Мазмұны Түсінік хат 4 Негізгі бөлім



бет23/41
Дата03.06.2022
өлшемі184,57 Kb.
#145888
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41
Байланысты:
2 5247149807377585073

Барлығы

30




1-тапсырма
Төменде берілген мәтінді оқыңыз.


Қазақ телевизиясы.
Қазақстанда көгілдір экранның сәуле шашқанына биыл - 60 жыл! Осы уақыт аралығында ол техникалық жаңғыру, шығармашылық күштердің өсіп-өркендеуі жағынан бірталай белесті басынан өткерді. Ең алғашқы салмағы ауыр көне камералардан, студияға әрең сиятын телеаппараттардан қазіргі шағын, қолайлы, сапалы әрі сан қилы мүмкіндігі бар цифрлық телевизияға дейін өзгеру дәуірін кешкен Қазақ телевизиясы шығармашылық жолдың түрлі кезеңдерінен өтті. Бүгінде бірнеше ұрпақ үлес қосқан іргелі де, жан-жақты дамыған, халқымыздың ақпараттық, рухани қажетін өтеп отырған қуатты күшке айналды.
1958-ші жылы қазақ телевизиясының іргетасы қаланды. Сол жылы 8-ші наурызда Алматы студиясынан алғашқы хабар берілді. Ал, желтоқсан айынан бастап күнделікті бес сағаттық хабар таратыла бастады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақ теледидарының тарихында жаңа кезең басталды. 1994-ші жылы 4-ші сәуірде Президент жарлығына сәйкес «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы құрылды. 2002-ші жылдан бастап ол «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы деп аталып келеді.
Телевизия - туған күнінен бастап адамзатты таңырқатып келе жатқан құбылыс. Ол техникалық жағынан қиял жетпес тың мүмкіндіктерді ашып, көз ілеспес жылдамдықпен, адуынды қарқынмен жаңғырып, дамып келе жатыр. Жаңа өнер ретінде бүгінгі күнге дейін хабар атаулының барша қасиетін бойына сіңіріп, жаңа тұрпатты дүние тудырып отыр. Ол - бір сәтке ортақ мақсат үшін көптеген елдерді жұмылдыра білетін қуатты күш. Ұлттың ұлы мұратына жетуіне орасан көмек беретін құдіретті құрал.
Әлеуметтанушылардың зерттеуі бойынша, бүгінде адам теледидарсыз өмір сүре алмайтын халге жетті. Олай болса, бұл феноменді тану, зерттеу, мемлекеттік идеологияда ұтымды пайдалану өзекті мәселе саналады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ қазақ телевизиясы қарыштап дамып, өркениет көшіне ілесіп, өрге жүзуді мақсат етті. Осы тұста жергілікті телеарна жарық көрді. Осыдан 27 жыл бұрын, 1-ші ақпанда аймақтың арнадан алғашқы хабар эфирге шықты. 
Ширек ғасырдан астам уақыт бұрын жіңішке және жалпақ кинотаспаларға жедел түсірілген тележаңалықтар, жылжымалы телеаспаптар арқылы оқиға ортасынан берілген телерепортаждар, студияның ішінде қойылған әртүрлі жанрдағы телетуындылар алғашқы талпыныстар болатын. Оның келе-келе шығармашылық ізденістерге ұласқаны бәріне аян. 
Телевизия өмірдің өзі тәрізді тоқтаусыз құбылыс болғандықтан, тынымсыз ізденіс еш толас тапқан емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет