10. Бел-сегізкөз ромбысын (Михаэлис ромбысы) қараңыз, оның түрі басқа мәліметтердің жиынтығымен бірге жамбас құрылысы туралы білуге болады.
11. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және оларды ҚҚҚ салыңыз.
12. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.
13. Барлық алынған мәліметтерді жүкті әйелдің картасына немесе босану тарихына енгізіңіз.
Ескерту.Қолдар жылы болуы керек, қарайтын жерде бөтен адамдар болмауы қажет.
3. Жүктіліктің мерзімін анықтау. Мақсаты- жүктіліктің мерзімін анықтау кезінде студенттің тәжірибелік ептілігін бағалау:
1. соңғы етеккірі бойынша;
2. овуляция бойынша;
3. әйелдер консультациясына бірінші келуі бойынша;
4. нәрестенің бірінші қимылының күні бойынша;
5. босанғанға дейін берілетін демалыс күні бойынша;
6. УДЗ мәліметі бойынша.
Көрсетулері- босандыру мекемесіне жүкті әйелдің әрбір келуі кезінде, бірінші рет келуі
кезінде, сонымен қатар жүктіліктің мерзімін УДЗ бойынша анықтау үшін.