазақстанда жоғары квалификациялы кадрлар көп болса, резидент емес туристерді мемлекетке тарту мүмкіндігі де көп болады. Тұрғындардың ғылым-білім потенциалы дегеніміз тек кәсіптік білім категориясы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің тарихын және салт-дәстүрін, әр түрлі өнердің және қолөнердің түрлерін меңгеру, бірнеше шет тілін білуі керек. Бұл резиденттердің және резидент еместердің жақын қарым-қатынасын айқындайды.
Туризм табиғи, мәдени объектілердің болуын ғана емес, сондай-ақ басты фактор жұмыс күшін анықтайды. Қазіргі кезде әлемде туризм индустриясында 212 миллион жұмыс орны бар, ал кешелектегі он жылда оның саны 338 миллионға дейін өсуі ықтимал.
Жұмысшыларды туристік салаға нәтижелі тарту үшін еңбек биржасында есепте тұрған жұмыссыздарды тарту керек. Қазіргі кезде Қазақстанда еңбек нарығында қиын жағдай қалыптасты. Экономиканы қайта қалыптастырудың нәтижесінде көптеген жұмыс орындары қысқарды, яғни жұмыссыздардың саны көбейді.
Халықаралық маңызы бар «белсенді» жобаларды іске асыру
Туристік өнімнің және туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін кластерлік дамыту арқылы арттыру кластерлік буындар құру, олардың өзара іс-қимылын жақсарту және іс-қимылдың республикалық шебер-жоспар түрінде ұсынылған басым жоспарын жүзеге асыру процесін жылдамдатуға көмектеседі. Қазақстанда туристік кластерлер құру мен оларды дамыту шеңберінде қазақстандық туристік өнімді әлемдік нарыққа жылжыту мақсатында белсенді де қатаң маркетингтік саясат жүргізу жоспарлануда.
Түрлі еуропалық және азиялық нарықтадағы ахуалды зерделеу нәтижесінде мынадай қорытынды шығаруға болады:
Тұтастай алғанда Орталық Азияның және дәлірек айтқанда Қазақстанның әлі де болса жаңа халықаралық туристік бағыттар бөлігінде белгісіз болып қалып отыр;
Қазақстан” сөзі жиі танылады, бірақ әлі де арнаулы туристік имиджі жоқ;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет