Мазмұны: Зерттеудің теориялық сипаттамасы



бет2/4
Дата13.02.2023
өлшемі0,78 Mb.
#168576
түріReferat
1   2   3   4
Байланысты:
Пед.конференция (1)

Зерттеу мақсаты: НЗМ оқушылар жобаларын мектеп оқушыларының зерттеушілік қызығушылықтарын арттырудың ең тиімді жолы ретіндек сипаттау.
Зерттеу әдістері: Талдау, жинақтау,бақылау,сауалнама жүргізу,сұрақ-жауап,оқушылардың шығармашылық жұмыстарын зерттеу,салыстыру.



    1. Зерттеудің теориялық сипаттамасы

Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектебінде шындалады. Ертең осы елге ие болып тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары.


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2030» Қазақстан халқына жолдауында қазақстандықтардың өмір сапасының артуындағы міндеттердің бірі осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі атап көрсетілген: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті»- делінген.
Мемлекетімізді дамыған өркениетті елдер деңгейіне көтеру үшін болашақ ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап жан-жақты білімді, кәсіпкерлік ортаға бейімді етіп тәрбиелеу басты бағытымыз. Біздің міндетіміз дүниежүзіндегі жаңалықтармен, жауапкершілік, ерік күш сезімдерін сіңіру, яғни олардың дамуына үлкен мән беру. Ал дамудың негізі – білімде.
Білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының дербестігін, іздемпаздығын, белсенділігін мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талап етеді. Сондықтан оқушылардың мектепте оқып жүрген кезінде олардың ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктіліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге қажеттілігі туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін оңтайлы ұйымдастыруға тікелей байланысты. Мектеп оқушысы жаңаша өмір сүріп қоймай, қоғамның әлеуметтік, құқықтық, экономикалық нормаларын меңгере отырып, қоғам мен тығыз байланыста болуын дамыту.
Жүсіпбек Аймауытов “Баланың ынтасын арттыру үшін оқылатын нәрседен бір жаңалық болуы керек”,- деп баса көрсеткен болатын.
Олай болса, аталған мақсатқа жетудің міндеттеріне тоқтала кетейік:
1) оқушылардың теориялық білімдерін шыңдау
2) оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін ескеру
3) шығармашыл тұлға қалыптастыру.

Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытуға арналған зерттеулердің нәтижелері оқушылардың танымдық қызығушылығының көрсеткіштері ретінде төменде берілген:

  • таным үрдісіндегі белсенділігі, білімге қызығушылығы;

  • өздігінен ізденушілік әрекет жасауға ынтасы;

  • оқу-танымдық қызметтегі негізгі түйінді анықтау білігі;

  • игерілген білімді тасымалдай білуі;

  • өз іс- әрекетін бақылауы, бағалауы;

Оқушылардың танымдық қызығушылығының ең жоғары деңгейі танымдық міндеттерді өздігінен шешуге ұтымды жолдарды қолдана білуімен, жаңаны білуге деген қызығушылығының жоғары болуымен және өз іс- әрекетін бақылап, бағалай білумен сипатталады.Орта деңгейде оқушы танымдық іс-әрекет деңгейін өздігінен орындауды оқытушының көмегін қажет етуімен сипатталады, төменгі деңгейде оқушы тапсырманы қайталаумен шектеліп, оқытушының көмегімен орындалады.

  • Маған айтшы – мен ұмытып қаламын;

  • маған көрсетші – менің есімде қалады;

  • өзіме істетші –мен сонда түсінемін

Уильям Глассер зерттеулері бойынша оқушы:

  • 10% оқығанынан,

  • 20% естігенінен,

  • 30% көргенінен,

  • 50% көріп, естігенінен,

  • 70% басқалармен бірге талқылағанынан,

  • 80% өзі сезінгенінен,

  • 95% басқа біреуге үйреткенінен қабылдайды екен.

Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % - ын және көргенінің 20 % - ын есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видео ақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады. Оқушы қабылдау түрлерімен бір мезгілде жұмыс жасаса, қабылдау күшейеді.
Оқушылардың мәліметтерді есте сақтауына мәтін,түрлі бейнелер,анимациялар, дыбыс, графика, аудиожазбалар,видеороликтер үлкен рөл атқарады. Жоғарыда айтылғандар оқыту әдістерінің құралдары ретінде пайдаланылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет