Медбикелерге арналған алгоритмдердің тізбесі


Тері жабындысының жағдайына зейін қойыңыз



бет11/73
Дата07.02.2022
өлшемі113,48 Kb.
#92981
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   73
Байланысты:
МІ алг 4 кур каз
МІ алг 4 кур каз, МІ алг 4 кур каз
7. Тері жабындысының жағдайына зейін қойыңыз. Беттің, ақ сызықтың, емізіктің және емізік айналасының, жүктіліктің жолақтары жүктіліктің барлығын дәлелдейді. Терінің және көрінетін шырышты қабықтардың бозғылттығы, еріндердің көгергені, терінің және ақ қабықтың (көз алманың қабығы) сарғаюы, ісінулер кейбір маңызды аурулардың белгілері болып табылады.
8. Сүт бездерін қарауды жүргізіңіз. Жүктілік кезінде сүт бездерінде сүт шығаруға оларды дайындайтын өзгерістер жүреді. Жүктіліктің соңында емізікті басып көрген кезде, одан уыз шыға бастайды. Сүт бездерінің қанмен қамтамасыз етілуі күшейе түседі, емізіктер ұлғаяды, емізік маңымен бірге пигментацияға ұшырайды, сүт бездерінің массасы 150-250г-нан (жүктілікке дейін) 400-500г-ға (жүктіліктің соңында) дейін өседі. Қараған кезде сүт бездерінің дамымағаны білінеді, бұл инфантилизм белгісі болып табылады.
9. Іштің түріне және мөлшеріне зейін қойыңыз. Қалыпты жүктілік кезінде және нәрестенің дұрыс орналасуы кезінде іш овоид (жұмыртқа тәрізді) түрінде болады; көпсулық кезінде ол шар тәрізді; нәрестенің орналасуы көлденең кезінде іш көлденең овал түрінде болады. Іштің түрі тар жамбас кезінде өзгеруі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет