Мазмұны: Зерттеудің теориялық сипаттамасы


Зерттеуді жүзеге асырудағы іс-әрекеттер



бет3/4
Дата13.02.2023
өлшемі0,78 Mb.
#168576
түріReferat
1   2   3   4
Байланысты:
Пед.конференция (1)

1.2 Зерттеуді жүзеге асырудағы іс-әрекеттер

Физиканы оқыту үрдісінде оқушылардың оқу- танымдық іс-әрекетін көтеру оқу уақытын көп жұмсауды қажет етеді. Осыған байланысты сабақта құрал жабдықтардың , есептерді шығаруда дайын сызбалар мен жазулардың, қолдан жасалған дидактикалық материалдардың тиімділігі зор.


Оқыту процесі шығармашылықпен ұйымдастырылса, онда оқушылардың білім дәрежесі оқытушы айтқан сөздерден емес, өздерінің ізденуі және есеп шығару әдістерін іздеу арқылы қалыптасады.
Оқу-зерттеу әрекеті – шығармашылық топтың немесе жеке оқушылардың алдын-ала нәтижесі белгісіз ізденушілік әрекеті.


Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдану барысында көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлемін:


1) сабақтың мазмұны,
2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,
3) сабақтың нәтижелігі.
Жалпы, оқытудағы мақсат оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның Ятиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға деңгейлік тапсырма беру. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. 9-сыныпта «Бүкіл әлемдік тартылыс» тарауын қайталау мақсатында өткізген сабағымның құрылымы ұжымдық оқыту, саралап, деңгейлеп оқыту. Тарау бойынша топқа бөліп, әр топқа осы тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар беремін.
8 сыныпта «Электр құбылыстары» тарауын қорытындылау сабағымда да деңгейлік тапсырмалардықолдандым.
І –деңгей бойынша сұрақтар 13 сұрақ қойылады. 13 сұраққа 5 балл беріледі.
ІІ деңгей бойынша семантикалық карта толтыру. Оқушы өзі ізденіп картаны толтырып береді. 10 балл
ІІІ деңгейде денелердің электрленуіне мысал келтіру. Денелерді электрлендірудің зиянды жақтары 15 балл
IV деңгей бойынша шығармашылық деңгей өздері дайындаған мәнжазбаларды қорғап шығады. 20 балл.
Физиканың даму тарихына үңілсек, ірі жаңалықтардың көбі эксперимент нәтижесінде ашылғанын көрер едік. Есептер шығару барысында оқушы физикалық шаманы есептейді және заңдар мен заңдылықтарды тағайындайды. Оқушыларды олимпиадаға дайындауға эксперименттік есеп беріп отырамын.
Оқушының пәнге қызығушылығын арттырудың бір саласы деңгейлеп, саралап оқытуда байқағаным, оның тиімді жақтары:
1) сыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі. Оқушы белсендігін оятады.
2) Оқушы өз білімінің деңгейіне жұмыстанады.
3) Оқушының өз бетімен жұмыс істеу тиянақтылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігі артады.
Осы әрекеттерді ұйымдастыру нәтижесінде:

  • Оқушылар зерттеу жұмыстары нәтижесінде биология, физика сабақтарында алған білімдерін практикада қолдануға үйренеді;

  • Оқу-зерттеу әрекеттерін ұйымдастыру негізінде оқушылардың жаратылыстану ғылыми сауаттылық деңгейі көтеріледі;

  • Қиындығы жоғары есептерді шығару қабілеттері дамиды;

  • Оқушының дүниетанымы кеңейеді, зерттеушілік, ізденушілік қасиеттері қалыптасады.










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет