Мaзмұны нормативтік сілтемелер


Зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет4/23
Дата08.11.2023
өлшемі144,19 Kb.
#190046
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
тілес арайлым

Зерттеу тақырыбының өзектілігі «Аударма деген жан-алып, жан беретін жекпе-жек. Бұл сайыста не аударушы, не аударылушы толық жеңіске ұшырайды»,- деп ХYIII ғасырда өмір сүрген неміс қаламгері аудармашы Шекспир айтқандай, Қ.Нұрмаханов шығармашылығы биік белестерді бағындырған туындыларды әдебиетімізге әкелгені шындық. Ол аударма өнерінің азабын көрген, қиындығын сезінген қаламгерлердің бірі де бірегейі. Әрбір сөздің баламасын табу үшін қаншама уақытын сарып еткенін оның аудармаларынан-ақ көруге болады. Оның әрбір аудармасы, яғни әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге көшіріліп қайта жасалуы, басқа тілдегі түпнұсқа негізінде жазылған еңбектерінің маңызы зор.
Аудармашы шығарманың жалпы мазмұнын ғана жеткізіп қоймай, оның көркемдік ерекшеліктерін де сақтауға міндетті екенін ескерсек, мұның мәнісі – көркем шығармаларды аудару барысында жеткілікті даярлығы бар, жазушылық шеберлігінің негіздеріне жетілген әдебиетшілер ғана жұмыс істей алады деген сөз. Демек, Қ.Нұрмаханов шетел аудармашыларының тәжірбиесін кеңінен пайдаланған, реалистік аударманың принциптерін толықтай меңгерген аудармашы десек артық айтпаймыз.
Талантты аудармашы Қ.Нұрмаханов қырғыз әдебиетіне көп көңіл бөлгенін, оның қазақ әдебиетіне жақындығын талмай зерттеген қаламгер. Оның дәлелі ретінде А.Токомбаев, Т.Сыдықбеков, К.Джантошева, Тоқтағұл шығармашылығына байланысты айтқан ой-пікірлерін айтуымызға болады. Сонымен қатар орыстың атақты ақыны В.Маяковскийді қырғыздың ақындары А.Токтомбаев пен Т.Сатылғанов шығармашылығымен байланыстыра зерттеген. Бұндай көп жылдық тәжірибеден, жалықпай сызу, өшіру және қайта жазу негізінде дамылсыз машықтана беруден бірте-бірте ашылатын нағыз өнерпаздыққа тән нәзік шеберлік қосылып, аудармашы автордың әуеніне, үніне айнытпай салып, автор боп күліп, автор боп жылап, автор боп қатуланады да, өзінің ішкі сезім дүниесін әрқашан ширатып ұстап, әр мақамға бұра отырып, әр саққа жүгіртіп, әр шыңға көтеріп зор шығармашылық табысқа кенеледі.
Қ.Нұрмаханов өзінің ең ардақты борышы ретінде – қасиетті ана тілінің өткірлігі, көріктілігін, икемді оралымдылығын, мағналылығын, күллі сән-сәулетін арттыра әсемдей түсуге себеп тигізу екенін, ана тілінде оқитындардың ой-өрісін ұлғайта түсуге қызмет ету екенін нағыз азаматша түсінген аудармашы. Бұл аудармашылық өнердің шебер шыңы десек артық айтпаймыз. Өйткені аудармашы әрқашан өз ісінің белсенді қайраткері, аударманың жанашыр қамқоры, іскер ұйымдастырушысы, батыл жаңашылы болуы керек. Аудармашыға қойылатын да үлкен талап осы аударылатын еңбекті өз ыңғайына, қабілетіне, көңілінің сүюіне, қызығуына қарай таңдап алудан бастап, ақыры кітап болып шығып, көпшілікке таратылуына дейінгі бар ауыртпалығын мойынына алу болып талап етіледі. Демек ол өзі аударған шығармалардың, яғни түпнұсқаның екінші авторы.
Кейде көптеген шығармалардың аудармасы нашар болып шығады. Оның себебі – кейбір аудармашылар өздері әдебиетші бола тұрып, екі тілді жетік біле тұрып, аударма еңбегіне атүсті қарайды, тиісінше мән бермейді, аударылатын шығармада суреттелген халықтың өмірін, салтын, тұрмысын, әдет-ғұрпын жақсы зерттемейді, шығарманың идеялық-көркемдік өзгешеліктерін айқын аңғармайды. Сондықтан олардың аудармасында түпнұсқаның рухы сақталмайды. Бұған қоса ешқандай қағидаларға бағынбайтын, шалағай аудармалар да өкінішке орай кездесіп жатады. Олар әдебиеттің жанрлық ерекшелігі тұрмақ, сол тілдің өзін жете меңгермей жатып басқа тілден аударма жасауға әрекет ететін пысықайлардың жемісі. Ал Қ.Нұрмахановта мұндай кемшіліктер кездеспейді. Қайта өз тілінде еркін, әрі көркем тілде жеткізу байқалады.
Аударма өнерінің қыры мен сырына қатысты айтылған ой толғамдар туралы сөз еткенде, осы салаға елеулі үлес қосқан, әрі аудармашы, әрі аударматанушы Қалжан Нұрмақановтың шығармашылық мұрасын зерттеу негізсіз емес. Сондықтан бұл еңбектің басты мақсаты Қ.Нұрмахановтың аудармашылық шеберлігі мен қатар қазақ аударма теориясының негізін салуға қосқан үлсін анықтау болып табылады.
Аталмыш магистрлік зертеу еңбегі кіріспе және екі үлкен тараудан, содай-ақ, қосымша мен пайдаланған әдебиетер тізімінен тұрады.
Жұмыстың 1-тарауында, «Аударматану және Қ.Нұрмахановтың шығармашылығы», деген тақырыпта сөз қозғалса, 2-тарауында, «Қ.Нұрмахановтың аудармаларының мәні мен маңызы» деген мәселеге көңіл аударылады.
Алғашқы тарауға аударматанушының аудармаға қатысты жазған мақалалары мен сыни-пікірлері, сондай-ақ, зертеу еңбектері арқау болмақ.
Оның осы еңбектеріндегі ғылыми тұжырымдары мен ұстанымдарына таладау жасай отырып зертеушінің қазақ аударматану ғылымындағы орынын анықтауға талпыныс жасалмақшы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет