Мазмұны нормативтік сілтемелер анықтамалар кіріспе І мәтіннің композициялық СӨйлеу түрлері


КІРІСПЕ Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет3/22
Дата28.01.2023
өлшемі144,71 Kb.
#166652
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
дөненбай ағжан

КІРІСПЕ


Зерттеу жұмысының өзектілігі. Көркем әдебиет тілін зерттеудің алғашқы қадамдары ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Еуропа тілші – ғалымдары тарапынан жасалғаны белгілі. Ал қазақ тіл білімінде көркем мәтінді тілдік тұрғыда талдау, қазақ тілінің стилистикасы туралы мәселелер ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап қолға алынып, аталған пәндердің теориялық алғышарттары қалыптаса бастады.
Көркем шығарма тілін лингвистикалық тұрғыдан қарастыру, көркем сөз тілін ғылыми тұрғыда дәйектеу, әдеби шығарма тілінің көркемдік ерекшелігін тілдік фактілер негізінде жүйелеу, түсіндіру, талдау жұмысы ─ күні бүгінге дейін өзекті мәселелердің бірі. Осы тұрғыдан келгенде, қазақ әдебиетінде шоқтығы биік қаламгер Т.Ахтановтың тіл шеберлігін, өзіндік стиль ерекшелігін «Шырағың сөнбесін» шығармасының негізінде зерттеу жұмыстың өзектілігін танытады.
Көркем шығарма тілін зерттеумен көп шұғылданған және елеулі табысқа ие болған ғалымГ.Винокурдың пайымдауынша, көркем шығармада тіл үш түрлі сапада көрініс табады (сөйлеу тілі, әдеби норма үлгісі және өнер туындысы тілі) соған сәйкес оны үш түрлі бағытта зерттеу мүмкіндігі туындайды.
Ал, академик В.Виноградов тілді бағалаудың үш түрін ұсынады. Олар жалпы тілдік стилистика немесе құрылымдық стилистика, екіншіден сөйлеу стилистикасы, үшіншіден, көркем әдебиет стилистикасы. Бұл ғылыми міселелердің ішінде зерттеу нысаны ретінде кенжелеу қалғаны – көркем әдебиет стилистикасы. Осы тұрғыдан келгенде,Т.Ахтановтың тіл шеберлігін, өзіндік стиль ерекшелігін «Шырағың сөнбесін» шығармасының негізінде анықтау ғылыми жұмыстың өзектілігін танытады.
Зерттеудің нысаны–Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» шығармасының тілі.
Зерттеудің пәні – Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» шығармасының көркемдік ерекшелігін анықтау.
Диплом жұмыстың мақсаты – Т.Ахтановтың«Шырағың сөнбесін» шығармасының көркемдік сипатын қатысымдық мағынасын сипаттау арқылы бұл сөздің тілдік және тілден тыс факторларын анықтау, оның қалыптасу себептері мен қолданыстағы ерекшеліктерін көрсету.
Негізгі мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешеміз:
-көркем шығарма тіліндегі сөйлеу түрін анықтау;
- монологтық және диалогтық сөйлеу түрлері, олардың өзіндік ерекшеліктерін, түрлерін анықтау;
- Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» шығармасының көркемдік сипаты ретінде монологтық сөйлеу формасының ерекшелігін ашу;
- Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» шығармасының көркемдік сипатын шығарма тіліндегі кейбір троптар мен фигуралардың негізінде анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет