М.Әбенова атындағы жалпы орта мектеп кмм директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Таубаева Улбиби Сайиновна Қашықтықтан оқыту-заман талабы



Дата07.02.2022
өлшемі49,41 Kb.
#91073
Байланысты:
Қашықтықтан оқыту- заман талабы ТУС мақала
Қашықтықтан оқыту- заман талабы ТУС мақала

Түркістан облысы Түркістан қаласы
М.Әбенова атындағы жалпы орта мектеп КММ
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Таубаева Улбиби Сайиновна Қашықтықтан оқыту-заман талабы
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім жүйесіндегі жаңа ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңйнен қолданысқа ие болуда.
Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесіде қолданудың аса маңызды факторының негізгі қозғаушы күші- біз, яғни адам. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жүйесі мұғалімдер мен оқушылар арасында кез келген форматтағы файлдармен алмасуды көздейді.
Қазіргі заманда білім жүйесінің қоғам талабына, уақыттың сұранысына орай, күнннен-күнге қарыштап дамуы, әрбір ұстаздан сабақты жан-жақты іздене отырып, ғылыми жобада жасауын міндеттейді және талап етеді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Білім беру жүйесін жан-жақты ақпараттандырып, қашықтықтан оқытудың алғы шарттары» айқын жазылған.
Алдымен «қашықтықтан оқыту» ұғымына тоқталатын болсақ, қашықтықтан оқыту жеке тұлғаның білім алуға және өзіне қажетті ақпараттарды алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай , мектептерде аймақтық желіні пайдалана отырып, шығармашылық ізденістегі жұмыстары таратып, оқыту үдерісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасу ұстаздар қауымы үшін таптырмас көмек болары анық.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың бізге белгілі үш формасы бар: онлайн (синхрондық), оффлайн (асихрондық), сонымен қатар кең тараған үшінші түрі әрине вебинар.
Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.
Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз - интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.
Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.
Қазіргі әлемдік деңгейде болып жатқан қиын сәтте сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда ұстаздың атқарар рөлі зор. Ұстаз қауымына әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол қысқа мерзімді оқу жоспарын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар жасайды, береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас басты назарда болады. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін педагог-ұстаз оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт.
Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне аса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес.
Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:
Оқытушы компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.
Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі қажет.
Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет.
Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.
Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.
Жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі модульдік курстардың әдістемелерін баяндай және курстарды өткізуді ұйымдастыра білуі қажет.
Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет.
Бұл қиыншылықты мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен оқушылар, ата-аналары түсінді, өзгерісті қабылдады. Тек ғана, бірлескен күш-жігердің арқасында осы кезеңді абыроймен еңсере алатынымызға шын жүректен сендік. Білім бөлімі тарапынан аса маңызды шешімдер қабылдауға бағыт-бағдарлар беріліп, кедергілерден шығу мақсатында ата-аналар қамқоршылық кеңесімен бірлесіп, мектеп ұжымы ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, 2019-2020 оқу жылының төртінші оқу тоқсанына қызу дайындықты бастап кеттік. Барлық мүмкіндіктерді, аспектілер мен тәуекелдерді жан-жақты ой елегінен өткізе отырып, ағымдағы оқу жылының соңғы тоқсанына арналған жұмыс жоспарлары жасалынды. Жоспар аясында біршама жұмыстар жүргізілді.
Қашықтық оқыту жағдайындағы мектеп ұстаздарына әдістемелік қолдау көрсету вебинарлар арқылы, ата-аналар мен оқушыларға арналған түсіндірме жұмыстары ZOOM интернет платформасы арқылы жүзеге асып жатты. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға мектептегі компьютерлер мен планшеттерді уақытша пайдалануға беріліп, көмек қолын ұсындық. Қашықтан оқыту бағдарламасы аясында ұсынылған әрбір платформалар тиімді болды, ұстаздарға көмегі зор болды. Бұл цифрлық жүйелер оқушыларға өткен сабақты немесе бұрын талқыланған тақырыпты қайта қарауға, сондай-ақ онлайн-сабақ өткізуге, кері байланыс орнатуға, жеке дара оқыту мен тапсырмаларды геймификациялауға зор мүмкіндік береді.
Осы жұмыстар аясында бұл жаңаша үдеріс ұстаздардың басқа қырынан таңылуына, сонымен қатар ұстаздардың теле жүргізуші, диктор ретіндегі мүлдем жаңа рөлді меңгеруіне әкелді. Кәсіби деңгейлері артты. Оқу тоқсанының алғашқы аптасында сабақ беру барысындағы мен қазіргі осы үшінші аптасы аясындағы өзгерістер туралы мектеп ұстаздары мен ата-аналар, оқушылар пікірін сіздерге ұсынбақпын. Біздің білім шаңырағының ата-анасы әрі ұстаз Шалманова Мадина Шәкірбекқызының пікірін тыңдасақ.

Қашықтан оқытуға ұстаздар мен студенттер бұл жағдайға тез бейімделіп кетті. Ал, оқушыға бұл белгілі-бір қиындықтар туғызды. Атап айтатын болсам: ғаламтордың керектігі, ұялы телефонның және электронды құралдың болмауы немесе көпбалалы отбасында техниканың жетіспеуі. Қашықтан оқу мектепте алып жатқан білімнен төмен, себебі, мұғаліммен тығыз байланыс жоқ. Дер кезінде сабақты түсінбеген жағдайда көзбе-көз сұрап біле алмайды. Ата-ана болғасын бар білгенімізді айтамыз, білмесек мұғалімді қайта мазалауға тура келеді. Дегенмен, бұл жағдайдың жақсы жақтары да бар.
Балаларымыз техникамен жақынырақ танысып, әлеуметтік желелерді еркін қолданып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдылануда. Және де қашықтан оқу барысында балаларымыздың бос уақыты артты оны шығармашылыққа немесе білімін тереңірек жетілдіруіне жұмсай алады. Қорыта айтқанда қашықтан оқытудың пайдасы мен зияны бірдей деуге болады. Република аумағында карантиндік шектеулердің жалғасуына байланысты әлі де қашықтан оқу жүйесін пайдалануға мәжбүрміз. Бұл әрине уақытша жағдай. Халқымыз шыдамдылық танытып, оқшаулану шараларын аясындағы шектеулерді толық орындаса ауыр дертті жеңіп шығатынымызға кәміл сенемін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Арман Дильназ, тоғызыншы сынып оқушысы: Соңғы бір ай ішінде еліміздің білім алуы атышулы індеттің өршуіне байланысты қашықтық оқыту бойынша оқуға көшірілді. Бұл жүйе оқушыларға таңсық болғандықтан оны иегеру оңайға соқпады. Кей отбасыларында интернет жүйесінің болмауы, смарт телефондарының жетіспеуі орын алды. Дегенмен, әрбір ата-ана өз баласының сапалы білім алуы үшін олардың жағдайын жасауға тырысты. Мен өзіме келсем, менде алғашқыда бұл жүйені қабылдай алмадым. 
Көптеген жылдар бойы өз ұстаздарымның тікелей қарым-қатынаста білім беру тәсілдеріне үйреніп қалғандықтан және теледидар арқылы берілген сабақтарды қоса оқу қиындық туғызды. Бітіруші түлек ретінде өз-өзімді жинап, жауапкершілікті сезініп, қашықтық платформалары арқылы білім алуға үйрене бастадым. Тез үйреніп кетуімен ұстаздарымның да көмегі, ата-анамның қолдаулары зор көмек болып, кәзіргі күні өз уақытымның кестесін құра отырып, күн тәртібі бойынша білім алып келемін. Қорыта келе айтарым, адамның көңілі шын мейірленсе, білім алуға құштарлығы мен зор ынтасы болса білім мен ғылымды қандай жағдай болса да иегеруде еш кедергі болмайды деп ой түйдім.
Ұстаздар мен ата-аналарға қоса оқушылардың ойын тыңдай отырып, ой түйгенім мынау болды. Қиын кезеңге қарамастан, мұғалімдер мен оқушылар, ата-аналар жағдайға бейімделіп, өз міндетін лайықты атқаруда. Ұлағатты ұстаздарымызға және ата-аналар мен оқушыларға алғысымды білдіргім келеді!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет