1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты білім аладышылардың тоқсан барысында
меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-
сыныптарына арналған «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.