Мазмұны нормативтік сілтемелер



Pdf көрінісі
бет112/163
Дата08.02.2022
өлшемі5,46 Mb.
#122048
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   163
Байланысты:
disser (2)

ал адам дамуының өзі – оның еркіндікке деген қозғалысы
” деп есептейді. 
Оқушылардың шығармашылығын зерттеген еңбектерді зерделей 
отырып, бастауышта шығармашылық қабілеттілік оқу әрекетінде көрінетінін, 
ал даму өнімі “оқуға құштарлықтары, ынталылықтары” екендігін, ал, 
жасөспірімдік кезеңде оқушы оқу әрекетінің жеке, дара субьектісі ретінде 


26 
дами бастайтындығын айтуға болады. Бұл кезде оқушының әрекет үстінде 
жеке тұлға болып қалыптасуы оның шығармашылықты қажетсінуіне тәуелді 
екендігі түсінікті.Табиғаты жағынан зерттеушінің де, өнертапқыштың да және 
оқушының да шығармашылық іс-әрекетіндегі жалпы ортақ нәрсе, олардың 
барлығы да “заттардың белгісіз байланыстарын” іздеуді жүзеге асырады. Ал, 
оқушыларды белгісіз байланыстарды оқып үйренуге не ізденіске баулу – бұл 
оны болашақтағы еңбек іс-әрекетіне, жалпы 
шығармашылыққа үйрету
болып 
табылады. Бұл шығармашылықты - білімді ауыстырушылық біліктілігі, 
салыстыра білуі, қайта құрастыруы; нұсқаларды ауыстыру бейімділігі, 
шешімдердегі үнемділігі, уақыт пен құралды тиімді пайдалануы т.б. 
әрекеттермен сипаттаудан көрінеді. 
Әдетте, бір нәрсені жасауға, тудыруға деген қабілеттілік балаларда 
мектеп жасына дейін-ақ қалыптаса бастайды. Бұл кезде шығармашылық 
актілері ойын әрекетінде жүзеге асады да, даму өнімі “қиял, елес” болып 
есептеледі. Осы ретте В.В.Давыдов “... жаңа тұлға негізінде шығармашылық 
бастау жатыр, жеке тұлғаның маңызы оның жасампаздыққа, мұқтаждығына 
және қабілеттілігіне байланысты”,- деп есептейді [130].
Б.И.Коротяев [131] шығармашылықтың сырттай көрінісі – білімді өз 
бетінше игеру және оны іс-әрекетте қолдана білу деген пікірін айқындау үшін 
оның негізгі көрсеткіштері ретінде мына факторларды ұсынады: 
-
ойдың жеке-даралығы, әдеттегіден тыс жауап табу; жаңашылдық; 
-
ойдың жүйріктігі – кейбір талаптарға сәйкес уақыт бірлігінде пайда 
болатын ассоциациялық идеялар саны; 
-
ассоциациялық байланыстардың пайда болуының жылдамдығы және 
дамуы; 
-
мәселенің өзектілігі, әдеттен тыс шешімі. 
Қазақстандық ғалымдар Ш.Таубаева, Р.С.Омарова, Қ.Ж.Бұзаубақова, 
Б.А.Тұрғынбаева, Р.Қ.Ізтілеуова [132,133,134,135 Ізтілеуова]. шығармашылық 
пен еркіндіктің диалектикалық түсінігінің қалыптасу деңгейін қарастыра 
отырып, шығармашылық үдерістің әлеуметтік қатынастармен байланысын 
көрсетеді және шығармашылықты адамның рухани мәдениетін дамыту шарты 
ретінде талдайды. Олар 
шығармашылықты
– адамның белсенділігі мен 
дербестігінің және қиял-ойын іске асырудың жоғары формасы деп, оның 
маңызды ой-тұжырымның бірізділігі негізінде логикалық жүйенің және 
интуициялық сезімнің, оралымды, логикалық ойлаудың ерекше тәсілдерінің 
іске асуы болып табылатындығына тоқталған. 
Адамның рухани, интеллектуалды, басқа да кәсіби әрекетке 
шығармашылықпен 
өзін-өзі 
дамыту 
негіздеріне 
А.Е.Әбілқасымова, 
С.Смаилов, М.Ә.Құдайқұлов, Қ.Р.Дүйсембінова, Т.Әлсатов, Б.К.Момынбаев 
және т.б. отандық ғалымдардың еңбектерінде де мән берілген 
[242,243,244,245,246,52,40].
А.Е.Әбілқасымова: “Шығармашылыққа үйрету тұлғаның аспектісі ғана 
емес, оның психологиялық, мінез-құлық ерекшеліктерін де көздейді. Оған 
жігерлілік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қажырлылық пен 


27 
табандылық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, белгісіз 
жағдайдағы өзіне сенімділік, аққиқатты іздеудегі және қарым-қатынастағы 
адалдық жатады”,- деп шығармашылықтың және жеке тұлғаның 
қызығушылығын ояту маңыздылығын нақты көрсеткен. “Шығармашылық 
мүмкіндікті қалыптастырудың маңызды міндеті – дарынды балалармен, 
оларды табумен және мадақтаумен, олардың өзін-өзі жоғары дәрежеде 
дамытуға жағдай жасаумен байланысты болып отыр”,-деп тұжырымдайды 
[242, 52-б.]. 
Сонымен, «шығармашылық» ұғымын талдау бізге мынадай тұжырым 
жасауға мүмкіндік берді. Шығармашылықты тек еңбек және құрастырмалы-
көркем білім дағдыларды үйрететін пән ретінде қарастырмай, ойларды, 
түйсіктік іс-әрекетті қалыптастыратын пән ретінде қарастыру керек. Оған 
берілген анықтамалар сан қилы, сондықтан да шығармашылық анықтамалары
күрделі талдауды қажет етеді. Оларды талдай келе барлығына ортақ болатын 
бір белгіні анықтауға болады, ол әйтеуір бір жаңаның, ерекшеліктің жасалуы. 
Шығармашылық - өте күрделі психологиялық үдеріс. Ол тек адамға ғана тән 
іс-әрекет. Демек, оны төмендегідей ерекшеліктермен сипатталатын адам 
әрекеті деуге болады:
-
шығармашылықтағы қарама-қайшылықтардың болуы;
-
әлеуметтік және жеке адамға деген мәннің болуы;
-
шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы; 
-
шығармашылық тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;
-
нәтиженің жаңалығы, сонылығы.
Сонымен бірге, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдаудан 
шығармашылық проблемасы шығармашылық қабілет пен интеллектінің өзара 
ықпалдастығы тұрғысынан қарастырылып, оның дербес фактор, бірақ 
дивергенттік ойлаумен тікелей байланысты іс-әрекет түрінде көрсетілетінін 
анықтадық. Мұндағы дивергенттік ойлауды (Дж.Гилфордтың термині) – бір 
нысанға немесе қандай да бір міндетті шешуге байланысты түрлі және дұрыс 
идеяларды ұсыну үдерісін суреттеу деп түсінеміз. 
Осы айтылған ойларды қорытындылай отырып, «шығармашылық» 
ұғымының мазмұны «шығару», «іздену», «жаңаны ойлап табу» деген 
мағынаны білдіреді, ол жаңалық ашатын адамның әрекетінен, адамның 
мақсатқа бағытталған қызметіндегі ізденімпаздығы мен белсенділігінен, 
табандылығы мен жігерінен құралып, ақыл-ой мен сезімінің, креативтілігінің 
бірегейлігінен туындайды деп айтамыз. Осыған орай, шығармашылықтың 
төмендегідей анықтамаларын тұжырымдауға болады: 
1)
Шығармашылық – жеке тұлғаның танымдық ынталануын, 
қажеттіліктері мен ізденімпаздығын қамтитын, өзін-өзі дамытуды танымдық 
қызығушылықтар негізінде жаңа нәтижеге жетуге талаптандыратын іс-
әрекеті. 
2)
Шығармашылық – жеке тұлғаның танымдық бағдары негізінде 
психологиялық сапаларын дамыта отырып, оқыту үдерісінің мақсатты 


28 
жүйесімен сабақтас жүретін, жаңа сапалық құндылықтарға жетелейтін рухани 
интеллектуалдық үдеріс. 
Шығармашылықтың мазмұнды жағы танымдық және мотивациялық іс-
әрекеттердің бірлігі болып табылады. 
Педагогика мен психологияда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет