7. Жүктіліктің мерзімін УДЗ мәліметі бойыншаанықтау үшін:
жүкті әйелді УДЗ-ге жіберіңіз;
трансабдоминалды сканирлеу кезінде жүктіліктің барын 4-5 аптадан бастап анықтауға болады;
трансқынаптық эхография кезінде-1-1,5 апта ерте анықтауға болады;
жүктіліктің бірінші үш айлығында жүктіліктің мерзімінің ең дәл көрсеткіші құйымшақ-төбе өлшемі (ҚТӨ) болып саналады;
нәрестенің фетометриясы кезінде нәрестенің бипариеталды өлшемін, бастың шеңберін, іштің шеңберін және сан сүйегінің ұзындығын анықтайды.
Ескерту. Жүктіліктің мерзімін анықтау әйелдер консультациясында, акушерлік стационардың
қабылдау-қарау бөлімшесінде (фильтрде),перзентхананың жүктілер патологиясы
бөлімшесінде, сонымен қатар адамның ұрық өрбіту қалалық орталығында.