МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................,................................................3
1 ПСИХОЭМОЦИЯЛЫҚ САУЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ АРТ-ТЕРАПИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..................................................................................................................9
1.1«Психоэмоциялық саулық» ұғымына ғылыми-теориялық сипаттама....................................................................................................................9
1.2 Арт-терапия техникасы және оның психоэмоциялық саулықты реттеудегі маңызы........................................................................................................................23
2 ПСИХОЭМОЦИЯНЫ ДАМЫТУДА АРТ-ТЕРАПИЯ МАҢЫЗЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ...........................................................................39
2.1 Психоэмоциялық саулықты анықтау шаралары...............................................39
2.2 Психоэмоцияны арт-терапия арқылы дамыту эксперименті..........................43
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................57
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................................................59
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жеке тұлғаның негізгі міндеті – табиғаттан берілген өзінің потенциалды қабілеттерін өмірде көрсету болып табылады. Сондықтан жеке тұлғаның дамуы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» былай көрсетілген: «зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматты қалыптастыру, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту» [1].
Білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі – ұлттың болашағын анықтайтын балалар мен оқушылардың денсаулығы болып табылады. Қазақстанда соңғы 10-15 жылда психологиялық көмекке сұраныс пайда болып, қазір күн сайын артуда. Бұл түсінікті де, себебі ересектер өмірінің стреске толы болуы, уақытының басым бөлігін жұмыспен өткізуі, балаларға зейіннің жеткілікті бөлінбеуі психологиялық, психикалық, физикалық бұзылулардың артуына әкеледі. Психологиялық денсаулық негізінде балалардың жеке басының қасиеттері дамып, қалыптасады. Соңғы жылдары бала дамуын диагностикалау, топтық дамыту бағдарламалары мен әдістері Қазақстандағы психология ғылымының жетістіктеріне сәйкес қарқынды дамып отыр.
Психикалық денсаулық – соматикалық аурулар, физиологиялық дамудағы ауытқулармен қатар, психикаға әсер ететін, әлеуметтік жағдайларға тәуелді әртүрлі жағымсыз факторлар және стрестермен байланысты, адамның толық физикалық, эмоционалды, саналы дамуына негіз болатын қалып. Психикалық денсаулығы қалыпты адам өзін және өзінің басқалармен қатынасын шынайы қабылдауға талпынады, сезімдерге ашық, олардан қорғанбайды, өз қылықтары үшін жауапкершілікті алады. Өмір сүру ортасының жағдайлары өзгергенде бейімделу реакциясы болып стресс орыналады. В.А.Сухомлинский педагогикалық қоғамның зейінін баланың үйлесімді дамуына байланысты екендігіне ерекше аударған. Жеке адамныңпсихологиялық қасиеттері қоғамдық қатынастар жүйесінен тыс орын алмайды [2].
Психикалық денсаулыққа әртүрлі әлеуметтік байланыстар әсер етеді, мысалы, отбасы, достарымен, туысқандармен қарым-қатынас, қызмет, демалыс, басқа ұйымдарға қатысы. Бұл әсерлердің нәтижесі жағымды да, жағымсыз да болуы мүмкін. Тек психикасы сау адамдар әлеуметтік жүйеде белсенді атсалысады. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуінің бұзылуы отбасымен, мектеппен әлеуметтік қарым-қатынастың бұзылуынан, психикалық денсаулықтың ауытқуынан, алкоголизм мен нашақорлыққа салынудан, суицид әрекеттері мен қылмыстың өсуінен білінеді.
Ата-аналар, балабақшадағы тәрбиешілер, мектептегі мұғалімдер тарапынан авторитарлы, репрессивті тәрбиелеу сипат орын алса, балалар өмірлік маңызды қажеттіліктерінің — қауіпсіздік қажеттіліктерінің, махаббат, қарым-қатынас, қоршаған ортаны ересектер арқылы тану қажеттіліктерінің фрустрациясын сезеді. Бұл қажеттіліктердің фрустрациясы психологиялық жайсыздыққа әкеле отырып, баланың физикалық және психикалық денсаулығына кері әсер етеді.
Психикалық денсаулықты бағалау критерийлері ретінде психикалық тепе-теңдік, психиканың үйлесімі, психиканың бейімделуші мүмкіндіктері аталады. Психикалық тепе-теңдік критерийі көмегімен адамның психикалық сферасының функциясын танымдық, эмоционалды, ерікті жағынан бағалауға
болады. Психикалық өзіндік басқару психикалық денсаулықтың негізгі критерийі ретінде аталады. Өмірлік мақсаттарды дұрыс таңдау – психикалық денсаулықты қамтамасыз ететін шешуші шарт болып табылады. Негізгі өмірлік мақсатты таңдау, болашақ мамандықты, өмірдегі өзінің кездейсоқ емес орнын анықтау - адам қабылдайтын маңызды шешімдер болып табылады. Егер бұл дұрыс болмаса, жеке адамның қалыпты дамуында елеулі өзгерістер болады. Ұнамайтын іс-әрекетпен айналысу психикалық тепе- теңдіктің бұзылуына, тұлғалық деформацияларға әкеледі. Қоғаммен диалог жасауды бала ересектерден үйренеді. Бірқатар психологиялық еңбектерде психикалық денсаулық психикалық тұрақтылық, психологиялық комфорт және психологиялық жайсыздық сезімдерімен сәйкестендіріле байланысты айтылады. Психологиялық жайсыздық депривацияға әкелетін бала қажеттіліктерінің фрустрациясы нәтижесінде пайда болады. Сонымен, психикалық денсаулығы жақсы адам - бұл ішкі жан-дүниесінің тепе-теңдік қалпы бар, психологиялық жайлылықты сезінетін, әлеуметтік бейімделген, жекелеген психикалык функцияларында: қабылдау, ойлау, ес, зейін, эмоциялық ауытқулар орын алмайтын, үйлесімді жеке тұлға, өзінің ішкі құрылымында қысымы жоқ, кері әсерлерге қарсы тұра алатын қабілеті бар адам [3].
Бүгінгі психология ғылымының бағытында жаратылыстану пәндерінің
біржақты әсерінен шығу тенденциясы байқалады. Мамандардың ойынша, баланың субъективті жағдайы қоршаған ортасымен тікелей байланысты. Денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары дүние жүзінің әртүрлі елдерінде өткізілген зерттеулерін негізге ала отырып, психикалық денсаулықтағы ауытқулардың ересектермен қарым-қатынасы үйлесімсіз ортада өмір сүретін балаларда жиі кездесетіндігін көрсетеді.
Сонымен, психикалық денсаулық жалпы денсаулықтың негізгі құрылым элементі бола отырып, адамның қоршаған табиғи және әлеуметтік ортасымен динамикалық тепе-теңдікпе және әлеуметтік функцияларын толыққанды орындауына мүмкіндік беретін психикалық қасиеттердің жиынтығы. Психикалық денсаулықтың бұзылуы патологиялық симптомдардың орын алуымен, жүйке-психикалық науқастардың пайда болуымен анықталады. Психологтардың алдында жеке адамның ішкі қорларын белсендіретін, күшейтетін әдістер мен механизмдерді, психикалық, психологиялық денсаулықты сақтауға және қамтамасыз етуге көмектесетін амалдарды іздестіру міндеті тұр.
Бала денсаулығы білім беру жүйесінің ең негізгі құндылығы. Психологиялық қызметтің негізгі мақсаты - мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың психологиялық денсаулығына жағдай жасау. Бұл практик-психологты психологиялық денсаулық мәселесінің маманы деп қарастыруға мүмкіндік береді. Адамның денсаулығы – оның өмір жасының барынша ұзақ болуымен катар, физикалық және психикалық сапаларын, қолайлы жұмыс істеу қабілетін, әлеуметтік белсенділігін дамыту және сақтау процесі, ағзаның қоршаған ортаға бейімделе алу қабілеті.Психологиялық денсаулық психикалық денсаулықпен тығыз байланысты, ал осы мәселенің жағдайы мен дамуы баламен педагогикалық, психологиялық жұмыс бағдарламаларында қажетті үлесін алмайды.
Психологиялық денсаулық – баланың жан-дүниесінің жайлылық қалпы, көтеріңкі көңіл-күйден, белсенділіктен, өзін жақсы сезінуден көрінеді.
Психологиялық денсаулық жоғары деңгейдегі тұлғалық дамумен, өзін және
өзгелерді түсіне алумен, өмірдің мақсаты мен «мен» туралы түсінігінің болуымен, өзін-өзі басқара алу қабілетімен, өзіне және өзгелерге дұрыс қарым-қатынас жасаумен, өзінің өмірі мен тағдырына жауапкершілікті саналы қабылдаумен сипатталады [4].
Мектеп жасына дейінгі кезең бала тұлғасының қалыптасу кезеңдері, ақыл-ой қабілеттеріне немесе практикалық іс-әрекеттеріне, оның іскерліктері және мінез-құлқына, оның құрбыларымен өзара қарым-қатынастарына қойылатын түрлі талаптармен кездеседі. Кей жағдайларда, тәрбиенің кез-келген кезеңінде қандай да бір бала өзінің дайын еместігінен осы талаптардың қайсы біріне жауап беру жағдайында болмайды. Бірақ мұндай қиындықтарға қарамастан, ол ұжым өміріне еніп сол талаптарды орындауы шарт. Нәтижесінде ол қалайда бейімделеді және қиын жағдайлардан шығу үшін жол табады. Бұл орайда шығу жолы стихиялы түрде, мұғалімнің араласуынсыз табылса, балада мінез-құлықтың кез-келген теріс немесе дұрыс емес әдеттері және тәсілдері пайда болуы мүмкін. Ең бастысы оларда бала бақшаға және топ ұжымына қатысты теріс эмоционалды мазасызданудың пайда болуы сияқты теріс құбылыстар және мәндік кедергі да пайда болуы мүмкін.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде бала дамудың әлеуметтік жағдайының объективті өзгерістерімен байланысты, даму дағдарысынан өтеді. Бұл кезең баланы нормаланған қатынастарға бағыттайды және оның жинақылықты тәртібі, оқу іс-әрекеті дағдыларын игерумен және ақыл-ой дамуымен байланысты орындаушылық іс-әрекеттердің дамуы үшін жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан да жаңа әлеуметтік жағдай бала өміріне қатаң талаптар қоя бастайды, бұл жағдайды стрессогенді фактор ретінде қарастыруымызға болады. Мұның барлығы баланың тек дене, денсаулық деңгейінде ғана емес, сонымен қатар мінез-құлықтарында да көрініс табады. Мектепке дейінгі кезеңде жекелік ерекшеліктері оның табиғи дамуына кедергі келтірмейді деуге болады, өйткені оның айналасында тек жақын адамдары ғана болады.
Бала бақшада бала өміріндегі жағдайлар стандартталады, нәтижесінде даму жолында бірқатар ауытқулар анықтала бастайды. Ауытқулар негізінде үрейлену, еріктік белсенділік т.б ерекшеліктер пайда бола бастайды. Бала алдындағы сынақтан мүдірмей өтуі қажет. Үлкендердің кез-келген талапты орындауға дайын кішкентай бала сияқты қабылдауы, және одан бағдарланаған мінез-құлықты күтуі сияқты мәселелер оларды тәрбиелеуде қиындықтар тудыруы мүмкін. Егер де бала мінез-құлқы үлкендердің ойынан шықпай жатса, олар оған мазасызданып, үрейленіп, ренжи бастайды. Олардың мазасыздану деңгейінің сапасы алдын-ала ойлағандары мен шынайы жағдайдың ұштаспау деңгейімен анықталады. Сонымен қатар, үлкендер үшін баланың ішкі әлемі қарапайым, ал оның тәуелділік жағдайы аса қызықтырмайды. Бала әділетсіздікке, сынға, қатаң бақылауға, шектен тыс мейірімділікке қалай жауап беру керектігін білмейді; оларды қандай жағдай ренжітетіндерін, жақсы оқуға және құрбыларымен жақсы дос болуға не кедергі болатынын түсіндіре алмайды [5].
Баланың ішкі әлемінің басты ерекшелігі, толық қалыптаспағандықтан, олардың өз мазасызданулары мазмұны туралы білмеуі. Үйіндегі және бақшадағы қиындықтарға бала өткір эмоционалды реакциялармен жауап қайтарады - ыза, қорқыныш, мұң немесе вегетативті және басқада бұзылыстар. Бұл дезадаптация дене қызуының көтерілуіне, күндізгі энурез, жүректің айнуына әкеліп соғады. Отбасындағы қақтығыстар баланың жылау, зейін бұзылуы, түнгі энурез жағдайларын тудырады.
6-7 жаста бала өз реакцияларын оларды тудыратын себептермен толық мөлшерде қатыстыруға әлі қабілетсіз. Одан бұл туралы өтіну еш нәтиже бермейді. Бала мәселесін, оның мазасыздануларын түсіну үшін ата-аналар мен мұғалімдер психологпен біріге отырып арнайы жұмыс түрлерін ұйымдастырулары қажет (О.Смирнова, Л.Обухова, Р.Немов, Н.Бодалев, Л.Кашницкий) [6-10].
Тұлғаның психоэмоциялық саулығын қамтамасыз етуде психотехникаларды қолдану маңызы ХХ ғасырдың 20 – 30 жылдары психотехникаға қатысты еңбектер санының артуымен өзектіленді. Олардың көпшілігі батыстық психотестерді қайталап отырды. ХХ ғасырдың 20-ж.ж. еңбек психологиясы мен психотехника айтарлықтай дамыды (И.Н. Шпильрейн, С.Г. Галлерштейн, Н.Д. Левитов, А.А. Толчинский және т.б.). Адамның психоэмоционалды күйін көрсету мақсатында серпінді бейнелі шығармашылықпен емделуді білдіретін ХХ ғасырдың ортасында кең тарай бастаған арттерапия заманауи белсенді психотехникалардың бірі [11].
Біздің елімізде соңғы жылдары психотерапия және оның негізі формалары мен модельдерін қарқынды игеру кезеңі ретінде арттерапия мамандар мен потенциалды клиенттердің қызығушылықтарын тудыра бастады. Соңғы уақытқа дейін бұл бағыт туралы білімдер жеткіліксіз болып келді, осыған байланысты түрлі қызықты жорамалдар туындады [12].
Тұлғаның даму үрдісінде қолданылар психотехникалар қаншалықты мол болғанымен, оларды даму маңызына қарай лайықтап, қолдану жағы әлі де аздық етеді. Әсіресе, жеке адамның психологиялық, эмоциялық саулығын реттеу, қабілет-қарымына және тұлғалық таму ерекшеліктеріне қарай психотехникаларды іріктеу, бейімдеу жұмыстары кемшін. Міне осындай нақты себептерге байланысты, диплом жұмысының тақырыбын «Мектеп жасына дейінгі баланың эмоциясын арттерапия арқылы реттеу жолдары» деп белгіледік.
Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі баланың психоэмоциялық саулығын дамытуда арттерапияны қолдану маңызын зерттеу.
Зерттеу нысаны: мектеп жасына дейінгі баланың психоэмоциялық саулығын дамыту үрдісі.
Зерттеу пәні: психоэмоциялық саулықты дамыту үшін арттерапияны қолдану ерекшеліктері.
Зерттеу болжамы: психоэмоциялық саулық ұғымына және оның даму ерекшелігіне ғылыми теориялық талдау жасап, арттерапияның психологиялық мазмұнын ашып, оны бастауыш мектеп тәжірибесінде қолдану мүмкіндігін эксперимент арқылы анықтасақ, психоэмоциялық саулықты дамытуда арттерапияны қолдану маңызы туралы ғылыми дерек алуға болады.
Зерттеу міндеттері:
- берілген мәселе бойынша ғылыми аппаратты анықтау;
- арттерапияның психоэмоцияны реттеу құралы мәселесі бойынша психологиялық және педагогикалық әдебиеттерге шолу;
- психоэмоцияны реттеуде арттерапия рөлін эксперименталды анықтау.
Зерттеудің әдіснамалық негізі.
Л.С.Выготскийдің әлеуметтік-мәдени даму концепциясы, психоэмоция туралы ғылыми-теориялар, бастауыш мектептік кезеңдегі балалардың психологиялық даму ерекшелігі туралы теориялар (Л.Люблинская, М.Крутецкий, В.Мухина, Р.Буре, Т.Тәжібаев, М.Мұқанов) және арттерапия техникалары туралы ғылыми-зерттеулер.
Зерттеудің теориялық маңызы.
Жұмыс барысында осы мәселе бойынша теориялық және практикалық материалдарға талдау жасалып, жалпыланды, сонымен қатар арттерапия элементтері арқылы баланың толыққанды дамуына жағдай жасауға болатыны көрсетілді.
Зерттеудің практикалық мәні. Зерттеу жұмысы ата-аналар, бала бақша қызметкерлері, мектеп психологтары және жалпы балалармен жұмыс жасайтындар үшін қолдануға ыңғайлы.
Зерттеу әдістері. Зерттеу мақсаттары және міндеттеріне сәйкес келесі теориялық және эксперименталды әдістер кешені қолданылды: психоэмоциялық саулықты қалыптастыру мәселесі бойынша отандық және шетел әдебиеттерін теориялық талдау; практикалық психология әдістері – «Қобалжу деңгейін анықтау тесті» (Р.Тэммл, М.Дорки, В.Амен), «Ағаш» тесті, даралық дамуды анықтау сауалнамасы; эксперимент.
Зерттеу базасы.
Диплом жұмысының көлемі мен құрылымы: Зерттеу кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады; көлемі 65 бет.
1 ПСИХОЭМОЦИЯЛЫҚ САУЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ АРТ-ТЕРАПИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
«Психоэмоциялық саулық» ұғымына ғылыми-теориялық сипаттама
«Психологиялық денсаулық» ұғымын ғылымға енгізген белгілі ресейлік ғалым И.В. Дубровина, оған қатысты екіжақты түсінік сақталады: біріншіден, балалардың психологиялық денсаулығы білім беру жүйесіндегі психологтардың кәсіби шеберлігі, психологиялық қызметтің тиімділігін көрсететін көрсеткіш; екіншіден, психологиялық денсаулықтың ғылыми анықтамасы әлі де толық нақтыланбаған.
Осыған орай, адамның психологиялық денсаулығы мәселесінің теориялық негізін зерттеу, жас кезеңдеріне байланысты жасөспірім жасындағы балалардың психологиялық денсаулығы ерекшеліктерін қамтамасыз ету амалдарын анықтау - практикалық психологиялық қызмет үшін маңызды мәселе болып табылады.
Денсаулық - психология, психотерапия, психиатриядағы негізгі қарастырылатын мәселелердің бірі. Денсаулық ұғымы ерте кезден көптеген ғалымдардың зейінін аударған, ал біздің заманымызда 3. Фрейд, А. Адлер,А. Маслоу, П.Б. Ганнушкин, А.Е. Личко, Б.С. Братусь еңбектерінде зерттелген [13-17]. Денсаулық норма мен патология, саулық пен науқас қалыптарын салыстырмалы анықтауда шешуші көрсеткіш ретінде алынады. «Медициналық терминдердің энциклопедиялық сөздігіндегі» Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының (ДДСУ) анықтамасы бойынша, денсаулық - физикалық ауытқулар мен аурудың жоқтығын ғана білдірмейді, сонымен қатар, толық физикалық, рухани, психикалық және әлеуметтік жетістік, сәттілік қалпы. Адамның өзіндік санасы, өзіндік бағасы денсаулықтың бейнесінің қалыптасуында елеулі рөл атқарады. Адамның өзі сезетін қалпы оның денсаулығының ішкі бейнесіне сәйкес келмесе, ол өзін ауру сезінеді.
Психикалық денсаулық - соматикалық аурулар, физиологиялық дамудағы ауытқулармен қатар, психикаға әсер ететін, әлеуметтік жағдайларға тәуелді әртүрлі жағымсыз факторлар және стрестермен байланысты, адамның толық физикалық, эмоционалды, саналы дамуына негіз болатын қалып. Психикалық денсаулығы қалыпты адам өзін және өзінің басқалармен қатынасын шынайы қабылдауға талпынады, сезімдерге ашық, олардан қорғанбайды, өз қылықтары үшін жауапкершілікті алады. Өмір сүру
ортасының жағдайлары өзгергенде бейімделу реакциясы болып стресс орын
алады. В.А.Сухомлинский педагогикалық қоғамның зейінін баланың үйлесімді дамуына байланысты екендігіне ерекше аударған. Жеке адамның
психологиялық қасиеттері қоғамдық қатынастар жүйесінен тыс орын алмайды.
Психикалық денсаулыққа әртүрлі әлеуметтік байланыстар әсер етеді, мысалы, отбасы, достарымен, туысқандармен қарым-қатынас, қызмет, демалыс, басқа ұйымдарға қатысы. Бұл әсерлердің нәтижесі жағымды да, жағымсыз да болуы мүмкін. Тек психикасы сау адамдар әлеуметтік жүйеде
белсенді атсалысады. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуінің бұзылуы отбасымен, мектеппен әлеуметтік қарым-қатынастың бұзылуынан, психикалық денсаулықтың ауытқуынан, алкоголизм мен нашақорлыққа салынудан, суицид әрекеттері мен қылмыстың өсуінен білінеді. Я.И.Гилинский девиантты қылықты екі үлкен категорияға бөледі:
1) психикалық денсаулық нормаларынан ауытқыған қылық, бұл айқын немесе жасырын психопатологияның орын алуын көрсетеді;
2) әлеуметтік-мәдени, құқықтық нормаларды бұзатын әлеуметтік жағымсыз қылық [18].
Ата-аналар, балабақшадағы тәрбиешілер, мектептегі мұғалімдер тарапынан авторитарлы, репрессивті тәрбиелеу сипат орын алса, балалар өмірлік маңызды қажеттіліктерінің — қауіпсіздік қажеттіліктерінің, махаббат, қарым-қатынас, қоршаған ортаны ересектер арқылы тану қажеттіліктерінің фрустрациясын сезеді. Бұл қажеттіліктердің фрустрациясы психологиялық жайсыздыққа әкеле отырып, баланың физикалық және психикалық денсаулығына кері әсер етеді.
Психикалық денсаулықты бағалау критерийлері ретінде психикалық тепе-теңдік, психиканың үйлесімі, психиканың бейімделуші мүмкіндіктері аталады. Психикалық тепе-теңдік критерийі көмегімен адамның психикалық сферасының функциясын танымдық, эмоционалды, ерікті жағынан бағалауға
болады. Психикалық өзіндік басқару психикалық денсаулықтың негізгі критерийі ретінде аталады. Өмірлік мақсаттарды дұрыс таңдау – психикалық денсаулықты қамтамасыз ететін шешуші шарт болып табылады. Негізгі өмірлік мақсатты таңдау, болашақ мамандықты, өмірдегі өзінің кездейсоқ емес орнын анықтау - адам қабылдайтын маңызды шешімдер болып табылады. Егер бұл дұрыс болмаса, жеке адамның қалыпты дамуында елеулі өзгерістер болады. Ұнамайтын іс-әрекетпен айналысу психикалық тепе- теңдіктің бұзылуына, тұлғалық деформацияларға әкеледі. Қоғаммен диалог жасауды бала ересектерден үйренеді. Бірқатар психологиялық еңбектерде психикалық денсаулық психикалық тұрақтылық, психологиялық комфорт және психологиялық жайсыздық сезімдерімен сәйкестендіріле байланысты айтылады. Психологиялық жайсыздық депривацияға әкелетін бала қажеттіліктерінің фрустрациясы нәтижесінде пайда болады. Сонымен, психикалық денсаулығы жақсы адам - бұл ішкі жан-дүниесінің тепе-теңдік қалпы бар, психологиялық жайлылықты сезінетін, әлеуметтік бейімделген, жекелеген психикалык функцияларында: қабылдау, ойлау, ес, зейін, эмоциялық ауытқулар орын алмайтын, үйлесімді жеке тұлға, өзінің ішкі құрылымында қысымы жоқ, кері әсерлерге қарсы тұра алатын қабілеті бар адам.
Бүгінгі психология ғылымының бағытында жаратылыстану пәндерінің
біржақты әсерінен шығу тенденциясы байқалады. Мамандардың ойынша, баланың субъективті жағдайы қоршаған ортасымен тікелей байланысты. Денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары дүние жүзінің әртүрлі елдерінде өткізілген зерттеулерін негізге ала отырып, психикалық денсаулықтағы ауытқулардың ересектермен қарым-қатынасы үйлесімсіз ортада өмір сүретін балаларда жиі кездесетіндігін көрсетеді.
Сонымен, психикалық денсаулық жалпы денсаулықтың негізгі құрылым элементі бола отырып, адамның қоршаған табиғи және әлеуметтік ортасымен динамикалық тепе-теңдікпе және әлеуметтік функцияларын толыққанды орындауына мүмкіндік беретін психикалық қасиеттердің жиынтығы. Психикалық денсаулықтың бұзылуы патологиялық симптомдардың орын алуымен, жүйке-психикалық науқастардың пайда болуымен анықталады. Психологтардың алдында жеке адамның ішкі қорларын белсендіретін, күшейтетін әдістер мен механизмдерді, психикалық, психологиялық денсаулықты сақтауға және қамтамасыз етуге көмектесетін амалдарды іздестіру міндеті тұр.
Бала денсаулығы білім беру жүйесінің ең негізгі құндылығы. Психологиялық қызметтің негізгі мақсаты - мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың психологиялық денсаулығына жағдай жасау. Бұл практик-психологты психологиялық денсаулық мәселесінің маманы деп қарастыруға мүмкіндік береді. Адамның денсаулығы – оның өмір жасының барынша ұзақ болуымен катар, физикалық және психикалық сапаларын, қолайлы жұмыс істеу қабілетін, әлеуметтік белсенділігін дамыту және сақтау процесі, ағзаның қоршаған ортаға бейімделе алу қабілеті.Психологиялық денсаулық психикалық денсаулықпен тығыз байланысты, ал осы мәселенің жағдайы мен дамуы баламен педагогикалық, психологиялық жұмыс бағдарламаларында қажетті үлесін алмайды.
Психологиялық денсаулық - адам тұлғасының өзіндік үйлесімін, адам
мен қоғам арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз ететін психикалық қасиеттердің динамикалық жиынтығы. Психологиялық денсаулықты білдіретін тұлғаның қасиеті - өзін-өзі басқара алу. Ол екі түрде болады: ішкі
өзіндік басқару - бір функционалды деңгейден екіншісіне еркін өте алу; сыртқы өзіндік басқару - сыртқы ортаның жағымды және жағымсыз жағдайларына адекватты бейімделуді, ортаны өзгертумен қатар, өзіндік өзгеруді де білдіреді.
Психологиялық денсаулық, - баланың жан-дүниесінің жайлылық қалпы, көтеріңкі көңіл-күйден, белсенділіктен, өзін жақсы сезінуден көрінеді.
Психологиялық денсаулық жоғары деңгейдегі тұлғалық дамумен, өзін және
өзгелерді түсіне алумен, өмірдің мақсаты мен «мен» туралы түсінігінің болуымен, өзін-өзі басқара алу қабілетімен, өзіне және өзгелерге дұрыс қарым-қатынас жасаумен, өзінің өмірі мен тағдырына жауапкершілікті саналы қабылдаумен сипатталады.
Соңғы кездері психологияда балалардың психологиялық денсаулығын қамтамасыз ететін бірқатар әдістемелер мен техникалар кеңінен қолданылып жүр, солардың арасында топтық жұмысқа негізделген жедел оқыту әдісі - тренинг сабақтарды ұйымдастырудың қажеттілігі анықталады.
Психологиялық денсаулықты жетілдіру, қамтамасыз ету процесі - өмірлік жағдайлардың моделі болып табылады. Психологиялық денсаулықты қамтамасыз ету - жеке адамның уақыт және кеңістікпен шектелген нақты жағдайда әлеуметтену процесі.
Психологиялық денсаулық критерийлері - балаларға психологиялық
көмекті саралаудағы негізгі көрсеткіш - бала мен социум арасындағы үйлесімділік, яғни қоршаған ортаға бейімделе алу және қоршаған ортасын
шығармашылық тұрғыда өзгерте алу. Әлеуметтік ортаға бейімделудің бұзылуы балада мазасыздықтың өсуіне және өзіндік бағалаудың төмендеуіне, стреске, деструктивті реакцияның қалыптасуына әкеледі. Оларды анықтау үшін психодиагностикалық әдістерді қолдану қажет.
Объективті сыртқы орта факторлары ретінде биологиялық факторлар,
психофизиологиялық негіздер, тұқымқуалаушылық пен ағзаның ішкі ауруларының болуы, соматикалық аурулар, физиологиялық дамудағы ауытқулар, әлеуметтік-психологиялық факторлар аталады. Психологиялық
денсаулықты қамтамасыз ету және жетілдіру үшін қолданылатын тренинг әдістері белсенді оқыту тәсілдері болып табылады. «Психологиялық денсаулық» термині жеке тұлғаға қатысты, адам рухының жоғары көріністерімен тығыз байланыста, психикалық денсаулық проблемасының медициналық, әлеуметтік, философиялық және т.б. аспектілерімен қатар, психологиялық аспектісін жіктеуге мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары әлемнің көптеген елдерінде психикалық денсаулықтың бұзылуы жоғары көрсеткішпен сипатталады. Психикалық аурулардың, тұлға фрустрациясының, мазасызданулардың, стресстердің таралу көрсеткіштерінің өсу тенденциясы, әр түрлі суицидтердің, тұлғаішілік келіспеушіліктердің, тәуелділіктердің (нашақорлық, ішімділік, токсикомания, ойын құмарлық және т.б.) орын алуы байқалады. Сондай-ақ, әлеуметттік-экономикалық өзгерістер салдарынан халықтың басым көпшілігінде, психологиялық әдебиеттерде теңелу дағдарысы деп белгіленген психологиялық феномен қалыптасып қалған болып шықты. Ол өз-өзін сезіну сезімін жоғалтуынан, өзгерген қоғамдағы өзіндік рөліне бейімделе алмауынан (немесе қиналуынан) пайда болады. Бұл жағдай өзгеріп жатқан қоғамдық және экономикалық қатынастар мен тұлғалық мақсаттардың, мінез-құлық стереотиптерінің қайта қалыптасуы қиыншылығы арасындағы талаптардың айырмашылығына байланысты туындайды. Адам денсаулығына оның жасайтын таңдауы тікелей әсер етеді. Денсаулыққа жетелейтін таңдаудың алғы шарты болып өзіндік ішкі дүниесіне, яғни Мен «дауысына» сүйенуі саналады, бұл таңдау жасау барысында оны бөліп алуға, тыңдауға, соған еліктеуге мүмкіндік береді.
Психикалық денсаулық мәселесіне көптеген ғалым-философтар (В.Е.Давидович, В.М.Розин, И.Н.Смирнов, К.С.Хруцкий, А.Е.Чекалов және т.б.), валеологтар (Р.И.Айзман, Г.Л.Апанасенко, И.Н.Гурвич В.П.Казначаев, В.П.Куликов, А.Г.Кураев, В.А.Лищук, Т.Н.Маляренко, Л.А.Попова және т.б.), психологтар (А.А.Ананьев, Б.С.Братусь, О.С.Васильева, А.В.Воронина, И.В.Дубровина, И.В.Ежов, Р.Е.Калитеевская, Л.В.Куликов, А.Маслоу, Ю.И.Мельник, Г.С.Никифоров, К.Роджерс, В.Франкл және т.б.) зерттеулерінде қарастырылған [19].
Қазіргі психологиялық әдебиеттерге талдау жасағанда көптеген зерттеушілер денсаулықтың психологиялық аспектілерін осыған ұқсас терминдерді қолдана отырып қарастырған: “психикалық денсаулық” (Б.С.Братусь), “психологиялық денсаулық” (И.В.Дубровина), “тұлғалық денсаулық” (Л.М.Митина), “рухани денсаулық” (Ю.А.Кореляков), “жанның саулығы” (О.И.Даниленко), және т.б. [20].
Бүкіләлемдік денсаулық қорғау ұйымының пайымдауынша, психика саулығы дегеніміз адам ақыл-ойының, физикалық және эмоционалдық дамуының толыққанды жетілуіне ықпал етуші күй болып табылады. Адам психикасының саулығын білдіретін нормалар мен аномалиялардың көрсеткіштерін анықтау – аса күрделі мәселелердің бірі. Мәдени-әлеуметтік дәстүрлердің норма көрсеткіштері болып есептелетін жағдай тарихи түрде қалыптасып қалған. Бірдей психикалық көрініс барлығына ортақ норма ұғымына қатысты қалыпты да, аномальды да болып саналуы мүмкін. Қазіргі заманғы ғылым психика саулығын медициналық және психологиялық көрсеткіштер қосындысы, сондай-ақ әлеуметтік нормалар мен құндылықтар арқылы анықтайды.
Адам денсаулығының осы аспектісімен шектелетін жағдайлары психикалық көріністердегі ауқымды әрі зерттелуі қиындыққа соғатын топқа жатады. Клиникалық түрде нақты көрінбеген психикалық ауытқу мен психикалық саулық арасындағы шекараны айқын ажыратып көрсету қиынға соғады. Оларды өзара ажыратып, сондай-ақ өзара жалғастырып тұрған шекара аумағы айтарлықтай кең болады, ал ауруды денсаулықтан бөліп тұрған шекара тұрақсыз әрі белгісіз болып табылады. Кейбір авторлардың мәліметтері бойынша, зерттелген адамдардың 20-26 пайызынан психикалық ауытқулар, 40-62 пайызынан – шекаралық жағдай анықталып, 13-15 пайызынан ешқандай психикалық бұзылыстар байқалмаған [21].
Достарыңызбен бөлісу: |