Мазмұны критериалды бағалау технологиясы


Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі



бет9/12
Дата07.05.2020
өлшемі39,95 Kb.
#66483
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
баға

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;

анық, айқындылығы;

бағаның әділдігі;

өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі

Критериалды бағалау сабақтың өн –бойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және оқушылардың өзара бағалау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, еркін жеткізуіне алып келеді. Өз пікірін еркін айту, өзгелердің жұмысына өзіндік бағасын беру өмірге бейімділіктерін арттыра берері сөзсіз. Бағалау парағы топқа тапсырмамен бірге ұсынылатын болғандықтан, оқушылар өзге топты бағалар алдында өз тапсырмаларын орындауда сол критерийді басшылыққа алады .Мұндай бағалау кезінде өзіңді басқа адаммен салыстыру шарты жоқ, сондықтан критерий түрлері бойынша мүмкіндігіңді бағалап, жетістікке жету жолдарын қарастырады.

Бағалау критерийі қазақ тілі мен қазақ әдетиеті сабағында мәтінмен жұмыс, диктант, мазмұндама, мәнерлеп оқу, тест, шығармашылық жұмыстарды бағалау кезінде өте ыңғайлы.Мысалы: Жаңа сөздермен танысқан уақытта екі минут оқып, естеріне сақтап қалған сөздерді бір — біріне жатқа айтып, содан соң сөздік дәптерге жатқа жазу,

барлық сөз түгел, қатесіз, әдемі, таза жазылса — 5 ұпай

Бір сөз жетіспесе,1-түзету енгізілсе, әдемі, таза жазылса — 4 ұпай

Екі сөз жетіспесе, 3-4 түзету енгізілсе — 3 ұпай

3 сөз, қатесіз таза жазылса — 2 ұпай

Ештеңе жазбаса – 0 деген ұпайлар қойылып бағалау критерийі бойынша бір

бірінің дәптерлерін тексеріп, баға қойып, қойған бағасын не үшін қойғанын айтып беріп отырды. Бұл жұмыста оқушылар есте сақтау қабілетін дамытуға, сауатты жазуға , тексерген уақытта мұқият болуға, бір –бірін адал бағалауға  үйренді.

Ауызша мәтінмен топта жұмыс жасаған кездегі бағалау критерийі:

— Мәтінді толық орыс тіліне аудару-5 ұпай

— Мәтіннен ең басты (ключевые) сөзді табу – 5 ұпай

— Дұрыс нақты жоспар құру – 5 ұпай

— Мәтін бойынша сұрақтар дайындау – 4 ұпай

Бұр критерийлер бойынша оқушылар топ ішінде өздеріне тиісті жұмысты бөлісіп алып, тиісті берілген бір уақыт ішінде орындауға үйренеді.

Жазба жұмыстарды (диктант) орындаудағы бағалау критерийі.

Еш қатесі жоқ, жазуы анық, таза жазылған, азат жол сақталған, түзету жоқ-10 ұпай

Тазалығы талапқа сай, оқушының екі түзетуі бар, тыныс белгіден 2 қате жіберілсе-5 ұпай

Тазалығы талапқа сай емес, каллиграфиялық қателер кездеседі, оқушының

3 түзетуі бар. Емледен 7, тыныс белгіден 5 қате жіберген — 3 ұпай

Қойылған талаптарды орындай алмады — 0

Грамматикалық тапсырманы орындаудағы бағалау критерийі

Оқушы жұмысты орындады. Талдау жүйесін сақтады, қатесіз орындады және жазуды дұрыс рәсімдеді -5 ұпай

Оқушы жұмысты орындады, Жүйелі талдау жасады, бірақ сөз табының белгілерін анықтауда қателер жіберді – 3 ұпай

Оқушы жұмысты орындады, бірақ , талдау ретін бұзды. Сөз табының белгілерін анықтауда қателер жіберген жоқ – 2 ұпай

Қойылған талапты орындай алмады — 0

15 ұпай   — «5»

8 ұпай     — «4»

5 ұпай     — «3»

Бұл критерийлерге сүйене отырып, оқушылар сауатты, жазуға үйренеді. Кей кезде осы берілген критерийлерге қарап отырып, дәптерлерін тапсырмас бұрын өздерінің қателерін байқап «а, менің бағам «4»немесе «3» болады» — деп, кейбір балалар өздеріне алдын ала баға беріп жатады. Ол дегеніміз, яғни, оқушылар өздерінің жіберген қателерін, түзетулерін  байқап үйренгендерін байқауға болады. Дәстүрлі бағалау кезіне «Маған неге «3», менің қатем аз ғой» — деген келіспеушіліктер болатын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет