Пәні: математика, алгебра 11 «Б» сынып. Күні 13.04.2015 ж.
Тақырыбы:
Ықтималдылықтарды қосу және көбейту теоремалары. Шартты ықтималдылық.
Мақсаты
1.Білімділік: Үйлесімсіз оқиға, тәуелсіз оқиға, тәуелді оқиға, шартты ықтималдық, оқиғалар қосындысы, оқиғалардың көбейтіндісі ұғымдарымен, сонымен қатар ықтималдықтардың қосу және көбейту теоремаларымен таныстыру, оларды қолданып есептер шығарту.
2.Дамытушылық: Ой- өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
3.Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, іздемпаздыққа, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа ұжымдық ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Ықтималдылықтарды қосу және көбейту теоремалары мен шартты ықтималдылықтарға берілген есептерді шығара алады.
Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату үшін, оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеуін сұрайды. Өрмекші торын пайдаланады.
5 –анықтама. А оқиғасы орындалғаннан кейін анықталған В оқиғасының ықтималдығын Р А(В) шартты ықтималдық деп атайды.
4 – теорема. Тәуелді екі оқиғаның орындалу ықтималдығы бірінші оқиғаның ықтималдығын бірінші оқиға орындалғаннан кейін анықталған екінші оқиғаның шартты ықтималдығына көбейткенге тең Р(АВ)=Р(А)*Р А(В).
№401, № 405
Зерттеу жұмыстарын жүргізеді және есептер шығарады.
ІІІ: Ой толғаныс. 5 минут
Тәуелді оқиғаның тәуелсіз оқиғадан қандай айырмашылығы бар?
Үйлесімсіз оқиғалардың ықтималдықтарының қосындысы мен оқиғалар ықтималдықтарының көбейтіндісін есептеу арасында қандай ұқсастық бар?
Әр оқушы тапсырмаларды жеке орындайды және орындаған деңгейіне сәйкес бағаланады.
Үйге тапсырма: № 407.
1минут
Рефлексия
Нені білемін?
Нені білдім?
Нені білгім келеді?
Тексерілді: Директордың оқу ісі бойынша орынбасары: Н. Әлметова.