3. «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша күтілетін нәтижелер Біледі: көрсеткішті, логарифмдік функциялардың анықтамаларын, олардың қасиеттерін және графиктерін;
көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу әдістерін;
алғашқы функцияның, анықталмаған және анықталған интегралдың алғашқы функцияларының анықтамаларын;
анықталған интегралдың көмегімен жазық фигураның ауданын және дененің көлемін табады формулаларын біледі.
Түсінеді: бір айнымалысы бар көпмүшенің стандарт түрде жазылуын;
«бас жиынтық», «таңдама», «дисперсия», «стандартты ауытқу» терминдерін;
туындының геометриялық және физикалық мағыналарын;
интегралдауды дифференциалдауға кері процесс ретінде түсінеді;
жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша: сан ұғымын кеңейту және комплекс сандарды енгізу қажеттілігін; координаталар әдісінің мәнін;
алмастырулар саны, теру, қайталанбалы орналастыру формулаларының мәнін;
екінші ретті туындының геометриялық және физикалық мағыналарын түсінеді.
Қолданады: көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу алгоритмдерін;
анықталған интегралды табадыда интегралдар кестесі мен Ньютон-Лейбниц формуласын қолданады.
Талдайды: - геометриялық және физикалық мазмұндағы есептерді талдайды және ондай есептерді интегралдың көмегімен шығарады.
Жинақтайды: - логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің түрлі әдістерін.
Бағалайды: - көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктердің шешімдерін бағалайды.
4. «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша ойлау дағдыларының деңгейі