Дәріс 2. Қазіргі қоғамның экологиялық мәдениетін зерттеудегі әдістемелік бағыттар.
Қоғамның экологиялық мәдениеті – күрделі, көпқырлы құбылыс. Оның мәнін анықтау оған жан – жақты анализ жасауды талап етеді. Герман Хакен синергетиканы күрделі негізде бір–бірімен өзара байланысатын компоненттерден жүйеден тұратын жүйе ішіндегі жүйені зерттейтін ғылым ретінде анықтады. Бұл жерде «күрделі» сөзі сызықтық емес ретінде қарастырылады.
Синергетика Мендельштам және оның мектебі дамытқан теориялардан сонымен бірге Анри Пуанкаренің еңбектерінде негізі қаланған дифференциялдық теңестіру теориясынан шыққаны белгілі. Бұл екеуі де «сызықтық емес ойлаудың» және онымен байланысты ньютондық жүйегің қалыптасуында үлкен рөл ойнады. Ньютондық жүйе Батыс Еуропада феодолизмнің қирауы кезеңінде, әлеуметтік жүйенің «тербеліс» жағдайында пайда болды. Осы уақытта ұлы географиялық ашылулар болып жатқан еді. Машина өркениеті туындап, ол өзінің идеологиясын талап етеді. Бұл идеологияның негізін ойлаудың детерминистік стилі және әлемге деген «сызықтық » бағыт құрады.
Детерминистік бағытты П.С.Лапластың табиғаттың барлық заңдарын, барлық бастапқы жағдайларды және осыларды өңдей алатын, сөйте отыра өткен шақтағы үлкен,кішкентай денелердің қозғалыстарын болжай алатын ақыл, сана туралы арманы сипаттайды. Бастапқы кезеңде адамзатқа сарқылмайтын ресурстары бар Жер әлемі берілді,оның таусылатындығы туралы ойланбай ақ қолдана беруге болатын сияқты болып көрінді. «Сызықтық бағытты» индустриялдық қоғамның ғылыми негізі ретінде сипаттауға болады. Оның салдары идеалды функциялаушы машина ретіндегі қоғам мен өндірісті ұйымдастыру болды. Сызықтық емес эффектілерге көңіл бөлінбестен,географиялық және өнеркәсіптік экспансиямен сызықтық заңдылықтармен басқарылды.Құлдық сауда немесе тропикалық ормандарды шабу және т.б. салдары ойластырылмады. Бірақ ғылымның, өнеркәсіптің дамуына байланысты «сызықтық емес»құбылыстар атқаратын ролдерге көңіл бөліне бастады.Оған кері байланыстар,алдын алу тән.Барлық реалды жүйелер сызықтық емес, олар тек жуықтап алғанда ғана сызықтық болып санала алады деген түсінік қалыптасты. «Сызықтық емес» құбылыстарды зерттеуде негізгі модельдерді, түсініктерді,образдарды қайта қарауда, сәйкес келетін математикалық әдіс-тәсілдерді табуда бірыңғай бағытты таңдау қажеттілігі туындады. Сонымен бірге бағыт математикалық, физикалық нәтижеге негізделген ғылыми – жаратылыстанулық болумен қатар сызықтық емес жүйелерді зерттеу нәтижесі біздің әлемді қабылдауымызда, оны философиялық саналауда көрініс табатын таза көзқарастық болуы мүмкін. Синергетика өзін ұйымдастырушы жүйелер ретіндегі ғылым ретінде жаратылыстанудың күшімен іске асырылды. Бірақ синергетиканың идеялары ақырындап қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың әдістемелік негізі бола бастайды. Бұл салаларда синергетикалық бағыт оның негізгі түсініктерін күрделі әлеуметтік-гуманитарлық құбылыстарды бейнелеуде пайдаланудан басталады. Күрделі жүйелердің эволюциясының ортақ заңдылықтары туралы көзқарастар, гуманитарлық білім және қоғамтану үшін синергетикалық идеялардың перспективасын негіздейді. Жаңа гуманитарлық қоғамтанулық концепцияларды жасау үшін синергетикалық көзқарастарды пайдалану мысалдарын көптеп келтіруге болады, себебі экономикада, саясатта күрделі қайталанбайтын эволюциялық жүйелермен байланысы болады.
Синергетикада өзін– өзі ұйымдастыратын физикалық жүйелер әлеуметтік – мәдени жүйелерді зерттеуде прототиптің рөлін орындайды. Синергетика ғылыми таным үдерісіне де қолданылады. Е.Н.Князева және С.П.Курдюков «қазіргі кезде сызықтық емес, ашық орта «жүйесінің »математикалық модельдері тек сол ғана салада конструктивті ролді ойнамайды. Олар жалпы әдістемелік философиялық сипаттағы жаңа тұжырымдардың болуын қамтамасыз ету бола бастайды» деп көрсетеді [53]. Бұл әсіресе адамзаттық қоғам сияқты күрделі жүйелер үшін маңызды. Осы бағытты, біз күрделі ашық, инвариантты жүйе ретінде анықтаған экологиялық мәдениетті зерттеуде пайдалану маңызды. Сызықтық емес жүйенің
екі типін болып қарастырады-энергияны сақтаумен сипатталатын консервативті және диссипативті, онда энергия диссипатсиялайды немесе ашық жүйе болғанда қоршаған ортаның жүйесіне түседі. Консервативті жүйелер өзіндік ерекшеліктерге ие болсада, барлық негізгі, базалық сызықтық емес қасиеттер диссипативті жүйелер мысалында қарастырылуы мүмкін. Олар синергетикалық тепе теңдіктен алыс, жүйелерде өзіндік ұйымдастырылудың ғылымның зерттеу нысаны болады.Нақ синергетика әр түрлі табиғат жүйесіндегі сызықтық емес құбылыстарды зерттеуде өзінің негізгі бағытына көңіл аударады.
И.Пригожиннің сызықтық емес саласында жүргізген зерттеуі маңызды қорытынды жасауға мүмкіндік берді: жүйені тепе теңдіктен алыстататын бақылау параметрлерін өзгерткен кезде оның термодиномикалық жағы тұрақсыз, жүйеде жаңа қасиеттері бар атракттырлар пайда болуы мүмкін.
Жүйе ашықтылығының бұзылуы жаңа ақпарат ағынының тоқтауы білімнің диссипациясына, схоластикаға әкеледі. Қоғамның тұйықталуы деградацияға әкеледі. Оған Спарта, ортағасырлық Жапоения, оқшауланған тайпалар мысал бола алады.
Қазіргі кезде синергетика өзінің жалпы ғылымдық маңызын көрсетіп отыр.Синергетика әлемге жаңаша қарауды және эволюция үдерістерін енгізді. Жағдайды кванттық механикамен салыстырмалылық теориясынан кейінгі жаңа парадигмаға өтудегі алғышарт ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар Сократтың «сақтануды қажет ететін негізгі қателік, біз шын мәнісінде көп білеміз» деген сөздерін есте сақтау керек [54]. Л. де Броиль біздің біліміміздің толықтығы, тұтастығына қатысты эйфорияның қалыптасып болмағандығы туралы ескертеді, «біздің танымымыздың әрбір жетістігі мәселені шешуден бұрын көп мәселені туындатады».
Алдыңғы елу жыл ноосфераға жедел өтудің қажеттілігін көрсетті. Ғылыми-текхникалық революцияның нәтижесінде табиғатқа антропегендік әсер ету биосфераны қалпына келмес өзгерістерге әкелді. Ядролық энергияны пайдалану жердегі өмірдің бір мезгілде жойылуына әкелуі мүмкін. Екінші жағынан, қоғам эволюциясының жылдамдауы тұрақты даму мақсатында планеталық көлемдегі ұжымдық жұмыс жасауды, яғни біріге отырып әрекет етудә қамтамасыз етеді. Компьютердердің пайда болуы жылдам ақпарат алмасудың желісін жасауға мүмкіндік берді.Әлемде ары қарай танымның күшті құралы синергетика пайда болды.
Табиғаттағы, қоғамдағы және олардың өзара қарым –қатынас үдерістерін зерттеуде синергетикалық бағытты қолдану В.И. Вернадскиийдің сәуегейлік сөздерінің нақты мазмұнын толықтыруға мүмкіндік береді. Осы себептілік байланыстарды зерттеу және табиғи өзін – өзі ұйымдастыру үдерістері адамның орны мен рөлін анықтау қазіргі ғылымның ортақ мәселесі болып табылады. Даму тепе – теңсіздіктің тереңдеуімен байланысты. Бұл ауытқулардың саны мен тереңдігі бифуркациясы көлемінің ұлғаюына алып келеді. Жалпы алғанда, осы жағдай адамзаттың дамуына қауіп төндіреді. Жаһандық қатердің алдын алу үшін жаңа келісілген ойлау, барлық адамзаттың күш –қуатының үйлесімділігі қажет. Жүйелік бағыттардың негізінде экологиялық мәдениет тұрмысының ерекше түрі, жаһандық рухани таным мен жаһандық ғылыми білімдердің синтезі реттеудегі мазмұнды анықтайды.
Жүйелік бағыт мәдениетті түсінудің ең тиімді жолы. Жүйе белгілі бір тұтастықты қалыптастыратын өзара байланысқан көптеген элементтер болып табылады. Негізгі жүйелік принциптерге мыналар жатады: тұтастық, құрылымдық, жүйенің және ортаның өзара тәуелділігі,и ерархиялық жүйе сипаттауларының көптігі. Әр бір жүйе жоғарыдағылар тәртібіндегі жүйе тарапынан бағалана алады.
Экологиялық мәдениет қоғамдық құбылыс болып табылатындықтан, оны ерекше жүйе ретінде қарастыру маңызды. Экологиялық мәдениеттің интегративті анализін жасау және бір – бірін толықтыратын бірнеше бағыттарды үйлестіру аталмыш бағыттың ұтымды жақтары болып келеді. Сол себепті жүйелік бағыттардың негізінде экологиялық мәдениеттің сипаттамасына кіретін элементтерді көрсетумен қатар, оның мазмұнын тұрмыстың ерекше түрі ретінде түсінуге болады. Осы аспектіде экологиялық мәдениет ерекше сипаттағы қатал ішкі құрылымға ие күрделі жүйе ретінде қарастырылып қана қоймай, сонымен бірге
адамдардың индивидуалдық мақсаттарға бағытталған шығармашылық қарекетінің белгісі оған тән болып табылады. Бұл осы жүйеге бейімділікті, иілгіштікті қасиет береді, оны зерттеуде объективті факторлар және элементтермен қатар, субъективті құндылықтық компоненттерді бөліп қарастыруды талап етеді.
Жүйелік бағыт экологиялық мәдениетті зерттеудің теориялық –әдістемелік негізі болады. Экологиялық мәдениетті жүйелік бағыттау негізінде қарастыру оны зерттеу барысында бірнеше кезеңді қамтиды: экологиялық мәдениеттің маңызын, пайда болу көздерін, субъектін, объектін, қозғаушы күштерін, зерттелетін феноменнің даму бағыттарын анықтау; элементтердің және құрылымдардың, экологиялық мәдениет функциясының анализі; мәдениетті экологияландыру үдерісінің құралдары мен әдістерін шығару, экологиялық мәдениеттің моделін жасау және оны экологиялық мәдениеттің шынайы жағдайымен сәйкестендіру.
Әлеуметтік – мәдени бағыт бойынша экологиялық мәдениет –әлемге қарым –қатынастың түрі және коэволюция принциптеріне сәйкес әлеуметтік және мәдени тәжірибені игеру тәсілі. Көптеген ғылыми жарияланымдарға тән қоғамды мәдениетпен теңестіру қоғамның өмір қарекеті үшін маңызды «мәдениет» түсінігінің негізіндегіні анықтауға мүмкіндік бермейді. Оның негізінде адамдардың өмір тарихи даму формасының көрсететін, кең мағынадағы табиғаттан бөлінген материалдық әлемнің бір бөлігі түсініледі. Бұл бағыт табиғатты қорғаудың практикалық мәселелерін шешетін экологиялық ғылымның мақсатына сәйкес келеді. Қызмет, іс – әрекет қоршаған ортаға ерекше қарым – қатынасты қарастыра отырып, табиғат пен қоғам арасындағы байланыстырушы негіз болады. Адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік соған байланысты. Бұндай бағыт экологиялық мәдениеттің гносеологиялық аспектісінің жоққо шығарады, себебі біз іс – әрекет, қызмет ретінде экологиялық мәдениет субъектілерінің саналы іс –әрекетін түсінеміз. Ол «адам – қоғам» заңдылықтарының біліміне және олардың өзара байланыс механизмдеріне негізделген. Біздің пікірімізше, қоғам мен мәдениет бөлінуінің «формуласын» М.С. Каган анықтады: «Мәдениет қоғам іс –әрекетінің, қызметінің жемісі, қоғам бұл іс – әрекеттің субъектісі» [59].Мәдениеттің табиғаттан ғана емес қоғамнан да бөлінуі, оның қоғамға деген қарым – қатынасын қарастыру экологиялық мәдениеттің спецификасын, оның қоғамдағы орнын және онымен байланыстарының өзіндік механизмдерін анықтауға мүмкіндік туғызады. Адам қоғамдық жүйенің элементі ретінде өзін әр түрлі қарым – қатынастарда көрсете алады, әр түрлі қарым –қатынаста өзін жүзеге асыра алады. Мәдениет бұл тұрғыда табиғатпен бірге адамның өзі жасаған «екінші табиғат» ретінде пайда болатын, адамның өмірінің ерекше формасы болады. Бірақ, өнім ретіндегі бірдеңелерді шығаруда адам табиғатты өзгерте отырып, оны түрлендіре отырып жете алады. Ерекше мәдени іс – әрекеттердің нәтижесінде адам табиғатты өзінің рухани қажеттіліктеріне сәйкес өзгертеді. Осылайша адамзат өзінің жоғарылаған рухани қажеттіліктерін іске асыра отыра, өзіндік мәдени әлемін кеңейтеді. Осы түсінік бойынша мәдениеттің түрлі үлгілерінің болуы мүмкін, дегенмен олардың көпшілігіне оның негізгі компоненті мақсаттылыққа бағытталған адамдық іс –әрекет, қызмет екендігін мойындау ортақ болып келеді.
Қазіргі жағдайларда дүниетанымдық парадигмалардың өзгеруі жүріп жатыр. Алдыңғы қатарға экологиялық мәдениетті адамзаттың өмір сүруінің шарты ретінде қарастыратын аксиологиялық және гносеологиялық негіздер шығады.
Отандық ғылымдағы экологиялық мәдениет феноменін қарастырудың перспективті бағыттарының бірі құндылықтық бағыттар екенін ескере отырып, бұл дефиницияның анализі жалпы адамзаттық, гуманистік құндылықтарды зерттеусіз мүмкін емес екенін есте сақтау қажет.
Руханилық, яғни қиял, саналы түрде мақсатқа бағытталушылық, идеалды тұрмыстың болатынына сену адамдарды Жердегі басқа тіршілік иелерінен ерекшелейді. Сол себепті моральдықты адамзаттық руханилықтың негізгі элементі ретінде қарастыруға болады. Анығырақ айтсақ, мораль – руханилықтың аса қажетті шарты, ол руханилықтың абсолютті жалғыз шарты болып келеді. Оның орнына руханилықтың басқа құндылықтық элементтері – ғылыми таным, эстетикалық, саяси, құқықтық сана баса алмайды. Білім, жоғары біліктілік,
ғылымдардан хабардар болу – адамдық сананың маңызды элементтері болғанымен, олардың жоқтығы немесе әлсіз дамуы индивидтерді адамдар қатарынан шығармайды. «Надан» анықтамасы адамды адам емес қылмайды.
Қазіргі ғылыми – техникалық жетістіктер өнегелілік прогрестерге негізделмейді. Соған қоса, дамыған эстетикалық сезімнің болмауы, табиғаттағы, адамдағы, өнердегі әдемілікті сезінудің болмауы индивидтің адамзаттан алыстауына себеп болмайды. Қазіргі кезде көбісі саяси және құқықтық сауаттылыққа ие емес, бірақ ол адамдарды адамзат қатарынан шығармайды.С.Ф. Анисимовтың ойынша «адамды адамдық қасиеттен айыратын, адамзаттық болмыстан айыратын, аңмен бірдей қылатын–өнегелілік сананың дамымауы [60].Өнегелілік адамдық сананың басқа қасиеттеріне тікелей тәуелді болмайтын, адамның негізгі қасиеті. Ғылыми қызмет өзін моральдық жауапкершіліктен азат сезініп, кейбір жағдайларда пайданың орнына зиян келтіруі мүмкін, адамдар үшін қауіпті болуы, экологиялық апаттардың себебі болуы мүмкін. Қазіргі уақытта биотехникадағы, медицинадағы эксперименттердегі бірнеше бағыттардың өнегелілік құндылықтары күмән туғызады.
Саяси сана туралы айтатын болсақ, ол өнегелілікке тәуелді болмайды десек болар, саясат өнегеліліктен алыстаған сайын, жетістікке жетеді. Егер өнегелілік пен саяси қызмет шынайы жүзеге асса, олардың болмысы сәйкес келмейді деуге негіз бар.
Жалпы адамзаттық моральдық нормаларға негізделген дін де саяси, конфессионалдық және тағы басқа қызығушылықтардың әсерінен өнегелілік негізін жоғалтса, жағымды жақтарынан айырылуы, діни соғыстардың себебіне айналуы мүмкін.
Адамзаттық интеллект, кеңірек айтсақ адамзат руханилығы бізге белгілі эволюция кезеңдерінің жоғарғысы болады. Руханилық ішкі және сыртқы байланыстардың күрделілігімен, қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Эволюцияның бұл сатысында да ерекше факторлар руханилықты салыстырмалы тұрақтылық жағдайында ұстайды. Ойлау қабілетіне қатысты, психиканың бұзылу қаупінің белгісі, оның жануарлық деңгейге сәйкес келуіне ессіздік, логикалық талдау, логикалық сана қабілетін жоғалту болады. Бұл қабілеттердің тұрақтандырғышы ретінде дұрыс ойлаудың саналы және санасыз нормалары, логиканың жалпы адамзаттықуниверсалды заңдылықтары болады. Не ғылыми таным, не эстетикалық, не саяси және тағы басқа сананың элементтері адамзаттық болмыстың еркше белгісі ретіндегі руханилықтың барлық жүйесі үшін абсолютті қажетті жағдай болып табылмайды.
Экологиялық мәдениет аксиологиялық бағыт шеңберінде экогуманстік құндылықтар тұрғысынан анализделеді. Ноосфералық бағыт контексінде экологиялық мәдениетті қарастыра отырып, оны Сананың негізінде функциялаушы, саналы түрде ұйымдастырылған қоғамның мәдениеті ретінде анықтауға болады.
Сонымен, көптеген әдістемелік бағыттардың ішінен экологиялық мәдениетті зерттеудің негізгі бағыттары бөлініп шықты: жүйелік, әлеуметтік–мәдени, аксиологиялық және ноосфералық. Экологиялық мәдениет феноменін құрайтын тұтастықтың барлық компоненттерін қаруға мүмкіндік беретіндіктен әдістемелік нәтижелі болып жүйелік бағыт табылады.