2. Жүкті және босанатын әйелдерді қарау әдістемесі.
Мақсаты - жүкті және босанатын әйелдерді қарау кезінде студенттің тәжірибелік ептілігін
бағалау.
Көрсетулері -әйелдер консультациясына және акушерлік стационарға жүкті және босанатын
әйелдердің алғашқы қаралуы.
Қарсы көрсетулері - жоқ.
Мүмкін болатын асқынулары - жоқ.
Ресурстары -акушерлік фантом, тақтай төсек (кушетка), жеке жаялық,волонтер-әйел(егерде бұл мүмкін болса), бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын,орамал.
Іс-әрекет алгоритмі: 1. Өзіңізді таныстырыңыз,қараудың маңызын және оның жүргізу кезараларын әйелге түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.
2. Қолдарыңызды гигеналық деңгейде жуыңыз
3. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.
4. Жүкті және босанатын әйелдердің бойына мән беріңіз. Әйелдің бойын өлшеңіз. Бойы аласа кезінде (150 см және оданда төмен) инфантилизм белгілері (жамбастың тарылуы, жатырдың дамымағаны және т.б.) байқалады , ал бойы ұзын әйелдерде-жамбасы кең, еркек түстес болып келеді.