Ооба, «Эски көчкү» таанылгыс!» деген сөйлемдерді аударған тұста да жоғарыда тоқталып өткендегідей екі сөйлемнің арасындағы аралық бір сөйлемнің аударылмай қалуы мәселесі қайталанады. Мысалы, «Кейбір жерде себілген бидай қылтиып шығып та қалыпты. Ие, «Ескі көшкі» адам танығысыз»,- деп келетін бұл сөйлемдердің арасында тұруға тиісті «Жамгыр суусуна жуунган жазыктын көк майсалары тикчиет» деп келетін мына бір сөйлем аударма нұсқадан өз орнын тапса аударма сапасының арта түсуіне үлес болып қосылған болар еді.
Сондықтан осы бір кемшіліктің орнын толтыру мақсатында бұл сөйлемнің қазақша нұсқасын «Жаңбыр суына қанған жазықтағы көк шөп біткен бас көтере бастағандай» деген үлгіде беруді жөн санадық.
«Эне ылдамдап бастырган сайын, жанагы добуш угулат. Мына эми анык угулду: «Мекеним мейкин күндүн нуру төгүлгөн, Тоолору бийик бүркут учуп жол жүрген. Жарышып жазда, күрөшүп күздө, Элибиз эмгек менен эрденип күлгөн!..» деп кайраттуу жаштардын үндөрү аккордионго кошулган. Ооба, жаштар ырдап жатат, алардын ичинде энеге тааныш, Саадаттын үнү угулдеп жаткансыды» деген үзінді аударма нұсқада мүлде жоқ екендігі дәлелдеуді қажет етпейтін нәрсе десек ағат айтқандық болмас.
Ғылыми жорамалға жүгінер болсақ аталмыш үзіндінің аударма нұсқада кездеспеуіне техникалық себептердің тіпті де қатысмы жоқ болса керекті. Олай дейтініміз бұл сөйлемдер тек қарасөз үлгісінде келіп қана қоймай өлең жолдарымен де берілуі аудармашыға кәдімгідей қиындық тудыратындығы даусыз. Өйткені өлеңді аударудың прозалық шығармаларды аударудан әлде-қайда қиын екендігі жасырын емес.
Ол аудармашыдан тек тәржімашылық шеберлік қана емес, сонымен қоса жазушылық әрі ақындық қабілетті қажет ететіндігі мәлім десек, бұл жолдардың аударылмай қалуының басты себебі автордың саналы әрекетінің жемісі болса керек.
Сондықтан, осы бір үзіндіні қазақ тіліне мына төмендегідей үлгіде аударып ұсынғанды жөн санадық.
Ана шатырларға жақындаған сайын жастардың аккордионға қосылып шырқаған әні анық етіле бастады.
Ие, жастар ән салып жатыр, олардың ішінде анаға таныс Саадаттың дауысы естіліп жатқандай болды.
«Мекенім менің, күннің нұры төгілген,
Таулары биік, бүркіт ұшып, жол жүрген.
Жарасып жазда, көрісіп күзде,
Еліміз еңбекпенен гүлденген!..»
Аудармашы қалай дегенмен атап өткендегідей өлең жолдарын аударып беруге тиісті еді. Бірақ, өкінішке орай олай етпеуі аудармашы тарапынан жіберілген өрескел қателік деп тануымызға негіз болады. Оның себебі, көркем шығармада кез-келген сөздің немесе сөйлемнің атқаратын жүгі, берер ұғымы бар десек, аудармашы қажет емес деп таныған әлгіндегідей өлең шумақтарының да өзіндік орынының барлығы белгілі.
Айталық, бұл шумақтағы өлең жолдарында сол заманың шындығы мен жастардың отанға деген сүйіспеншілігі, қоғамда қанат жайған жаңада тың жаңғырыстар сынды құбылыстардың лебі ескендей әсер береді десек, автор бұл тұста да жайдан-жай әрекет жасамаса керек ті.
Демек, автордың осынау бір көркемдік тәсілін аударыу барысында мүлде керекіз деп танып, аудармай кетуі аудармашы тарапынан орын алған үлкен кемшілік, орынсыз қиянат деп таныған жөн.
Қалай дегенмен аталмыш әңгімені аудару барысында Қ.Нұрмахановтың көп ізденіп, талмай еңбек еткендігі байқалады. Аударма жасау барысында түпнұсқа авторының стилін сақтауға, сондай-ақ, ұлтық ерекшеліктерді танытар тұстарға ерекше мән беруге аса бір ыждаһаттылықпен көңіл аударуы аудармашының өз ісінің шынайы маманы екендігін көрсетсе керек.
Ал, біздің шүйіле тоқталған тұстарымыз аудармашы тарапынан ара-тұра жіберілген әттеген-айлар болғандықтан аудармашының шеберлік деңгейіне күмән тудырудың орынсыз екендігі шындық.
Десек те, бүгінгі аудармашылар осы тектес кемшіліктер мен жетістіктерден үлгі алып, қазақ аударма мектебінің одан әрі өркендеуіне үлес қосса екен деген ниеттеміз.
Қ.Нұрмаханов Ш.Айтматовтың «Ақ жауын» атты әңгімесінмен қатар «Бетпе-бет» деп аталатын повесін де қазақ тіліне аударғандығы мәлім. Автордың аудармашылық лабороториясына тереңірек үңілген адамға оның белгілі бір тілден аударма жасауға дағдылануды мақсат тұтқандығы байқалады.
Сол себепті, ол көбіне қырғыз тіліндегі көркем туындыларды қазақ тіліне тәржімалауға көп еңбек сіңіргенге ұқсайды. Бұл ұстанымның дұрыстығын ол өзінің «Түпнұсқа және аударма» атты мақаласында жан-жақты дәлелдеп бергендігін ескерсек, автордың үнемі қырғыз тілінен аударма жасауы өз тұжырымына қайшы келмеуінен болса керек.
Дегенмен де, автор мақаласында айтылған ғылыми тұжырымдар мен ұстанымдар теориялық тұрғыдан дұрыс бола тұрса да, ол өзінің аудармаларында осы айтылған заңдылықтардан аттап кететін тұстары, оны елеп-ескермейтін кездері жиі кездеседі деуге де болады.
Бұған дәлел ретінде «Ақ жауын» әңгімесі мен «Бетпе-бет» повесінің Қ.Нұрмаханов тәржімасымен қазақ тіліне аударылуындағы еркіндікті айтуға болады.
Өз тарапынан сөз қосып, өзгертулер енгізу, кей тұстарда тұтастай бір сөйлемдер мен сөз тіркестерін аудармай тастап кету, өкінішке орай, Қ.Нұрмахановтың жоғарыда аты аталған көркем туындыларды қазақ тіліне тәржімалау барысында да кездесіп жататын әрекет.
Кейде аудармашы тіпті қырғыз тілінің жетегінде кетіп, сол тілдің сөйлем құру заңдылықтарын аударма нұсқаға теліп жіберетін жерлері де, аударуға оңай тұстарды көпе-көрнеу бұрмалап аударуы да құптарлық жағдай емес.
Енді, осы айтылған ғылыми жорамалымызды аударма нұсқаны салыстыра-салғастыра отырып дәлелдегеніміз жөн деп ойлаймыз.
Жалпы алғанда Ш.Айтматовтың «Бетпе-бет» повесін қазақ тіліне Қ.Нұрмаханов әжептәуір жақсы аударғанға ұқсайды. Десек те, кейбір тұстарда бірлі-жарым кездесіп жататын кемшіліктердің бар екендігі де рас.
Мысалы, түпнұсқада кездесетін,