Мазмұны нормативтік сілтемелер анықтамалар кіріспе І мәтіннің композициялық СӨйлеу түрлері



бет7/22
Дата28.01.2023
өлшемі144,71 Kb.
#166652
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Байланысты:
дөненбай ағжан

Станция басты қараңғы. Аспанда жұлдыздар көрінбейді. Өңменен өткен суық жел фонарлы адамдардың қара шинельдерінен етегін желпілдетеді.
Тепловоз інгенше боздап түн тыныштығын бұзды. Вагондар бір сәтке қалқып кеткендей еді, енді бірін – бірі түрткілеп оятып, қозғала бастады. …[ ]
Вокзалда жолаушылар отыратын жалғыз бөлменің іші лық толы екен. Жағалай еденге жатып ұйықтағандар да, жауырының қабырғаға сүйеніп отырып ұйықтағандар да бар. Әлде кімдер ұйықтап жатып тісін шықырлатады. Біреулер түсінде сөйлеп жатыр. Бөлме іші қапырық. Сақалы өскен бір жігіт бұрышта теріс қарап темекі шегіп отыр (Ш.Мұртаза). Келтірілген мысалда нақты оқиға баяндалып, қимыл-әрекеттің өту сипатына қарай бірінен соң бірі беріліп, мәтін ішіндегі уақытты жеткізіп, мезгілдік нақтылыққа негізделген. Әрбір сөйлем қимыл-әрекеттің іске асу кезеңін білдіріп, сюжетті дамытуға негіз болады да сөйлемнің баяндауыштарының шақ формасы уақытқа қатыстылығын айқындап тұрады. Бұл мәтінде бірін-бірі алмастырған әрекеттерді жедел өткен шақ пен осы шақ формалары білдірсе, баяндаудың типі қозғалыс (шығу, жағалау, қозғалу) және қалып-сапа етістіктері (сүйеніп отыр, сөйлеп жатыр, темекі шегіп отыр) арқылы берілген. Әңгімелеу мәтіні деректі лексикаға негізделеді: станция басы, тепловоз, вогон, вокзал т.т. Баяндалатын жағдайдың өту амалы тізбектей байланысқан сөйлемдер арқылы әңгімеленеді.
Әңгімелеу-көркем мәтінге тән сөйлеу түрі. Мұнда бірін-бірі ауыстыратын оқиғалар жүйесі шығарманың сюжетін қарайды. Ол сюжеттің қозғаушы механизмі, себебі әңгімелеу мәтіндерінің денамикалық сипаты олардың әмбебаптық белгісі болып табылады. Мәтінде көбінесе өткен шақ формасындағы етістіктер қолданылып, оқиғалардың бірін-бірі алмастыру кезегін білдіріп олардың денамикасын жеткізіп, баяндау мазмұнын құрайды…[ ].
Мәтіннің жасалуы оның бөлшектерінің өзара байланысы мен қатынасынын байланысу тәсілінен көрінеді. Синтаксистік байланыс дегеніміз- сөйлеу бірліктерінің өзара қатынасы болып табылады. Ол жекелеген сөйлемдердің арасындағы байланыс түрлері мен тәсіліне және құралдарына қарай ажыратылады. Жекелеген сөйлемдердің синтаксистік байланысы параллельдік және тізбектік болады. Параллельдік байланыс дегеніміз – қатар тұрған көршілес сөйлемдердің бірдей , ұқсастық синтаксистік құрылымдарға ие болып келуі (Әзімбай да кешкі салқын түсе, үлкен үйдің көлеңкесінен тұрды. Жіңішке қайың құрық сыпталып, жоңылып болғанды) (М.Әуезов). Тізбектік байланыс сөйлемдердің синтаксистік тоғысуынан көрінеді (Жылтыр қара мұртының астынан қып – қызыл еріндері күле түсіп, аппақ тістерін ақситып, Мәнікенің қасына ерді. Оны Ысқақ ауылына қарай жаяу ертті де, үй ішінде өткен кеңесті тыңдаумен болды) (М.Әуезов). Тізбектік байланыста сөйлемдер құрамына қарай әртектес, параллельдік байланыста бітректес болып келеді. Егер тізбектік байланыстың формуласы A- В, В-С болса, параллельдік байланысқа мынадай формалар тән: А-В, С-Д (В.В.Одинцов). Синтаксистік байланыс бастауыш – толықтауыштық (Үйге кірген Асан ақсақал екен. Оны Мәніке бірден таныды), бастауыш – анықтауыштық (Оның артынан біздің Далабай төтенше үйден шықтын. Оның да босап шыққанын сезіп, мен қасына да бармадым (Ғ.Мүсірепов).), баяндауыш – бастауыштық (Кенжекей маздатып от жақты. Жалпылдақ отын лезде тұтады... Қызыл ұшқыны сіркіреп, сытыр – сытыр жанып кетті (Ә.Нұрпейісов).), анықтауыш – анықтауыштық (Қала тұрғындарының көбінің жекеменшігінде қайығы бар... Солардың біреуінің қайығын сұрап ап, шофер әкелген тамақ пен оқ дәріні, мылтықтарды артып, Мәлік пен Нұрлан. Көлдің арғы қамысты қабағына есіп барды...) т.б. тәсілдер арқылы тұтас мәтін құрауға қатысады. Мәтін құрамындағы сөйлемдердің мұндай байланысы арасында белгілі бір синтаксистік қатынастар орын алады. Синтаксистік қатынас деп – жеке дара сөйлемдер, КСБ – лар арасындағы семантикалық – синтаксистік қатынастар айтылады. Әңгімелеу мәтіндеріне қарама–қарсы қою шарты, анықтап – нақтылау, себеп – салдарлық, жылпыдан жекеге ассоциациялық, логика – семантикалық қатынас түрлері тән болып келеді…[ ].
Әңгімелеу мәтіндерінде байланыстың қатар және алшақ (қашық ) байланыс түрлері қолданылады. Қатар байланыс (контактілі) дегеніміз жақын әрі қатар тұрған сөйлемдердің тізбектік байланысы. Бұған жоғарыдағы мысалдар дәлел болады. Алшақ байланыс (дистанциялық) дегеніміз өзара алыс тұрған сөйлемдің тізбектік байланысы. Баяндау мәтіндерінің бірліктері байланыстаратын синтаксистік құралдар әртүрлі болады. Оларға фонетикалық құралдар (интонация, ырғақ т.б.); лексикалық құралдар; грамматикалық құралдар; синтаксистік – стилистикалық құралдар жатады. Баяндау мәтіндерінің бірліктерін мағыналық – құрылымдық және композициялық тұтастыққа біріктіруде ең өнімді құрал есімдіктер болып табылады. Соның ішінде жіктеу, сілтеу, жалпылауыш мәнді, өздік есімдіктері белсенді түрде жұмсалады. Мәтінде есімдіктер мен үстеу сөздер оқиғаның уақытқа қатысты дамуын бейнелеуге қатысып отырады: Кей кезде, әсіресе соңғы уақыттарда, алғашқы он кісі бір – бір кіріп шыққан соң тағы тың адамдарын да жіберетін болған. Бұлар бес –алтыдан да келеді. Кейде тіпті елеусіз болсын деп, өгіз мінгізіп, жалғыз –жарым кедей – кепшікті де жібереді. Келгендердің бәрі де ұғындырған тәртіп бойынша сауда қалай келеді. Әр күн әр ләкпеден, әр алуан ұсақ – түйек алады. Бірақ бір қадақ сабын, яки бір кез шыт қана алатын болса да, саспай көп қыдырып, көп саудаласып жүретін қазақ әдебиетінің осы кездерде пайдасы тиген …[ ]
Осы сияқты «осы кезде,» «осы уақытта», «сол заматта», «бұл уақытта» т.б. есімдік + үстеу сөздері арқылы жасалған тіркетер шартты синтаксистік қатынас жасауға қатысады. Шарттылық мән іс -әрекеттің, оқиғаның уақытқа қатысынан көрінеді. Баяндаудағы оқиға желісінің дамуына, кейіпкердің іс -әрекетін, қимыл баяндауда етістік ең жиі қолданылатын лексика –грамматикалық категория болып табылады. әңгімелеу мәтіндерінде оқиғаның өтуін бірізділікпен сипаттау үшін етістіктің –ды/ – ді, -ты/-ті жедел өткен шақ тұлғалары жиі қолданылып, бірінен соң бірі болған әрекетті жеткізуге жұмсалады: Құдайберген құлаған жоқ. Траптың көлденең ағашына арқасы соғылды да тұрып қалды. Ивлев оңдап тағы бір салды. Құдайберген сасар емес. Өз тілінде әлдене деді де, көзі қанталап Андрейдің кеудесін сол қолымен бүріп, оң қолын түйіп, бастан салып қалды. Балғадай жұдырық Ивлевті мұрттай ұшырды. Құдайберген тіл қатпастан траппен жоғары өрлеп кетті. Жұрт күліп жатыр. Біреуі Андрейдің басына шелектеп су құйып жіберді. (Р.Сейсенбаев). Жедел өткен шақ өтіп жатқан оқиғаны деталь арқылы нақтылап суреттеу мақсатында, көркем шығармада, стилистикалық мақстатта жиі қолданады: Бетін сипап орнынан тұрды, төбет келіп аяғына оралды, аянышты қынсылады. (Р.Сейсенбаев). Ал есімшенің – ған/-ген, -қан/-кен тұлғалары шығармада баяндалып отырған оқиға уақытынан бұрын болған оқиғаны жеткізуде қолданылады. Мысалы: Оның әкесі Тілеміс, Есенейдің сұлтан – правитель кезінде тілмашы екен. Бұл қызметті Тілеміс байлықпен немесе бектікпен алмаған, өз басының өнерімен алған. Оның әкесі Сапақ, қазақша «Стоп» орысша Пресногорьковка аталатын казак – орыс станциясына жалшы боп шошқасын бағады екен. …[ ]
Әңгімелеу мәтіндерінің жасалуына жалғаулық шылаулар, қыстырма конструкциялар, синтаксистік параллельді құрылымдар, сөздердің орын тәртібі негіз болады. Жалғаулық шылаулар алдыңғы сөйлемде айтылған пікірге, оқиғаға қарсы мән тудыру мақсатында жұмсалады. Қыстырма сөздер, айқындауыш мүшелер сияқты мәтін оқиғасына, кейіпкер іс - әрекетіне қатысты субъективтік қарама – қарсы, ыңғайлас, толықтырушы көзқарасты, ойды, бағалауды көрсету үшін қолданылады. Түрлі троп пен фигура түрлері де сөйлемдерді, КСБ-ларды синтаксистік жағынан байланыстырып, оларға белгілі бір стилистикалық мағына, реңк үстеп тұрады. Мысалы, Бұл жолы Яков жылады. Егіліп, шын жылады. Көнбіс Көбеген үшін. Бақытсыз Сақыпжамал үшін. Оқ астында қанға батып өлген бейтаныс әйел - өзінің туған анасы үшін. Тіпті, өмірін аурумен, азаппен өткізген сөйлеуік қара кемпір үшін. Түптен келгенде өзі үшін. Кісі қолына қарап, біржола жетім қалғаны үшін. …[ ]– «жылады» етістігі мен «үшін» шылауының қайталанып келуі мәтін мазмұнының себеп – салдарлық мәнін өзектендіріп, етістіктің эмоциялық мағынасын тереңдетуге негіз болады. әрі қайталанып келген етістік пен шылаудың сонымен бірге кейіпкердің ұзақ қатты қайғырып түңіліп және таусыла жылаған бейнесін беруге стилистикалық тәсіл ретінде де жұмсалған. Септеулік шылаудың сөйлемнің соңында келуі де оның маңыздылығын арттырып, себеп-салдарлық мағынаға ерекше мән беріп тұр. Әйел екеуміз аз ғана ұрсысып қалдық. Әйел тісінің арасына бірдеңе деп маған ұрсады, мен де ақырын ғана оған ұрсамын. Әйел жанына батқандықтан және еркектен ұялғандықтан ұрсатын шығар деймін, мен әйелдің өзін аяғандықтан ұрсам …[ ] Етістік сөз қайталанып келу арқылы бірнеше рет жүзеге асқан әрекетті нақтылауға және мұнда да себеп-салдарлық мағынаны ашуға көмекші қызмет атқарып тұр. Троп түрлерінің байланыстырушы құрал ретінде жұмсалуы көркем шығармаға тән болғанымен, суреттеу мәтіндерімен салыстырғанда баяндау мәтіндерінде сирек кездесетін құбылыс. Троп түрлерінің қолданылуы шығарманың тұтас стилистикалык копмозициясы мен стиліне, жанрыне байланысты болады. Ғ.Мүсіреповтің символдық мәнде баяндалатын ана тақырыбындағы циклдк шығармаларында және т.б. кейбір шағын көлемді шығармаларының баяндау тілінде троп түрлері жиі ұшырасып отырады. Мысалы: Тоқпақпай тиетін тоқпақ жілік, «күрзідей» тиетін ортан жілік, шоқпардай тиетін асықты жіліктер жарқ-жұрқ етіп, әр жерден өре тұра келді. Бәрінің көздегені келген батырдың шекесі сияқты (Ғ. Мүсірепов). Мұнда әрекет иесін синекдоха арқылы жеткізіп, мәтінді ұтымды қолданылған. Троптың баяндау мәтіндерінде қолдану арқылы шығарма «мінезіне» тән «асқақтық», «көтеріңкі» көңіл күй мен эмоцияны тудыруға негіз болады. Жартастың қасында дүлдүлге қарап Мұңайтпастаста әлі тұр. Әсем айғырға қатты қызығып мініп бір бел шауып барып қайтар ма едім дейді. Дүлділдің қасында өз ағаларының аттары бір топырыш сияқтанып қалған. Әсем айғырға бүйірі бұрғандай, астындағы тарлан көк биеде мінез көрсете қалды (Ғ.Мүсірепов). Алдыңғы сөйлемдегі метафораның кейінгі сөйлемдерде эпиттетті тіркеске айналып қайталануы әңгімелеуге өзек болған оқиғаға қатысты көркем бейнені беруге қызмет етіп тұр. Кенжекей маздатып от жақты. Жалпылдақ отын лезде тұтатады... Қызыл ұшқыны сіркіреп, сытыр-сытыр жанып кетті. …[ ] Екі айтылым- сөйлемді байланыстыруға дәнекер болып тұрған сөздердің кейінгі эпитетті зат есімге айналуы оның-сипатын бейнелеуге қатысып тұр. Баяндау мәтіндерінде түбірлес сөздердің қайталанып келіп, байланыстырушы қызмет атқаруы да жиі кездесетін құбылыс болып табылады.
Кез келген мәтін белгілі бір тақырыптағы мазмұнды жеткізетінін ескерсек, әңгімелеу мәтіндерінде тақырыптарына қарай ажыратуға болады. Әңгімелеу мәтінінің тақырыптық түрлерін топтастыру мәселесін орыс ғалымы Г.А Золотова қарастырған. Ол мәтіннің тақырыптық түрлерін ондағы берілген ақпараттың сипатына қарай анықтап әңгімелеу мәтініне тән мағыналық топқа акционалды және статикалы-динамикалы ақпаратқа негізделген ремалық бөлікті мәтіндерді жатқызады М.П. Брагдес баяндау мәтінінің оқиға туралы әңгімелеу көңіл күйді баяндау қалыптасқан жағдайды баяндау қысқаша ақпаратты баяндау түрлерін көрсетеді.
Ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, біз әңгімелеу мәтіндерінің тақырыптық – мағыналық түрлерін жақтық және оқиғалы мәнді баяндау мәтіндері деп топтастырып қарадық. Көркем шығарма табиғатына тән негізгі екі нысан кейіпкер және сюжет болып табылады. Көркем шығармадағы әңгімелеу мазмұны аталған нысандарға байланысты дамып отырады. Жақтық мәнді әңгімелеу мәтіндерінің басты ерекшелігі – мәтіннің басты тақырыбы кейіпкерге, кейіпкердің нақты жағдайға байланысты іс - әрекеті сөз болуында. Белгілі бір қалыптасқан жағдайға сай іс - әрекетін баяндау арқылы кейіпкердің мінез – құлқын, ішкі жан дүниесін ашу көзделеді: Шатқал арасына жеткенде аттан түсті. Аттың ауыздығын алып, айылын босатты. Ерді алуға жүрексінді. Шілік арасын кезіп жүріп, биік жалғыз қара ағаш түбінен көз тапты. Таңдайы кеуіп қаталап тұр еді: етпеттей жата кетті. Су жып – жылы екен, жүрегі айныды. Басын жоғары қарай бір сілкіп тастап, суға қайта еңкейді. Сонда байқады: судың іші толған шіркей. Орнынан тұрып, ұзақ түкірінді. Жүрегі айнып, лоқсып-лоқсып алды. Қалың шілікті көлеңкесіне ендеп кіріп, шапанын астына төсеп жата кетті» …[ ] Мұңдағы мәтіннің динамикалық ұйымдасуы рималық бөліктегі етістіктерден, олардың біріңғай шақтық тұлғарынан көрінеді. Мұнда іс-әрекеттің уақытмерзімге қатыстылығы негізінен етістік тұлғалары арқылы ашылған.
Мәтінде етістік сөздер және оның біріңғай өткен шақтық тұлғалары синтаксистік байланыстырушы құрал ретінде жұмсалған. Сонымен қатар мәтіндегі теманың жасырын түрде беріліп, ремалық бөліктің біріңғай кейіпкердің әрекетіне құрылуы автордың көркемдік мақсатынан туындаған стилистикалық амал ретінде көрінеді. Мәтін құрамындағы параллельділік те бірінен соң бірі бірыңғай ырғақпен, бірқалыпты орындалған қимыл -әрекетті баяндау арқылы кейіпкердің көңіл – күйін жеткізеді.
Әңгімелеу мәтіндерін ұйымастыруға ұйытқы болатын есімдіктердің синтаксистік байланыстырушылық қызметі мен рөлі ерекше болып келеді. Кез келген мәтінде екінші сөйлем, болмаса, үшінші немесе төртінші сөйлемдер алдыңғы сөйлеммен есімдік сөздер арқылы байланысып жатады. Есімдіктер жақтық мәнді баяндауыш мәтіндерінде кейіпкерді меңзеп оның іс - әрекетін әр қырынан танытып, дамытып отырады. Жақтық мәнді баяндау мәтінінде жалғаулық шылаулардың, сан есімдердің де қызметі айырықша болып келеді.
Оқиғаның, кейіпкердің оқиға уақытына объективтік, субъективтік қатыстылығы олардың тема/ремалық бөліктерінен байқалады. Әңгімелеу мәтіндерін тақырыбы мен мазмұнына қарай жақтық мәнді және оқиғалы мәнді деп бөлудің өзі шартты, себебі оқиға екі жағдайда да болады. Бірақ басты ерекшелігі – осы оқиғаға кейіпкердің қаншалықты қатыстырылуы және оған автор қаншалықты мән беруі. Бұл көркем мәтінді тақырыптық – мағыналық түрлерге топтастыруда назарға алынатын басты ұстаным болып табылады. Осы шарттылыққа қарай бұл мәтін түрлерін субъективті және объективті деп те атауға болады. Жақтық мәнді баяндау мәтіндеріндегі субъективтілік кейіпкердің іс - әрекетіне, соған қатысты баяндалатын оқиға жағдайға тәуелді болса, оқиғалы баяндау мәтіндеріндегі объективтік оқиға тәуелді болады. Мысалы, Шай келді. Бетін оюлап сырлаған жималы дөңгелек столдар екі-үш жерден құрылып, астау-астау аппақ ыстық бауырсақтар шашылып, табақ-табақ сары май, суық еттіктен жаңа әкелінген шыртылдақ май, құрт, ірімшік, туралған тоңжелінін қазы, қарта қойылды. Тастанның бәйбішесі бауырына қысқан ала дорбадан екі-үш уыс шақпа қантты үлкендердің алдына аса қасиеттеп, санағандай етіп ырғытып-ырғытып тастады. Тоқбас жіліктің басын өткір балтамен жаңқалап шауып, жұртқа кемік үлестіретін шебердің қолынан шыққандай ұп-ұсақ шағылған қантқа алдымен қолдарын созған шалдар жағы кәрлен аяққа жұқтыра құйған қою шайды сораптай тартып, әңгімені қайта жалғады …[ ]
Көркем шығармаға тән баяндау тәсілі әңгімелеу мәтіндерінің композициялық құрылымына әсер ететіні байқалады.
Әңгімелеу мәтіндеріне эпикалық баяндау тәсілі басым болса, суреттеу мәтіндеріне драмалық және лирикалық баяндау тәсілі басым болады.
Көркем шығарма мазмұнын көркем жеткізу, автордың өзіндік дүниетанымын жеткізу амалдарының бірі – пайымдау типті мәтіндер. Егер фразалар немесе одан ірі мәтіндік бірліктер себеп – салдар деңгейіндегі қатынаста болса, ондай сөйлеу түрі пайымдау типі деп аталады.
Функционалды – семантикалық мәтін түрі ретіндегі пайымдау түрлерін логикалық тұрғыдағы ой қорытындылау (ой түйіндеу) дәрежесінде түсіну қажет, яғни логикалық ойлаудың ең жоғарғы формасы деп түсінген жөн. Басқаша айтсақ, пайымдау типі логикалық категорияға қатысты болғанмен, мәтіннің белгілі – бір құрылымды – мағыналық бірлігі болып та есептеледі [27.118]
Қазақ тіл білімінде пайымдау типті мәтіндерінің түрлерін А.Жұбанов төмендегідей ажыратуға болады:

  1. есім түріндегі бағалау пайымдау түрі;

  2. тұрақтылық күй мағынасындағы пайымдаулар;

  3. нақты не жорамал іс - әрекетті негізделу мағынасындағы пайымдаулар;

  4. кейбір іс - әрекеттің қажеттілігін, мүмкіндігін білдіретін немесе қалау не тілеу мағынасындағы пайымдаулар;

  5. алдын ала келісілген іс - әрекет мағынасындағы пайымдаулар;

  6. кесімді түрдегі терістеу немесе тұжырымдау мағынасындағы пайымдаулар [28.489].

Көркем шығармадағы пайымдау типі ғылыми мәтіндердегі пайымдаудан өзгеше. Көркем мәтіндегі пайымдау түрлері, біздің ойымызша, есім түріндегі бағалау пайымдау түрі; нақты не жорамал іс -әрекетті негіздеу мағынасындағы пайымдаулар болып келеді. Көркем мәтіннің тұтас құрылымының өзі пайымдау, яғни автордың белгілі бір өмір шындығын, кейбір іс - әрекеттің қажеттелігін, мүмкіндігін білдіретін немесе қалау не тілеу мағынасындағы пайымдаулар, болмыс фрагментін бағалауы
Мәтін түрлерінің өзіндік құрылымдық және тілдік ерекшелігін төмендегі сызба айқын танытады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет