Мдұ тәрбиелеу және оқыту жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



Дата25.01.2022
өлшемі135,3 Kb.
#114293
Байланысты:
санитария оқыту және тәрбиелеу талаптар


МДҰ тәрбиелеу және оқыту жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

  • Объектілердің жиһазы мен жабдығы балалардың бой-жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Объектілерде ойын, оқу кабинеттері үстелдермен, арқалықтары бар орындықтармен жабдықталады.

  • Балалар үйінде тәрбиеленушілердің оңтайлы саны 100-150 баланы құрайды. Топтардың толымдылығы туғаннан бастап 1,5 жасқа дейін – 10 бала, 1,5 жастан 2 жасқа дейін – 13 бала, 2 жастан 3 жасқа дейін-15 бала.

  • Топтағы шешінетін бөлмелер сыртқы киімге арналған шкафтармен және орындықтармен жабдықталады.

  • Спорт залдарының жанындағы киім шешетін бөлмелер шкафтармен немесе киімге арналған ілгіштермен, орындықтармен жабдықталады.

  • Пайдаланылған ойыншықтарды күн сайын күннің соңында жуу құралдарын қолдана отырып жуады. Ойыншықтарды жууға арналған ыдыс, шүберек және щетка таңбаланады.

  • Жұмсақ ойыншықтарды пайдаланғаннан кейін күннің соңында ойыншықтардан кемінде 25 см қашықтықта бактерицидті сәулелегіштермен 30 минут бойы дезинфекциялайды.

  • Ерте жастағы топтарда және медициналық мақсаттағы үй-жайларда жұмсақ және пенолатексті түкті ойыншықтар пайдаланылмайды.

  • Балаларға сатып алынған өнімге (ойыншықтар, аяқ киім, киім, ыдыс, жеке гигиена құралдары, мектеп-жазу құралдары, төсек-орын жабдықтары, парфюмерлік-косметикалық өнімдер, жиһаз) олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар ұсынылады.

  • Жиһаз, Жұмсақ, қатты мүкәммал, жабдық жұмыс жағдайында болады. Уақытылы жөндеуге немесе ауыстыруға жатады.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет