8.Параққа екі көрсетудіде белгілеңіз.
9.Емшараны күнсайын ертемен бір-екі ай бойы қайталаңыз.
10.Температулалық графикті әртүрлі түспен сызыңыз,онда етеккірлік циклдің күндерін және етеккірлік күндердің санын белгілеңіз.
11.Дәрігерге температуралық графикті көрсетіңіз.
12.Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ-ға салыңыз.
13.Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.
Ескерту.Әйелге түсіндіріңіз,ректалды (базалды) температураны өлшеуге болады,тек қолтықасты темрпературасы қалыпты болған кезде,ал егерде ол жоғары болатын болса,онда өлшеуді тоқтату қажет.Оны қайтадан бастауды тек қолтық асты температураның қалпына келгенде ғана жүргізу керек.Егерде әйел графикті өз алдына сызуын білмесе,онда ол температураның нәтижелерін қағаздың парағына жазып әкелуі керек,ал медбике осы мәліметтердің негізінде температуралық параққа графикті сызып береді.
Тест гипоталамуста орналасқан жылу реттеу (терморегуляция) орталығына прогестеронның гипертермиялық әсер беруіне негізделген. Прогостеронның секрециясы жоғарылауы кезінде ректалды (базалды) температура 0,4-0,8 С жоғарылайды.
Тұрақты екіфазалық цикл овуляцияның болғаны туралы және сары дененің функциялық белсенділігінің болуын көрсетеді.
Циклдің екінші жартысындағы (монотонді қисық) температураның көтерілуінің жоқтығы немесе циклдің бірінші және екінші жартысындағы температураның бірталай құлаштауы және тұрақты көтерілуінің болмауы ановуляцияны көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |