«Ии, Саадат тракторду угуп жаткан турбайбы!» - дейт Зейнеп апа» дегенді қазақ тіліндегі нұсқада «Ии, Саадат тракторды тыңдап отыр екен!» - дейді Зейнеп апай өзіне» деп береді. Бұл жерде аудармашы Қ.Нұрмахановтың қырғыз тіліне тән «Ии» деген одағай сөзді аудармай, сол күйінде, ұлттық ерекшелікті сақтай отыра беруі құптарлық жәй.
Бірақ, осы сөйлемнің соңындағы «дейт Зейнеп апа» дегенді «дейді Зейнеп апай өзіне» деп үстеме сөз қоса аударуы орынсыз болып шыққан. Оның орынына «дейді Зейнеп апай» деп қана қысқа аудара салса аударма шарттылықтарын қатал сақтағандық болар еді.
«Ал эми жалгыз бой бирөө табылса, бала кылып үйге киргизип алсам, анда андан жакшы болот» деген жолдарды аудармашы қазақ тіліне «Ал, енді жалғыз бас біреу табылса, бала қылып үйге кіргізіп алсам, онда тіпті тамаша болады!» - деп ойлайды», деген үлгіде аударады.
Бұл жерде «анда андан жакшы болот» дегенді «онда тіпті тамаша болады!» күйінде аударғаннан гөрі, қарапайым әрі түпнұсқаға жақын «онда тіпті жақсы болар еді» деп аударған орынды тәрізді.
«Зейнеп апа сууга барганда, «Саадат кетти, Саадат күйөөге чыкты» - деген сөздү азыр эле угуп келди. Өзүнүн, элден жашырган акыры болар иш, мына бүгүн эне томсоруп, үйүнүн ичин жаңы көргөндөй таң калып, тигилип карайт. Үй оокат жетиштүү эле; бирок кызы болбогон соң эне үчүн баары бир тыйын» [36,368] деген сөйлемдерді қазақ тіліндегі нұсқасына аудару барысында да кемшіліктердің орын алғандығы байқалады.
Мысалы, «Зейнеп апай суға барғанда, «Саадат кетті, Саадат күйеуге тиді», - деген сөзді жаңа ғана естіп келді. Үй ауқатты еді, бірақ қызы болмаған соң, ана үшін оның бәрі бір тиын» [40, 85]. деп аудару барысында осы екі сөйлемнің ортасында тұруға тиісті, «Өзінен, елден жасырғанмен ақыры болатын іс, міне бүгін ана томсырайып, үйінің ішін жаңа көргендей таңқалып, тесіле қарайды» деп келетін мына бір сөйлемді ұмыт қалтырғанға ұқсайды, соның салдарынан түсініксіз жағдайлар орын алып, аударманың көркемдік сапасына әжептәір кері әсерін тигізген сыңайлы.
«О, кокуй, улуум мага келин алып келип, менин үйүм дагы элдикиндей балалуу-чакалуу болбойт беле...» деген сөйлемді қазақ тіліне «О, ойбай, ұлым маған келін алып келіп, менің үйім де жұрттікіндей үбірлі-шүбірлі болмас па еді...» деген үлгіде аударғандығы мәлім. Бұл жерде «балалуу-чакалуу болбойт беле...» дегенді «үбірлі-шүбірлі болмас па еді...» деп аударғаннан гөрі «балалы-шағалы болмас па еді...» деп аударған жөн болар еді.
Қырғыз тілінде:
«Ал көйнөктү жазып, карап көрдү да, өзүнүн ишмерлигине ыраазы болгонсуп, көңүлдөнө түштү. Эне эми колу колуна тийбей, күйпөлөңдөп, кандайдыр кубанычты күткөнсүп, боорсок жасай кетти. Эненин оттун илебине ысып чыккан бети, жас кезиндегидей нурданып тердеди». Қазақ тілінде:
«Ол көйлекті жазып көрді де, өзінің ісмерлігіне риза болғандай, көңілдене түсті. Ананың от лебіне қызарған жүзі, жас кездеріндегідей нұрлана түсті», - деп аударған.
Бұл жерде де бір сөйлемнің аударылмай қалуы нәтижесінде түсініксіз жағдайдың орын алғандығы аңғарылады.
Аудармашыға «Эне эми колу колуна тийбей, күйпөлөңдөп, кандайдыр кубанычты күткөнсүп, боорсок жасай кетти» деп келетін мына бір сөйлемді аудару онша да қиынға түспесе керекті, дегенмен де осы сөйлемнің қазақша нұсқада жоқ болып шығуы аударманың көркемдік дәрежесін түсірмейді деуге негіз жоқ. Сондықтан бұл сөйлемді қазақ тіліне аудараудың қажеттілігі дау туғызбайтын нәрсе.
«Апайдың екі қолы қолына тимей, күбөлеңдеп, қандай да бір қуанышты күткендей, бауырсақ пісіруге кірісіп кетті» деген жолдар аударылмай қалған сөйлемнің біздің тарапымыздан тәржімаланған нұсқасы болып саналады.
Сөйлемді аударудың аса бір қиындықсыздығы бұл тұста бізді аудармашы тарапынан жіберілген кемшілік дегеннен гөрі, техникалық қателіктердің нәтижесі дегенге көбірек сендіреді.
«Кээ бир жерлерде себилген буудай кылтыйып чыгып да калыптыр. Жамгыр суусуна жуунган жазыктын көк майсалары тикчиет.