6. СТРК ИСО 690-2-2007. Ақпараттар мен құжаттар. Библиографиялық сілтемелер. Электрондық құжаттар және олардың бөлімдері.
7. СТРК ИСО 5127-2007. Ақпараттар мен құжаттар. Сөздік.
АНЫҚТАМАЛАР
КОДИФИКАЦИЯ – дұрыс деп танылған тілдік нормаларды қалыпқа түсіріп, жинақтап көрсету, бұдан да гөрі дәлірек айтсақ, тілдік нормалардың қалыпқа түсіп, жаппай қолданыс тапқандарын орнықтыру, заңдастыру, тіркеу.
МӘДЕНИЕТ – адамдардың материалдық және рухани байлықтарының, білімдарлық белгілерінің жиынтығы.
НОРМА – тілдің «туа біткен» қасиеттерінің бірі іспетті. Ол белгілі бір реттілік, жүйелілік құбылыс ретінде ауызекі сөйлеу тіліне де («халықтық тілге» де), әдеби тілдің ауызша қолданысына да, жазба тілге де тән.
ОРТОЛОГИЯ – сөздің (тілдің) дұрыстығы туралы ілім.
СӨЗ БАЙЛЫҒЫ – оның ғасырлар бойы басынан кешірген өмірінің, іс-әрекетінің, ақыл-ой жұмыстарының, рухани-мәдени қазынасының тілдегі көрінісі.
СӨЗ ЛОГИКАЛЫЛЫҒЫ – ойдың қайшылыққа ұрынбауын айтамыз.
СӨЗ ҚИСЫНДЫЛЫҒЫ – жеке сөздің, сөз тіркесінің грамматикалық тұлғалардың өз орнында қолданылуын айтамыз.
ТІЛДІК ЖҮЙЕ – тілде бар үлгілердің, қолданыс типтерінің (түрлерінің) белгілі бір тәртіппен келуі.
ТІЛДІК ҚҰРЫЛЫМ – осы жүйенің іске асқан (көрінген) материалдық мүмкіндіктері.
ТІЛДІК НОРМА – тілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау деген сөз, белгілі бір тәртіп, заңдылыққа бағындыру.
ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ – айтайын деген ойымызды еркін жеткізу, сөйлегенде бөгде тілдік элементтерді – диалектілерді, варваризмдерді араластырмай сөйлеу халқымыздың асыл сөз қазыналарын тиімді пайдаланып, жатық, анық сөйлеу, әдеби тілде сөйлеу.
УЗУС – тілдік жүйеге қайшы келгенімен, тілдік дағдыға айналған қолданысты атағанды жөн санаймыз.
ЭТИКА – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері
КІРІСПЕ
Достарыңызбен бөлісу: |