1-ші сеанс.
Жіп орамының ұшын қолымның бір саусағына орап, сол жағымдағы қатысушыға бердім, жіпті алған әрбір қатысушы өзі туралы әңгімелеп, бір саусағына орап, сол жағындағы қатысушыға беріп отырды. Жіп әр қатысушыда болды. Жаттығу барысында өте белсенді, сонымен қатар енжар қатысушылар да байқалды.
«Түймедақ» жаттығуы
Қатысушылардың әрқайсысына түрлі-түсті қағаздардан жасалған шеңберлер таратылып берілді. Онда әр қатысушы өз есімін, туған күнін және нені жақсы көретінін жазды. Содан кейін барлық шеңберлер ватман қағазына жабыстырылды. Қатысушыларға бұл шеңберлер неге ұқсайды және онда адам туралы мәлімет жеткілікті ме? деген сұрақ қойылды. Қатысушылардың жауаптары келесіше болды: ол өзінің шеңберінің түсі сияқты сары емес, мен көп нәрсені жақсы көремін, бірақ олар шеңберге сыймай қалды, менің шеңберім қызыл болғаннан көзге бірінші түседі т.с.с жауаптар берілді.
«Түсті тап» жаттығуы
Бүгін біз бір-бірімізбен жақынырақ таныстық, енді кім қандай түстерге киінгендерін мұқият байқаймыз. Қазір мен сендерге бір түсті атаймын сендер сол түсті ұстауларың қажет. Мысалы: «Қызыл!» Бастадық!
Балалар жаттығуды өте белсенді түрде орындады. Алғашында енжарлық көрсеткен балалар ашыла бастады.
«Танысу добы»
Ватманға келесі сұрақтар тізімі жазылды:
Сенің жасың нешеде?
Қай жерде тұрасың?
Сенің сүйікті фильмің, мультфильмің?
Сүйікті тағамың?
Сүйікті ойыншығың?
Не істегенді ұнатасың?
Не істегенді ұнатпайсың?
Осылайша ортада жазылған сұрақтардың біреуін атап доп лақтырыла бастады, допты тосып алған қатысушы сол сұраққа жауап беріп жатты. Әр қатысушы допты бірнеше рет тосты. Жаттығу өте қызықты өтті. Қатысушылар өздерінің сүйікті істерін, фильмдерін, тағамдарын белсенді, жағымды эмоция білдіре атады, ал ұнатпайтын ісін атауда жағымсыз, яғни тітіркене атап жатты.
«Мен қазір іштей қандаймын»
Қатысушыларға көңілді, мұңлы, ашулы көңіл-күйлер бейнеленген шеңбершелер таратылып берілді. Қатысушылардың әрқайсысы қазіргі уақытта өзіне сәйкес келіп тұрған көңіл-күйді таңдап бояды.
2-ші сеанс
«Түймедақ» жатығуы
Қатысушылар өздерін жақындары мейірімді түрде тағы қалай атайтынын атап өтті. Содан кейін қатысушылар өздеріне ұнайтын есімдерді сол жақ көршісінің жапырағына жазып, түймедаққа қосып қойды.
«Тасбақа» жаттығуы
Мақсаты: дене қысымын жазу
Қатысушылар өздерін тасбақа ретінде елестетті. Тасбақа деген не? деген сұрақ қойылды. Оған қатысушылар арқасында үйшігі бар, қауіп төнгенде соның астына тығылып қалады деген жауаптар берді. «Бірақ қазір бары жақсы, күн жарқырап тұр, тасбақалар күнге жылынуға шықты» командасы бойынша қатысушылар қолдарын созып, мойындарын жан-жаққа бұрып, рааттана қозғалыстар жасады. «Күн бұлттанып келеді, жауын келе жатыр!» командасы бойынша қатысушылар өз үйшіктеріне тығыла бастады. Осылайша балалардың дене деңгейіндегі қысымдар шешілді.
«Акула» жаттығуы
Еденде төрт аралдар сызылды, ал бос жерлердің барлығы су. Белгі бойынша қатысушылардың барлығы балық болып су ішінде жүзіп жүрді, «акула» командасы бойынша балықтар аралдарға шығып отырды. Осылайша жалғасы. Акула әр келіп- кеткеннен кейін аралдар саны қысқартылып тұрды. Соңында бір арал қалды. Онда барлық балықтар сыйып кетті. Ескеретін жағдай, жаттығу барысында қатысушылар бір-бірлерінің қолдарынан тартып, аралға шығаруға тырысты.
Сабақтың аяқталу рәсімі. Қатысушыларға көңілді, мұңлы, ашулы көңіл-күйлер бейнеленген шеңбершелер таратылып берілді. Қатысушылардың әрқайсысы қазіргі уақытта өзіне сәйкес келіп тұрған көңіл-күйді таңдап бояды
3-ші сеанс.
«Көңіл-күйді тап» жаттығуы.
Қатысушыларға түрлі көңіл-күйлер, эмоциялар бейнеленген суреттер таратылып берілді. Әр қатысушы өзіне берілген суреттерді пантомимика, жест түрлерінде көрсетті. Ал қалғандарының мақсаты ол күйді табу. Соңынан ол қандай эмоция және қай уақытта пайда болатынын айтып өтті.
«Лимон және мысық» жаттығуы
Қатысушылар нұсқау бойынша қолдарында лимон ұстап тұрғандарын елестетіп, лимонның суы шығатындай қысты. Осылайша бірнеше рет қайталанды. Осыдан кейін қатысушылардың барлығы мысық рөліне еніп, ұйқыдан тұрған мысықты салды, яғни бойларын жазып созылды.
«Пластиллинмен жұмыс»
Қатысушылар нұсқау бойынша пластилиннен «әлемде жоқ жануарды» жасады.
Сабақтың аяқталу рәсімі. Қатысушыларға көңілді, мұңлы, ашулы көңіл-күйлер бейнеленген шеңбершелер таратылып берілді. Қатысушылардың әрқайсысы қазіргі уақытта өзіне сәйкес келіп тұрған көңіл-күйді таңдап, бояды.
4-ші сеанс
Күш беру жаттығуы: Жел соғады...
Келесі түрдегі нұсқау берілді: «Жел қызыл киім кигендерге қарай соғады...», «Жел тәттіні жақсы көретіндерге қарай соғады...» тағы сол сияқты нұсқаулар берілді. Қатысушылар тапсырманы қызығушылықпен орындады.
Арт-жаттығу «Түрлі-түсті тамшылар»
Мақсаты: бояумен және түстермен танысу.
Нұсқау бойынша қатысушылар бояғыштарын қатты сулап, содан кейін бояуға малып және оның парақ бетіне ағып түсуіне мүмкіндік беріп отырды. Жаттығу соңында «Қандай сезімде болдыңдар, тамшылар неге ұқсайды, алынған сурет неге ұқсайды» деген сұрақтар берілді. Қатысушылар алғашында тапсырманы қате орындайтындарына мазасызданған, түстерді таңдауда қиындықтар туындаған, біртін келе түрлі түстер үйлесіп, оюлар пайда бола бастағанда тапсырманы көңілдірек орындауға көшкен. Жаттығу соңында қатысушылармен біріге әр түске анықтама берілді.
«Адамды боя» жаттығуы. Қатысушыларға он түрлі түстер (әр түске белгілі бір көңіл-күй сәкес келеді) және адам бейнеленген сызба берілді. Қатысушылар көңіл-күй түсініктеріне сәйкес адам сызбасын бояды.
Топтық жұмыс «Әлемде жоқ жануардың жоқ әлемі»
Топ бес топқа бөлінді. Нұсқау: «Ортақ ватман парағында өздерінің «әлемде жоқ» жануарлары үшін «жоқ әлем» бейнесін жасау». Тапсырманы орындау үшін бояулар, табиғи материалдар, фломастерлер қолданылды. Жаттығу нәтижесі, оның қалай жасалғаны ортаға салынды.
Қоштасу рәсімі.
5-ші сеанс
Қатысушылар кезекпен өзінің (құлағы, мұрны, көйлегі және т.б) заттарымен мақтанды. Содан кейін қатысушылар аталған заттарды қасындағылардан байқап қолдарын тигізіп, «менің көршімде де бар деп» хормен айқайлап отырды.
«Ыстық орындық» жаттығуы
Қатысушылардың барлығы кезектесіп ортаға қойылған орындыққа отырды. Осы уақытта оларға қатысушылар тараптарынан жағымды сөздер айтылды. Жаттығу соңында қатысушыларға келесі сұрақ қойылды: өздеріңді қалай сезіндіңдер?
«.....біз өзімізді жақсы сезінеміз» жаттығуы
Бұл жаттығу алдыңғы жаттығудың жалғасы. Қатысушылар келесі жағдайларды мимика және пантомима түрінде көрсетті:
бізге ұрысып жатқанда,
бізді мақтап жатқанда,
бізге қорқынышты болғанда,
бізге көңілді болғанда,
тақтада жауап беріп тұрғанда,
бестік алғанда және т.с.с.
«Қуаныш» жаттығуы
Психолог: Біздің жағдайымыз өте жақсы, біз өте бақытты болғанда және жақсы сөздер естігенде біз қандай күйде боламыз? Біздің қанаттарымыз өскендей болады! Олай болса өзіміздің қуаныш, бақыт және сәттілік құсымызды жасайық! Қатысушылардың барлығы қағаздан құс фигураларын жасап және оларды бояды.
Топтық жұмыс «Аспан»
Қатысушылар ортақ ватман қағазына өздерінің құстары үшін «Аспан» тақырыбында ортақ әлем жасады және өз құстары туралы әңгіме құрастырды. Тапсырманы орындау барысында фломастерлер, бояулар, табиғи материалдар пайдаланылды. Алынған нәтиже талқыланып, тапсырманың қалай орындалғаны айтылды.
6-шы сеанс
Мақсаты: қобалжу деңгейін төмендету
Бүгін өзгеше түрде сәлемдесейік. Бұғылар сияқты сәлемдесеміз. Олардың қалай сәлемдесетіндерін білесіңдер ме? Олар бастарын изеп, құлақтарын қозғалтып, иықтарымен, бір жақтарымен және арқаларымен үйкелесіп сәлемдеседі. Қатысушылар жаттығуды қызығушылықпен орындады. Енді адамдар сияқты сәлемдесейік, кане барлығымыз бір-бірлерімізбен қолымызбен амандасамыз.
Арт-жаттығу «Мен қорқамын»
Қатысушылар нұсқау бойынша өздерінің неден қорқатындарының суретін салды. Жаттығуды орындау барысында бояулар, қағаздар пайдаланылды.
«Өз қорқынышымызды қайта жасайық» жаттығуы
Қатысушылар өз қорқыныштарын жағымды бейнеге алмастыра отырып бейнеледі. Қатысушылар ішінде бірқатары өз қорқыныштарын күлкілі, әдемі етіп салды. Жаттығу соңында қатысушылардың барлығы өз қорқыныштары суреттеріне «тілдерін шығарып», «жақтырмайтын кейіп көрсетті».
7-ші сеанс
Сәлемдесу дәстүрі. Қатысушылардың барлығы «... армандаймын» сөйлемін толықтырып өтті.
«Біз қалай өзгердік, не істедік» деген сұрақ шеңберінде рефлексивті әңгіме жүргізілді.
«Ұрықтан- ағашқа айналу» күш беру жаттығуы
Барлығың елестетіңдер, әрқайыссың – жылдам жетілгісі келететін, ағаш болғасы келетін кішкене ұрықсыңдар. Енді ол өсіп келеді. Алғашында ол жарылады, жерді жарып шығады, содан кейін жапырақтары өсіп, үлкен ағаш болып өседі - қол-бұтақтарды жайып, жоғары созылу керек.
Жаттығу «Менің қиялымдағы ғажайып құс»
Қатысушылар ватман парағына қиял әлемін жасап, онда өздерінің жасаған құс фигураларын орналастырады. Соңында қатысушылар өздерінің құстарына ат беріп, қысқа әңгіме құрайды. Рефлексивті әңгіме.
Міне, осылайша жоспарлы түрде, мақсатқа бағыттала, дамыта-түзету сабақтары жүргізіліп, бастауыш сынып оқушыларының жеке бас қасиеттерін дамыту және түзету міндеттері жүзеге асырылды.
Жоғарыдағы көрсеткіштер бойынша тиімді түрде коррекциялық жұмыстар жүргізуді жалғастыру мақсатында арнайы бағдарлама жоспары құрастырылды. Түзету жұмыстарының жоспарына байланысты келесі бағыттар айқындалып, әр бағыт бойынша анықталған психологиялық ерекше белгілерді немесе сыналушылар ерекшеліктерін түзеуге бағытталған сәйкес психологиялық әдіс-тәсілдер жиынтығынан құрастырылды:
№
|
Сыналушыларға тән ерекшеліктер
|
Түзету жұмыстарының бағыты
|
Пайдаланатын әдістер және техникалар
|
1
|
Қобалжу деңгейі жоғары. Өзіне жағымсыз қарым-қатынас. Ашуланшақтық.
|
Қобалжу, ашулану деңгейлерін төмендету төмендету
|
1. Қорқыныштармен жұмыс
2. Рөлдік ойындар
|
2
|
Өзіндік бағасы төмен. Қоршаған адамдар арасында өзін ыңғайсыз сезіну
|
Тұлғаның позитивті бағасын қалыптастыру
|
|
3
|
Мәселелі жағдайларға мінез-құлықтық реакциялардың шектеулі ғана жиынтығы, деструктивті мінез-құлыққа бейімділік
|
Мәселелі жағдайларда саналы шешімдер қабылдауға және мінез-құлықтағы деструктивті элементтерді жоюға бағытталған түзету жұмыстары
|
1.Мәселелі жағдайларды бейнелейтін суреттермен жұмыс;
2. Түрлі қақтығысты жағдайларды бейнелейтін көріністер ойнау
|
4
|
Тұлғалық белсенділігі төмен, енжар
|
балалардың тұлғалық өсулеріне жағдай жасау
|
Тұлғалық даму тренингі
|
Түзету жұмыстары тиімді жүзеге асырылуы үшін бірінші кезекте сыналушылардың қобалжу және ашулану ерекшеліктерімен жұмыс жасау қажеттігі туындап отыр. Бұл бағытта жұмыс төрт кезең негізінде жүргізілді:
Бірінші кезең - қауіпсіз тәсілмен арнайы әдістер арқылы сыналушылардың өз ашу-ызаларын көрсету үшін мүмкіндіктер жасау;
Екінші кезең - ашу сезімдерін шынайы қабылдауға көмек көрсетіп, ол қоздырғышқа «қазір және осы жерде» эмоционалды әсерленуге жетелеу.
Үшінші кезең - «ашу сезімімен» тікелей ауызша контакт жасауға мүмкіндік беру.
Төртінші кезең - оларды ашулануларына қандай жағдайлар түрткі болатыны туралы әңгімеге тарту. Сыналушыны өз ашуын сезінуге, түсінуге және ұқсас жағдайларды бағалауға бейімдеу.
Жоғарыда ұсынылған бағдарламаны жүзеге асыруда жұмыстың өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін психотерапевтік әдістер кеңінен пайдаланылды: арт- терапия, гештальт- терапия, ойын тренингтері.
Тақырыбы және сипаты
|
Сыналушылар мінез-құлықтары
|
Талдау (рефлексия)
|
Ашудың пластикалық бейнесі, қозғалыс арқылы ашуға әсерлену
1. Сыналушылар өз еріктерімен кеңістікте орналасады.
Тапсырма: күшті ашу тудыратын жағдай туралы ойланыңдаршы. Олар сендердің денелеріңнің қай бөліктерінде орналасқанына көңілдеріңді бөліңдерші. Енді орындарыңнан тұрып, өз сезімдеріңді кез-келген қимыл- қозғалыспен көрсетіп көріңдерші. Бірақ өз қозғалыстарымызды саналы түрде реттемейміз, өз ырқына жібереміз
|
Техниканы орындау барысында сыналушылардың 32%-ті ашу тудыратын жағдайлар туралы терең ойланды. 42%-ті ашу ошағы деп- аяқтарын, 21%-ті бас бөліктерін, қалғандары көкірек бөліктерін көрсетті. Ашудың көріністері: аяқтарымен еденді тебу, сынып бөлмесінде түрлі қозғалыстар, бір орныда тұрып қимыл жасау.
|
Тапсырманы орындау жеңіл болды ма?
-Бұл туралы ойланбағанымызға байланысты жеңіл болған жоқ.
Қай жерде қиналдыңдар?
-Ашуды дене бөліктерінен іздегенде.
Тапсырманы орындауда қандай сезімде болдыңдар?
Жаттығуды орындағаннан кейін өздеріңнен қандай да бір өзгеріс байқадыңдар ма?
- белсенділік, жеңілдік
|
2. Ашудың суретін салу
Сендерді қатты ашуландыратын адам немесе жағдай туралы ойланыңдаршы. Олар сендердің денелеріңнің қай бөліктерінде орналасқан?
«Ол неге ұқсайды?» «сен оның суретін сала аласың ба? салып көрші»
|
Сыналушылар ашудың бейнесін ойланып салды. Сурет салу барысында қара, қоңыр және күлгін көк түстер кеңінен пайдаланылды. Сыналушылардың ашу бейнесі ызалы жабайы аңдармен, түсініксіз құбыжықтармен байланысты болды.
|
Сыналушылар өз суретерін келесіше түсіндірді.
Ашулы арыстан, ашуланса бәрін жеп қояды;
Бұл қараңғымен байланысты теңіз, жел тұрса, барлық жерді шайып кетеді.
Бұл суреттермен не істегілерің келеді?
- Жыртып тастаймын-26%
- Қоқысқа тастаймын- 18%
-Қайта саламын- 21%
- Қалғандары мыжып тастады.
|
3. Жағымсыз портреттер көрмесі
Ыңғайланып, өзімізге жайлы отырып, көзімізді жұмып 3 рет терең дем аламыз. Қазір сіз портреттер көрмесінде жүрсіз. Онда сізге ұнамайтын, ашу тудыратын, сізге тіпті жақпайтын адамдардың портреттері ілінген. Әр портретке, түстеріне, келбеттеріне назар аударыңыз. Олардың кез-келгенін таңдап жанына тоқтаңыз. Осы адамның портреті қандай сезімдер тудырады? Өз сезімдеріңді сол портретке ойша білдіріңдер. Сезімдеріңді жасырмай, ұялмай барлық сезімдеріңді жеткізіңдер.
|
Сыналушылар жаттығу орындауға едәуір бейімделген. Берілген нұсқауды орнымен орындап отырды. Көрмеде жүргендері туралы айтқанда, көрменің ішінде біраз уақыт жүргендері байқалды. Ал ондағы портреттерге қатысты сезімдерін білдіруде кейбіреулерінің мимикалары, дауыстарының білінуі де байқалды.
|
Бұл жаттығудың қай жерлері қиын , қай жерлері жеңіл болды?
- Көрмені аралаған қызықты болды.
(Кейбіреулері ол жерден өз портреттерін көргендерін айтты)
- Жағымсыз адамды іздеу қиын болды, өйткені ол жерде мен әйгілі адамдарды көрдім де оның түрін ол жерден көргім келмеді.
- Сол адамға сезімімді білдіргенде жақсы болып қалдым.
- Ол адамның маған сөйлемейтіні қуантты
|
4. Ашу хаты
Әрқайыссың өздеріңнің ашуларыңды тудыратын адамды немесе онымен байланысты адамды естеріңе түсіріп көріңдерші. Енді сол адамға хат жазамыз. Ол хатты ешкім оқымайды.
Бұл хатта сыналушылар өз сезімдерін, талаптарын шынайы білдірулеріне бағытталды.
|
Балалардың басым бөлігі тапсырманы бар ықылыстарымен орындады. Біразы ойланбастан хатты жылдамдықпен жазып кетті, кейбіреулері баяулатып орындады. Сыналушылардың қойған сұрақтары: үйдегі адамдарға да, мұғалімдерге де жазуға болады ма?
|
Енді бұл хатпен не істегілерің келеді?
- жыртып тастаймыз 36%
- суға ағызып жібереміз 41%
- ұшырып жіберуге болады ма? 5%
- қалғандары мыжып тастағым келеді.
|
Түзету жұмысының жоспарына енгізілген «Психоэмоциялық саулықты жетілдіруге бағытталған арттерапиялық тренинг» пайдаланылды.
Тренинг міндеттері:
1. Өзін-өзі тану, ішкі әлеміне бағдар жасау ұмтылыстарына жағдай жасау;
2. Қатысушылардың сезімдер және эмоциялар туралы білімдерін кеңейту, қабілеттердің дамуына, өз сезімдерін және эмоцияларын басқару іскерліктерін қалыптастыру;
3. Қарым-қатынас дағдыларының, тыңдау іскерліктерін дамыту;
Трениг 6 сағатқа арналған. Сабақтың ұзақтығы 0,5 сағат.
Тренинг жалпы талаптарға сәйкес, яғни 21сыналушыларды 2 топқа жіктей отырып, әр топқа аптасына 1,5 сағаттан жүргізілді. Алдын-ала тренинг жүргізілетін бөлме, жүргізілу уақыты сыналушылармен келісе отырып белгіленді.
Жеке сурет салу тренингінің мақсаты: жатығу арқылы арттерапия топтарында сабақты бастауда керемет жағдай жасайды. Ол шығармашылық пен сезімдерді сезінуді ынталандырады, топ мүшелеріне бір-бірлерімен танысуға мүмкіндік жасайды. Қажетті уақыт: 1 сағат. Құрал-жабдықтар: қағаз, түрлі-түсті қаламдар, бор, бояулар немесе құм. Дайындық: арнайы дайындықтың қажеті жоқ. Барысы: топтың әрбір қатысушысында бірнеше қағаздар мен түрлі-түсті қаламдар бар. Осы сәттегі түсік пен сезімдерді сезіну үшін 1-2 минут уақыт берілді. Өнер туралы ұмытып және суретші болуға ұмтылмаңдар. Қалам алып қағазға қандай да бір сызбалар түсіріңдер. Сіздің сезімдеріңіз туралы айтатын түрлі түсті сызықтар мен формаларды салыңдар. Осы сәттегі өз сезіміңізді бір белгі түрінде көрсетіп көріңіз. Өзіңізді қандай да бір көркем нәрсе салуға мәжбүрлемеңіз. Ойыңызға келгенін салыңыз. Топтың барлық мүшелері тапсырманы аяқтағаннан кейін, топ баға бермей әр сурет туралы өз сезімдерімен бөлісе алады. Бір нұсқасы ретінде басқа да материалдар пайдаланып көріңдер, мысалы, бояулар, бор, құм. Кез-келген жағдайда өз ішкі сезімдеріңізге сеніп және өз жұмысыңызда өзіңіз үшін қажетті мәліметті байқауға ұмтылыңыз. Бұл жаттығуды қиялды ынталандыру үшін пайдаланыңыз.
Серіктеспен сурет салу. Мақсаты: бұл жаттығу тұлғааралық қарым-қатынасты және қақтығыстарды зерттеуде тиімді. Қажетті уақыт: 30 минут-1 сағат. Материалдар: Парақ, түрлі-түсті борлар немесе қаламдар. Дайындық: Арнайы дайындықтың қажеті жоқ, бірақ жетекшінің арттерапия саласында тәжірибесі болуы шарт. Барысы: Серіктес таңдаңдар. Орталарыңа бір парақ қойып, әрқайыссың бірнеше түрлі-түсті қаламнан алыңдар. Бір-бірлеріңнің көздеріңе мұқият қарап және содан кейін кездейсоқ сурет салуға кірісіңдер. Өз сезімдеріңді білдіруге тырысыңдар. Егер де серіктесіңізбен сөйлескіңіз келсе, онда оны сызықтар, формалар және түстер арқылы жүзеге асырыңдар. Сурет салып болғаннан кейін, серіктестеріңмен жаттығу барысында баолған жағдай туралы өз сезімдеріңізбен алмасыңдар. Серіктесіңіздің суреті негізінде туындайтын кез-келген эмоциялар туралы айта беріңіз. Өз серіктесіңз туралы көбірек білуге ұмтылыңыз.
Топтық сурет салу. Мақсаты: бұл жаттығу топтың барлық мүшесіне қатысуға мүмкіндік берілді. Ол топтағы ролдік өзара қарым-қатынастарды және топ мүшелерінің жеке тәжірибеге ықпалын зерттеуге мүмкіндік береді. Қажетті уақыт: 1 сағат. Қажетті құрал-жабдықтар: Қағаз, түрлі-түсті қаламдар. Дайындық: Жетекшінің арттерапия саласында тәжірибесі болу шарт. Барысы: Топтың барлық мүшелері шеңбер бойымен бөлменің ортасына отырды. Әрқайыссының алдында парақ және түрлі-түсті қаламдар. Өзіңіз үшін маңызды бір нәрсенің суретін сала бастаңыз. Жетекші белгісі бойынша суретті сол жағыңыздағы қатысушыға беріп, оң жағыңыздағы көршіңізден сурет алыңыз. Осы сурет бойынша жұмыс жасаңыз, оны өзгертінің, қалауыңыз бойынша қосымшалар қосыңыз. Белгі бойынша ол суретті сол жағыңызға беріп, оң жағыңыздан тағы басқа сурет алыңыз. Осылайша өз суретіңіз өзіңізге қайта келгенше жалғаса береді. Басқалардың сіздің парағыңызға салғандарын көргенде сізде пайда болған сезімдерді сезініңіз. Суретте өзгерткіңіз келгеннің барлығын өзгертіңіз. Соңында өз әсеріңізді топпен бөлісіңіз.
Құмды мүсін әлемі. Мақсаты: Барлық арттерапевтік жаттығулар сияқты шығармашылықты ынталандырады. Сонымен қатар құндылық бағдарын, бірлескен өзара қарым-қатынас және топ мүшелерінің бәсекелестігін зерттейді. Қажетті уақыт: 1-2 сағат. Қажетті құрал-жабдықтар. Құм және пластилин. Барысы: Топтың әр мүшесіне құм бөлігі берілді. Топ 5-8 адамнан бірнеше топтарға бөлінеді. Жаттығу барысында жеңіл әуен қойылуы мүмкін. Сіз әлем жасайтын бес адамның біреуісіз. Құм - сіз қалауыңыздың барлығын жасауға мүмкіндік беретін шикізат. Көздеріңді жұмып, құммен жұмыс жасаңыз және саусақтарыңызға өз сезімдеріңізді және ойларыңызды көрсетуге мүмкіндік беріңіз. Мүсінді жасап болғаннан кейін, оны қалған топ мүшелерімен бірге стол үстіне орналастырыңыз. Өз тобыңызбен бірлесе отырып, көздеріңізді ашып, сәйкес бөлшектерден тұтас әлем құрастыру бойынша жұмыс жасаңыз. Егер де жаттығу барысында топтың басқа мүшелеріне қатысты сезімдер пайда болса, оны айтыңыз немесе оларды құммен көрсетіңіз. Соңында басқа топтармен өз сезімдеріңізбен бөлісіңіз. Осылайша жүйелі түрде, мақсатқа бағыттала өткізілген жаттығулар сыналушылардың бойында ұстамдылық, байсалдылық, сабыр секілді қасиеттерді тәбиелеп, олардың мінез-құлқындағы девианттылықтың жойылуына ықпал етеді.
Зерттеу нәтижесін жинақтау.
Сыналушылардың психоэмоциялық саулығын арттерапия элементтері негізінде түзетуде жеке сурет салу, серіктеспен сурет салу, топтық сурет салу, құмды мүсін әлемі жаттығуларынан тұратын арнайы тренинг жүргізілді. Эксперимент жұмыстарын жүргізу барысында жоғарыдағы көрсеткіштермен бірге, келесі өлшемдерді де анықтауға мүмкіндік туды: сыналушылардың эмоционалды күйін; физикалық денсаулығын; коммуникацияға қабілеттілігін; әлеуметтік қызметтерін; оқу процесі барысындағы танымдық мүмкіндіктерді және бірлескен шығармашылық іс-әрекетке қабілеттіліктерін. Арттерпевт көмек сұраған адамның негізгі мәселелері мен қажеттіліктеріне орай жұмыс жүргізеді, сонымен қатар келесілерден тұратын арттерапевтік сабақтар ұйымдастырады: музыкадағы, сурет салу, иілгіш формадағы, ойын және қозғалыстағы, драмадағы шығармашылық импровизациялар; музыканы қабылдай отырып тыңдау; сурет салу және ондағы мазасыздануларды, белгілерді, бейнелерді талдау; музыкалы және бояулы, графикалық және иілгіш салынған бейнелерді драматизациялау, мұражайлар және көрмедегі сабақтарды жүргізу т.б.
Арт терапия қақтығыстар мен күшті мазасызданулардан босану тәсілі ретінде; терапевтік процессті жеделдету; диагностикалық жұмысты өңдеудегі көмекші құрал; бақылаушы күш; сезімдерге көңіл бөлу құралы; өзіндік тұлғалық құндылықты сезіну және көркемдік құзырлылықты көтеру құралдары ретінде қызмет ететіні практикалық іс-әрекеттер арқылы дәлелденді. Арт-терапияда шимақ суреттер және жабыстырмалар шығармашылық дарындылықытың көрінісі емес, қиялдың түрлері болып табылады. Бағдарлы арт-терапиямен айналысатын терапевтер, антисоциалды импульстер қанағаттануының тікелей сублимациясы түсінігінің маңыздылығын ерекшелейді. Арт терапия саласындағы топтар басшылары, белгілі болғандай, топ мүшелерінің еркін ассоциацияларын және өз жұмыстарының мәнін дербес байқау ұмтылыстарын мадақтап отырады. Кейбір жаттығулар топтық жұмыстарға негізделеді, мысалы топтық сурет салу; біздің тәжірибемізде топтық мүсіндеу жұмыстары орын алды.
Гуманистік бағыттағы топ басшылары шығармашылық жұмыстың маңыздылығын ерекшелейді және соңғы нәтижеге үлкен мән бермейді. Олар топ мүшелерін өз қабылдауына сенуге және шығармашылықтарын дербес зерттеуге ынталандырады. Алғашында арт-терапия ауруханаларда және психиатриялық клиникаларда ауыр науқастарға қолданылды. Қазіргі уақытта арт-терапия кең контингенттегі клиенттерге психологиялық көмек көрсету мақсатында пайдаланылады және психоаналитикалық негіздерінен біртіндеп алшақтап келеді. Арттерапиямен өнер құралдары арқылы (музыка, қозалыс, сурет салу, драма) психологиялық қиындықтарды шешуге көмектесетін мамандар айналысады. Арттерапевт қызметінің түрлері: сезімдерді зерттеуде, топта өзін-өзі түсіну және құрметтеуді дамытуда ешқандай да мәжбүрлеусіз және қауіпсіз жүзеге асыру жағдайларын жасайды; неғұрлым бейімдеу мақсатында танымдық және моторлы дағдыларды дамыту сабақатарын ұйымдастырады, табысты іс-әрекетті сезінуге және шындықта бағдарлануға мүмкіндік береді; өзін-өзі көрсетуге бағыттап және ол процестің жеңіл өтуіне, қарым-қатынас және әлеуметтенуге жағдай жасайды; өзіне және айналасындағыларға қарым-қатынасын өзгерту үшін ішкі шығармашылық қабілеттерге үңілуге мүмкіндік береді, осының нәтижесінде ішкі және сыртқы қақтығыстар әлсірейді; тұлғаның шығармашылық тәжірибесін кеңейту негіз болатын өзін-өзі тану және өзін-өзі зерттеуге жағдайлар жасайды. Зерттеу жұмысы барысында бастауыш мектеп оқушыларының психоэмоцияларын дамытуда арт-терапия элементтерінің тиімділігін қарастырдық. Зерттеу барысында мектептік қобалжу деңгейін анықтау тесті (Р.Тэммл, М.Дорки, В.Амен), «Ағаш» графикалық тесті пайдаланылды. Аталған психодиагностикалық әдістемелер негізінде бастауыш сынып оқушыларының жалпы қобалжу деңгейі, өзіндік мінез ерекшеліктері анықталды. Зерттеу көрсеткіштері бойынша бақылау және эксперимент топтары анықталды. Мектептік қобалжу деңгейін анықтау әдістемесі бойынша эксперимент тобында жоғары деңгейдегі қобалжу 29%, бақылау тобында 92%-ті құрап отыр. Ал «Ағаш» графикалық тесті бойынша: «басымдылыққа бейімділік, ұйымдастырушылыққа қабілетті, белсенді» көрсеткіш бойынша эксперимент тобы - 23%, бақылау тобы - 28%; «синтетикалық ойлау тән, оларды жалпы тәртіп мәселелері қызықтырады, философиялық ойлауға бейімділік» бойынша эксперимент тобында 19%, бақылау тобында 14%; «есепке бейімділік» бойынша эксперимент тобында 14%, бақылау тобында 19%; «сәнді киінгенді қалайды, арманшыл, керемет ойлар, пікірлер айта алады, саяхаттағанды жаны сүйеді» бойынша эксперимент тобында 19%, бақылау тобында 14%; «орынды пікірлер айта біледі, мінезі ерекше, өзіндік ерекшеліктері бар» бойынша эксперимент және бақылау топтарында да 28 %-ті құрап отыр.
Анықталған диагностикалық көрсеткіштер бойынша коррекциялық жұмыс бағдарламасы құрастырылып, жүзеге асырылды. Коррекциялық бағдарлама жеті сабақтан құрастырылған, әр сабақта арт-терапиялық жаттығулар пайдаланылды. Арт-терапиялық жаттығулар ықпалы жүйелілікпен жүзеге асырылды.
1-сурет. Мектептік қобалжу деңгейін анықтау нәтижесі
2-сурет «Ағаш» графикалық тестінің нәтижесі
1-«басымдылыққа бейімділік, ұйымдастырушылыққа қабілетті, белсенді» көрсеткіш бойынша эксперимент тобы- 23%, бақылау тобы-28%; 2-«синтетикалық ойлау тән, оларды жалпы тәртіп мәселелері қызықтырады, философиялық ойлауға бейімділік» бойынша эксперимент тобында 19%, бақылау тобында 14%; 3-«есепке бейімділік» бойынша эксперимент тобында 14%, бақылау тобында 19%; 4-«сәнді киінгенді қалайды, арманшыл, керемет ойлар, пікірлер айта алады, саяхаттағанды жаны сүйеді» бойынша эксперимент тобында 19%, бақылау тобында 14%; 5-«орынды пікірлер айта біледі, мінезі ерекше, өзіндік ерекшеліктері бар» бойынша эксперимент және бақылау топтарында да 28 %-ті құрап отыр.
Анықтау эксперименті мен бақылау экспериментінің салыстырмалы көрсеткіші 6-кестеде берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |