Қырғызша нұсқасы: Сүрөттүн тээ ички тереңинде – күзгү асмадын ала-бүркөк чет жакасы. Шамал бирин-серин булуттарды бир жакка бет алдырып, алыста кылтыйган чокуларга жандатып, кыялата айдап бара жатат. Андан берки көрүнүштө – бозоргон сары талаа, кең өзөн. Чет-четтен чийлер ыкташып, жаан-чачындан кийин топурагы борпоң тоборсуп карайган жолдо, катарлаш баскан эки жолоочунун изи тигинен бери чубайт. Жолоочулар улам жакындаган сайын алардын издери жерге даана түшүп, өзддөрү азыр дағы бир-эки кадам шилгешсе, алкактың сыртына аттап, ушундан ары кетип калчудай сезилет. Айтмакчы, жолоочунун бири... Бирок мен шашпайын, сөз башынан болсын [48, 196].
Орысша нұсқасы: В глубине картины - край осеннего поблекшего неба. Ветер гонит над далекой горной грядой быстрые пегие тучки. На первом плане - красно-бурая полынная степь. И дорога черная, еще не просохшая после недавних дождей. Теснятся у обочины сухие, обломанные кусты чия. Вдоль размытой колеи тянутся следы двух путников. Чем дальше, тем слабее проступают они на дороге, а сами путники, кажется, сделают еще шаг - и уйдут за рамку. Один из них... Впрочем, я забегаю немного вперед [49, 150]. Қазақша нұсқасы: Суреттің арғы түбінде күзгі сұрғұлт аспанның бір шеті көрінеді. Жел бірен-саран бұлттарды алыста мұнартып көрінген шоқыларға қарай айдап барады. Онан бері – көсіліп жатқан сары дала. Екі жағында қураған қалың шилері бар, жауыннан кейін беті тобарсыған қара жолда қатар жүрген жолаушының ізі шұбап жатыр. Жолаушылар бері жақындаған сайын, іздері жерге айқын түсіп, енді бір-екі аттаса рамканың сыртына шығап кететіндей. Айтпақшы, жолаушылардың бірі... Бірақ, мен асықпайын, сөз басынан болсын [50, 11].
Аударма нұсқалардың бір-біріне ұқсастықтары бар. Айырмашылықтары да жоқ емес. Мысалы: «бозоргон сары талаа, кең өзөн» деген қарғызша нұсқа орысшада «красно-бурая полынная степь» деп аударылса, қазақшада «көсіліп жатқан сары дала» деп аударылған. Аударма нұсқалардың ешбірінде «кең өзен» тіркесі қамтылмаған. Ұмыт қалған сияқты, немесе аудармашы қазақ тіліне аударғанда орысша мәтінге көбірек назар аударған. Дегенмен екі нұсқа да түпнұсқадан алшақтап кетпеген.
Көркем әдебиетті аудару - творчестволық жұмыс. Ол әдеби тілдің өсуіне, ұстарылуына көмектеседі. Оның үстіне творчество адамы аудара отырып, көп нәрсені үйренеді. Абай аудармаға осы тұрғыдан қараған. Аударма арқылы ұлт республикалары жазушының шығармашылығы орыс жазушының да рухани қазынасына айналды. Ұлт жазушыларының кітаптары орыс тілі арқылы басқа ұлт тіліне аударылуда. Туысқан халықтар әдебиетін тікелей өз ұлты тілінен аудару қажет» [51, 47б.]. Демек, аудармашы тікелей орысша нұсқасына көп еліктемей, тікелей аударғаны дұрыс болар еді. Өйткені мәтінде орысша нұсқа негізінде жасалғандығы байқалып қала береді.
Қ.Нұрмахановтың аудармашылық шеберлігі – повестегі монологтарды үйлесімді қиыстырылуынан, кейіпкерлерінің психологиясын терең білгірлікпен сипаттауынан, тілінің көркемдігінен т.б. қасиеттерінен аңғарылады. Сондай-ақ, аудармашы кейіпкерлерінің жанына үңіле біледі. Оның шығармашылығына тән ерекшелік – кейіпкерлерінің ішкі әлеміндегі сан қилы сезімдердің шарпысуын, солардың қайғы-қасіретін, қуаныштарын кейіпкерлердің өз сөздерімен, қимыл-әрекеттерімен шебер көрсете біледі. Бұл диалогтарда да айқын көрініс табады.
Мысалды тағы шығармадан қарастырайық.