Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз. қолдану – пайдалану
бірінші рет – алғаш рет
керекті – қажетті
бүлінген – ластанған
залал – зиян
2-тапсырма Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.
Мысалы: Жердің биологиялық әр алуандылығы туралы білу – адамзаттың міндеті.
Адамзат________________________________________________________
Жауабы: Адамзат жердің биологиялық әр алуандығы туралы білуі тиіс.
"Биотехнология" деген терминді алғаш рет 1919 жылы венгр ғалымы К.Эреки енгізді.
Ата-әжелеріміз ежелден микроорганизмдерді қымыз бен шұбат, айран ашытуға, құрт пен ірімшік жасауға, нан пісіруге, тері илеуге, т.б. қажетті заттарды дайындауға пайдаланған.