29. Операцияға дәрігер акушер-гинекологты киіндіру.
Мақсаты-студентке операция алдында дәрігер акушер-гинекологті киіндіруді үйрету.
Көрсетулері-акушериялық және гинекологиялық операциялар.
Қарсы көрсетулері-жоқ.
Мүмкін болатын асқынулары-жоқ
Ресурстары-ақ жаймалары бар стерилді бикс, 96% этил спирт,стерилді корнцанг, стерилді
пинцет, стерилді шариктер, стерилді бір рет киетін резеңке қолғаптар,стерилді
вазелин майы.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
2.Санитарбикенің пинцетпен бикстен алып берген құрғақ сүлгісімен, қолдарыңызды құрғатыңыз.
3.Хирургке спиртке малынған шарикті корнцангпен алып беріңіз, осымен дәрігер акушер-гинеколог қолдың саусақбілезігін тазалайды.
4.Бикстен халатты алыңыз.
5.Оны көтеріп тұрып айналдырып жазыңыз, дәрігердің екі қолыда бірден жеңдеріне лезде киюіне мүмкіндік жасаңыз.
6.Санитарбике жоғарғы бауларды тарта отырып ,оларды артқы жағынан байлайды.
7.Баулардың ұштарынан ұстап ауыз мұрынжапқышпен бірге стерилді үшкіл орамалды беріңіз.
8.Хирург ештеңеге қолдарын тигізбей, ауызмұрынжапқыштың бұрышынан ұстап алып,бауларын артқа қарай лақтырып тастайды.
9.Санитарбике бауларды артқы жағынан байлайды.
10.Хирургке бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды кезегімен беріңіз.
11.Қолғаптың манжеттін саусақтардың ұштарымен алыңыз,оны көтеріп ашыңыз,өзіңіздің саусақтарыңызды манжетпен жабыңыз.
12.Қолғапты алақан жағымен хирургке қарай аударыңыз.
13.Хирург қолын қолғапқа кіргізеді (кию кезінде қиындық болса,онда қолдарды вазелин майымен майлауға болады).
14.Манжетті түзетіп жазыңыз ,ол халаттың манжетін тартып тұруы қажет.
15.Хирургке спиртке малынған шарикті беріңіз,ол онымен қолғаптар киген қолдарын тазалайды.
30. Акушериялық және гинекологиялық операциялар үшін таңу материал дайындамасы.
Мақсаты - акушериялық және гинекологиялық операциялар үшін таңу материал дайындауды студентке үйрету.
Көрсетулері – акушериялық және гинекологиялық операциялар.
Қарсы көрсетулері-жоқ.
Мүмкін болатын асқынулары – жоқ.
Ресурстары – дәке, бинттер, ағаш таяқша, қайшылар, мақта, сабын, орамал, білтелер,
кесінділер, мақталы тупфер.
Іс – әрекет алгоритмі:
1. Дәкенің сапасын тергеңіз (ол ақ, жұмсақ, майсыз және гигроскопиялы, болуы қажет).
2. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
3. Бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.
4. Операция және таңу үшін сүлгілердің үш өлшемін дайындаңыз: үлкен, орташа және кіші. Бұл үшін қайшылардың көмегімен дәкені келесі өлшемде кесіңіз: 40х60 см, 37х30 см, 20х15 см.
5. Сүлгіні жинап қойыңыз, барлық шеттері ішінде болсын.
6. Операция және таңу үшін тығындарды және шариктерді дайындаңыз. Шариктерді дәкенің кішкентай кесектерінен 11х10 см немесе 11х5 см дайыңдаңыз, оларды үшбұрышты немесе төртбұрышты конверт сияқты дәкелі түйір құрыңыз (жіптері шариктің ортасына қарай жиналуы керек).
7. Білтелерді және кесінділерді ені 5 см және ұзындығы 40-50 см бинттің кесінділерінен жасаңыз, ұштарын ішіне қарай 1-1,5 см қайырыңыз.
8. Ұзындығы 5-20 см ағаш таяқшаның ұшына мақтаның кесектерін орап мақталы тупфер дайындаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |