Мазмұны Түсінік хат 4 Негізгі бөлім



бет20/41
Дата03.06.2022
өлшемі184,57 Kb.
#145888
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
Байланысты:
2 5247149807377585073

Барлығы

30




1-тапсырма
Төменде берілген мәтінді оқыңыз.


Жыл мен маусым

Қазақ жыл есебінде жаз бен қыстың бір-біріне ауысуын бір жыл санайды, бір жылда 12 ай, төрт маусым (төрт тоқсан), 48 апта, 360 күнге айырады. Осы жылдардың айналып келуіне қарай 12 жылды бір мүшел санап, оның айналу ретіне қарай хайуандардың атымен тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз жылдары деп атаған.


Есепшілер жаз есебін күн мен түннің көктемгі теңелу күнінен (наурыздың 22 күні) бастайды немесе үркер төмен түсіп таразы жұлдызы туғанға дейінгі аралықты жазға жатқызады. Ал, қыс есебін күн мен түннің екінші теңелуі –екінші тоғыс мизамнан (тамыздың 2 күнінен) есептеп яғни, сүмбіле жұлдызы туып үркер көкке көтерілген уақытты қысқа жатқызады.
Қазақ жыл есебінде жылдың басы бірдің айы немесе наурыз айы деп санайды. Наурыздың бірінші күні (21 немесе 22 күні) күн мен түн теңеліп қыстың суығы қайта бастайды. Тілімізде Наурызға қатысты «жер бетіне жақсылық ұялаған күн», «ұлыстың үлы күні – ұлыс күн», «ұзақ ұшып келген күн», «жыл басы» - жылқышы торғай (нәуірзек) келген күн, «көк кұт көзін (өсімдік) ашқан күн», «жылдың жерге түскен күні», «Самарқанның көк тасы еріген күн» тәрізді бейнелі сөз оралымдары сақталған.
Наурыздың алғашқы күні (қызыр түні) «береке басынан басталады», «жыл бойы ақ мол, дән тасқын-тасқын, жауын-шашын көп болсын» деп үй сайын қысқы сақтаған сүрілерін, бидай, арпа, тары, бұршақ тағы басқада дәндерді дайындап, қазан-қазан көп көже істеп, қыдырып ішіп, сол жылға, елге жақсылық тілеп, «Ұлыс береке берсін, төрт түлік ақты болсын, жыл басы жақсы болсын» деген сияқты тілектер айтысып масайрайтын болған. Сонымен бұл дәстүр қазақтың наурыз мерекесіне айналып, әр жылы осы күнді мерекелеп отыратын болған.
Есепшілер наурыз күні қар жауса «Нұр жауды, туар жыл жақсы болады» деп есептейді. Наурыз күні жауған қар үстіне құмалақ тастағанда қар бетінде қалса, көктем 40 күн кешігеді, егер құмалақ қар бетіне бармақ бойы батып кетсе көктем ерте туады деп межелейді екен.
Қазақ есепшілері күн мен түннің қысқару, ұзаруын да бақылап, «шілде де күн шыл адым қысқарады» (шілденің 22-інен бастап қысқаруы), «қаңтарда күн қарға адым ұзарады» (қаңтар айының 22-інен бастап ұзаруы) деп есеп жасайтын болған. Мұндай күн мен түннің теңелуін, қысқаруын, ұзаруын дұрыс межелеу адамдардың тұрмысы мен өндіріс жұмысында реалдық маңызға ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет