Мaзмұны нормативтік сілтемелер



бет21/23
Дата08.11.2023
өлшемі144,19 Kb.
#190046
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
тілес арайлым

Орысша нұсқасы:
Мимо единственного на полустанке фонаря косяками проносились охапки сырых тополиных листьев. В эту ночь тополя роняли листву. Прямые и стройные, как шомпола, упруго раскачива-лись они на ветру, и шум их высоких вершин напоминал отдаленный рокот моря.
Темна ночь в ущелье Черной горы. Но еще непроглядней она на маленьком полустанке под горой. Время от времени темнота словно колышется от света и грохота поездов; поезда проносятся дальше, и снова на полустанке темно и безлюдно [53, 105]. Бұндай мысалдарды, қазақ тіліндегі артықшылықтарды, күрделі сөз орамдарын көптеп кездестіруге болады. Автор жоғарыдағы қараңғылық сипаты арқылы әр ауылдың басынан кешкен қиындықты дәл тауып көрсетеді. Мысалы, үңірейген қараңғы, қара түн, тастай қараңғы, одан бетер қараңғы, көзге түртсе көргісіз, айналаны зілдей басып жатқан түн, өлі тыныштық деген тіркестер қай оқырманда болмасын бей-жай қалдырмайды.
Қорыта айтқанда Қалжан Нұрмаханов екі тілді де терең меңгерген, туыстас екі халықтың да тіршілігі мен психологиясын көкейіне мықтап түйген аудармашы. Оның аудармалары халықтық дәрежеге көрелген таптырмас дүниелер деуімізге әбден негіз бар. Қырғыздың Ш.Айтматов сынды аты әлемге әйгілі болған дарабоз жазушысын қазақ халқына алғаш таныстырған, табыстырған шығармалар болып оның аудармалары әдебиетіміздің биік төрінен орын ала берері сөзсіз.


ҚОРЫТЫНДЫ

Аудармаға қойылатын ең басты талап – шығарманың көркемдік-идеялық күші мен эстетикалық ләззатын жеткізу. Ол ең алдымен, көркем, әсем, тартымды болуы керек.


Аудармада өз тарапынан сөз қосып, ауа жайылып кету тұрпайылыққа, қарадүрсіндікке әкеледі, ал түпнұсқаны сөзбе-сөз келтіремін деп, ұғымсыз етіп, сірестіріп қою – тіл бұзарлық болады. Мұның екеуі де сорақы. Нағыз творчестволық аударма дегеніміз түпнұсқаның тілдік, стильдік ерекшеліктерін ескере отырып, оның көркемдік-идеялық қасиеттерін толық жеткізу, әрі қазақша биязы да жатық етіп шығару. Осы екеуі шебер ұштасқанда ғана аударма нағыз аударма болады.
Аударма - әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге көшіріліп қайта жасалуы, басқа тілдегі түпнұсқа негізінде жазылған көркем туынды. Ертерек кездерде белгілі сюжетке жазылған еліктеу түріндегі шығармалар аз болмаған.
Оларды дәп бүгінгі дәуірде қалыптасқан мағнада аударма деуге келмейді. Олар кейде еркін аударма деп саналғанмен, шынында төлтума шығарма сипатына ие болды.
Мысалы, Абайдың Пушкин, Лермонтов сияқты орыс классиктерінен аударған өлеңдерінің толық мағнадағы сәйкес, дәлме-дәл аудармаларымен қатар, еркін еліктеу түрінде жазылған, өзіндік туындыға айналған нұсқалар да бар. Толық мағнасындағы аударма қалай да түпнұсқаға негізінен сәйкес болуға шарт. Әрине, шығарманың мәтінін бастан аяқ сөзбе-сөз тәржімалау мүмкін бола бермейді.
Әсіресе, поэзиялық шығарманың аудармасында кейбір еркіндіктер болмай қоймайды. Өйткені бір тілдегі қалыптасқан сөз қолдану тәсілдері, бейнелі сөздер көшіріп, сол түпнұсқадағы қалпын сақтап жеткізуге келе бермейді. Басқа тілде айтылған ойдың жалпы мағнасын жеткізуден гөрі, сол әдебиетке тән көркемдік ойлау, бейнелеп сөйлеу, сөз қолдану өзгешеліктерін дәл келтіру әлдеқайда қиын.
Ал онысыз көркемдік ой-сезімнің әсерлігі де толымды болмайды. Сондықтан аударма нұсқаға қаншалық жақын келетініне орай жолма-жол аударма, еркін аударма, балама аударма деп ажыратылады. Түгелдей алғанда, қандай аударма болсын творчестволық сипат алады, бастан аяқ сөзбе-сөз тәржімалау емес, сөздердің мағнасын, көркемдік қуатын, бейнелік әсерін неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі.
Аударманың сөз дамытудағы мәні де айырықша зор. Өйткені аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың өкілдері сусындай алады.
Қазір жер жүзі әдебиетінің көптеген тамаша туындылары қазақ тіліне аударылған. Сондай-ақ белгілі қазақ жазушыларының туындылары да басқа тілге аударылып келеді. Аударма арқылы әдеби байланыстар нығайып, байи түсті.
Аударма туындылары қазақ халқының өз мүлкі, өз табысы. Сол себепті де жұртшылық оның әрқашан оның жақсысына сүйініп, жаманына күйініп отырады.
Аудармадағы әлі күнге дейін шешімін таппаған күрделі мәселелелердің бірі – шет тілінен қазақ тіліне аудару мәселесі туралы кітаптардың аздығына көз жұмсақ та, нақты теориялық қазақша жазылған еңбектер жоқтың қасы. Бұл әрине келешек аудармашылардың алдында тұрған зор міндет.
Сөзімізді қорыта келе бұл зертеу жұмысы өзінің алдына қойған мақсатына толығымен жетті дей аламыз. Оған дәлел ретінде қос тарау ауқымында қарастырылған мәселелердің маңыздылығы мен құндылығын айтар едік.
Жұмыстың алғашқы тарауында аударматанушы Қ.Нұрмахановтың аударматануға қатысты айтқан ой-пікірлері мен тұжырымдарына тұңғыш рет кешенді түрдегі ғылыми талдау жасалынды. Осының негізінде оның қазақ аударма мектебіндегі алар орыны айқындалды.
Ал соңғы тарауда Қ.Нұрмахановтың шеберлік мектебіне көңіл аудара отырып, оның өзіне ғана тән шығармашылық құпияларынмен, аударма жасау барысында қолданатын әдіс-тәсілдерінмен етене жақын танысуға мүмкіндік алынды. Соның нәтижесінде аудармашылық өнердің сыры мен сипаты, мәні мен маңызы туралы мәселенің бірқатар сұрақтарына жауап тапқандай болдық.
Зерттеу нысанасы ретінде алынған Қ.Нұрмахановтың көркем аударма теориясына қатысты еңбектері, орыс, қырғыз тілдерінен аударған шығармаларын салыстыра қарап, кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталамыз.
Жалпы, Қ.Нұрмахановтың аударған шығармаларын оқи отырып, қазақтың бай сөздік қорына молынан кенелесің, ерекше бір күйге бөлейтін бейнелі образдарға таң қалмауыңыз мүмкін емес. Оқырманын бірден қызықтырып, үйіріп әкететін аударманы аударма деп қабылдай алмай, аудармашының төл шығармасын оқып отырғандай әсер аласың.
Қ.Нұрмаханов шығармаларды аудару барысында түпнұсқа мәтінінің стилін сақтауға, барынша мағынасын дәл беруге, мәтінді оқырманға бейімдеуді басты назарда ұстаған. Бұл жерде бейімдеуді «еркін кеткен, таза қазақшалаған» деп түсінбеуіміз керек. Шығармашылық еркіндікпен – аударманы қабылдаушы-оқырманның мәтінді дұрыс түсінуін қамтамасыз етуге бағытталған. Түпнұсқа мәтінмен аударма мәтінді салыстырар болсақ, Қ.Нұрмаханов әр түрлі прагматикалық мағыналарды беру мақсатында көбінесе еркін сөз тіркестерін фразеологизмдермен беріп отырады. Яғни, фразеологиялық тіркестер мәтін мағынасының бейнелілік әсерін беретін поэтикалық құрал қызметін атқарады.
Ал, көбінесе қырғыз тілінен тікелей қазақ тіліне аударған Қ.Нұрмахановтың аудармадағы басты ұстанымы - әр сөздің мағынасын бұзбай, орынды қолдану. Демек, аудармашы әрбір сөзді дұрыс пайдалану жағына баса назар аударып отырған екен. Адамзаттың Айтматовы атанған Ш.Айтматовтың «Ақ жауын» әңгімесін, «Жәмилә» повесін аудару барысында Қ.Нұрмахановтың көп ізденіп, талмай еңбек еткендігі байқалады. Аударма жасау барысында түпнұсқа авторының стилін сақтауға, сондай-ақ, ұлттық ерекшеліктерді танытар тұстарға ерекше мән беруге аса бір ыждаћаттылықпен көңіл аударуы аудармашының өз ісінің шынайы маманы екендігін көрсетсе керек.
Сонымен, бұл жұмысымызда түпнұсқа мен аударма мәтіннің жалпы сипатын білу үшін, Қ.Нұрмахановтың көркем аудармалары мен аудармаға қатысты сын-пікірлерін зерттеу нысанасы етіп алдық. Аудармашылардың аудармашылық іс-тәжірбиесіне, аударма жасаудың қыр-сырына, аудармашылық болмысына, табиғатына тереңірек үңілу мақсатында аудармашылар жөнінде мәліметтер жинастыруға күш салдық.
Сонымен, аударманың әр қырын жеке түсіндіре келе бір халықты екінші халыққа таныстыра отырып, ұлт пен ұлтты бауырластыратын аударманың мейлінше жатық болуын талап етеді. Аударманың жоғарыда аталған қай толғанысыда ғылыми тұрғыдан қарағанда, ой саларлық, жаңаша көзқарастар қалыптастыратыны даусыз.
Рас, қазақ аударматану ғылымының тәжірибесінде көркем аударманы аударудағы аудармашы шеберлігі туралы зертеу еңбектердің көп екендігі мәлім, бірақ, аударма сыншыларының еңбектері туралы кешенді талдаулардың аздығы көңіл құлазытады.
Сондықтан, бұл жұмыстың алғашқы, «Қ.Нұрмаханов аудармаларының мәні мен маңызы», атты тарауын дәл осы кемшіліктің орынын толтырмаса да, бір септігін тигізер деген мақсатқа бағыттаған едік, және бұл ойымыздың нәтижесін зертеу барысындағы қол жеткен табыстарымыз айқындай түспекші.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет