Мәдениет атты арнайы курсты оқу барысында пайдалануға, мәдениетті зерттеуге қызығушылық танытатын барша оқырман қауымға арналған. Экологиялық МӘдениет


ІІ модуль. Тұлғаның экологиялық мәдениетінің қалыптасу мәселесі



бет5/17
Дата27.03.2023
өлшемі275,09 Kb.
#173108
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
treatise23053 (3)

ІІ модуль. Тұлғаның экологиялық мәдениетінің қалыптасу мәселесі
Дәріс 4. Тұлғаның экологиялық мәдениетінің қалыптасуына әлеуметтік институттардың әсері.
Бүгінгі күні экологиялық мәдениеттің қалыптасу мәселесінің маңызы артуда. Бұл мәселенің аса мәнділігін әлемдік, халықаралық көлемде өтіп жатқан айтулы шаралар мен саяси, экономикалық, әлеуметтік бағдарда қабылданып жатқан құжаттар айғақтайды.
Экологиялық мәдениеттің мемлекеттік деңгейде қалыптасуы қазіргі және келешек ұрпақтың өмір сүру ортасын қолайлы жасау негізінде мемлекеттік бағдарламамен, заңды нормалармен бағытталған, қоғамның барлық таптарының қызығушылықтарына сәйкес іс − әрекет үдерісі ретінде көрініс табу керек. Экологиялық саясатты іске асырудың нормативті − заңды негізі болып шаруашылықтың нарықтық әдісіне сай келетін, бірақ өтпелі қоғам қиыншылықтарының әсерінен жеткіліксіз деңгейде іске асырылған ұзақ мерзімді «Қазақстан –2030» стратегиясы, «Экологиялық экспертиза туралы», «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңдар болып табылады. Сонымен бірге Қазақстан халықаралық деңгейде өзінің тұрақты даму және экологиялық қауіпсіздік идеяларын қолдайтынын қоршаған орта және даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы конференциясының құжаттарына қол қоя отырып (РИО – 92), «Европа үшін қоршаған орта» үдерісінің белсенді мүшесі бола отырып, климатты өзгерту бойынша халықаралық маңызды конвенцияларға қосыла отырып бірнеше мәрте дәлелдеді. Қазақстан Республикасында экологиялық қарама – қайшылықтың шешілуіне көп көңіл бөле бастады. БҰҰ- ның 1997 – ші жылғы 23 – ші маусымдағы Басты Ассамблеясының ХІХ арнайы сессиясындағы сөзінде елбасы әлемдік қауымдастықты күш біріктіре отырып, экологиялық мәселелерді, соның ішінде оның ойынша әлемдік маңызы бар Семей полигоны және Арал теңізі маңында қалыптасқан экологиялық мәселелерді шешуге шақырды. Бірақ халық табиғи ортаны қорғауда өзінің белсенді қатысуының қажет екендігін түсінбей, жұмсалған күш нәтиже әкелмейді.
Экологиялық мәдениеттің қалыптасу үдерісінде қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекет және мемлекеттік саясат маңызды рөл ойнайды. Мемлекет экологиялық саясаттың субъекті ретінде қоршаған ортаны тиімді қорғауды қамтамасыз ету керек. Біздің ойымызша экологиялық саясат мемлекеттің қамқорлығымен жүзеге асырылу қажет. Біздің еліміздегі экологиялық тұрақтылықтың кепілі мемлекет болу тиіс.
Экологиялық мәдениетке әсер етудің екінші көзі – саясатпен тікелей байланысы бар идеология. Идеология экологиялық мәдениетті идеалдармен толықтырады, өркениеттің дамуының қазіргі кезеңінде экологиялық мәдениеттің қалыптасуына сөзсіз әсер ететін тұрақты даму идеясы белсенді түрде насихатталады. Тұрақты даму деп қазіргі және болашақ ұрпақтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін табиғи – ресурстық потенциалды және қолайлы табиғи ортаны сақтау мәселелерін шешумен байланысты әлеуметтік – экономикалық баланстылықты қамтамасыз ететін даму түсініледі. Кең мағынада «тұрақты даму» тарихи қалыптасқан үдерістерден ерекшеленетін, себебі тек табиғи –әлеуметтік потенциалды басқаруды жақсарту ғана емес, осыған қоса табиғи, әлеуметтік, мәдени байлықтардың жиынтығын басқаруды жақсарту мақсат етіп қойылатын, экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық, рухани –мәдени параметрлері бар, өркениеттің жаңа типінің функциясына сәйкес үдеріс ретінде түсіндіріледі. Сонымен қатар тұрақты даму өркениеттің тұрақты дамуының динамикасын анықтайтын, ноосфера туралы білім берудің қазіргі заманғы түсінігін сипаттайтын, адам мен мен табиғаттың арасында үйлесімді қарым - қатынастың орнауына бағытталған көрсеткіштер жүйесінің кешенін қарастырады.
Қоғамның тұрақты дамуға өтуі төрт мақсатты орындауға байланысты:
1.тоқырауға ұшыраған экологиялық жүйелердің бөлігін табиғи өнімділік деңгейіне көтеру, сақтау, қалпына келтіру;
2.тұтынуды рационализациялау;
3.өнімді экологизациялау;
4.тұрғындардың санын тұрақтандыру.
Толығымен тұрақты дамуға көшуді тек нәтижелі халықаралық әріптестік негізінде, әлемдік қоғамдастық масштабында ғана іске асыруға болады.
Адамның өмір сүру ортасының тұрақты дамуына: адамдардың табиғатпен үйлесімділіктегі салауатты және жемісті өмірге құқығы, дамудың ажырамас бөлігі ретінде адамның қоршаған ортасын қорғау, жағымды қоршаған ортадағы қажеттіліктерді қанағаттандыру.
Батыстық ғалымдар (М. Либерман, Р. Парк, Р. Маккензи, Д. Маркович) әлеуметтік–экологиялық концепция шеңберінде адамның рухани –өнегелілік мінездемесімен байланысты әлеуметтік –табиғи өзара әрекеттің заңдылықтарын қарастырады. Адам баласының тұрақты дамуға талпыныс жасауының нәтижесінде, адамдардың рухани және жеке байлағының өлшемі табиғатпен толық үйлесімділікте өмір сүретін олардың рухани құндылықтары және білімі болу керек.
Сонымен, тұрақты даму концепциясының мәні тірі табиғатты қалпына келтіру мүмкіндіктерінің шектеулігін есепке ала отырып терең білімге және ғылыми болжамға негізделген кез – келген сыртқы өзгерістерде немесе сыртқы ортаның әсеріне қауіпсіздікке байланысты әлеуметтік – табиғи жүйені ұстап тұратын және оны тепе – теңдік қалпына келтіретін басыңқы бағдарды ұстану. Тұрақты даму концепциясының анализі көрсеткендей, тұрақты даму концепциясы құндылықтар шарттарының, негізгі принциптердің, талаптардың, шектеулердің, сонымен бірге қазіргі кездегі әлеуметтік – экологиялық жағдайдың негізгі өзгерістеріне қатысты нақты ұсыныстардың жиынтығын қамтиды. Сондықтын ол бір уақытта моральдық – адамгершіліктік императиві, өзінің практикалық шешілуін талап ететін болашақтың теоретикалық моделі болып табылады. Ол қалыптасқан әлеуметтік – экологиялық қарым – қатынастарды, құқықтар жүйесін, және сол қарым – қатынастар субъектілерінің жауапкершіліктері мен міндеттерін күшейтеді. Экологиялық мәдениеттің қалыптасуындағы құқықтың басты функциясы бұл – индивидтердің мінез – құлықтарындағы айырмашылықтарды ескеру. Құқық нормасын, мінез - құлық айырмашылықтарын анықтау құқықтық тәрбиелеу функциясын атқарады, адамдардың құқықтық санасын қалыптастырады. Мұндай құқықтық реттеушіліктің болуы мынадан көрініс табады, экологиялық мәдениеттің ішінде заңды немесе заңсыз болып анықталатын құндылықтар мен нормалар қалыптасады, құқық экологиялық мәдениетке қатысты превентивті функцияны атқарады, нормаларды бұзу қайсыбір санкцияларды болжайды, экологиялық құқық бұзушылықтың деңгейін төмендетуге көмектеседі.
«Қоғам – табиғат» жүйесін құндылықтармен және нормалармен қамтамасыз ететін тағы бір институт – ғылым. Ғылымның экологиялық мәдениетке әсерінің ерекшелігі, бұл институт іс – әрекет субъектілерін біліммен, жаңа технологиялармен, мәселелерді шешу жолдарымен қамтамасмыз етеді. Адамдардың меңгерген ғылыми білімі маңызды элемент болады және олардың мәдениетінің бір бөлшегі болып есептеледі. Бұл жерде экологиялық тоқырауды өткеру үдерісінде, оған халықтың қатысуы мен белсенділіктің қалыптасуындағы ғылыми–техникалық прогрестің рөлін айта кету керек. Ғылыми – техникалық прогрестің қоршаған ортаға жалпы әр түрлі әсер ететіндігі белгілі және адам мен қоғамның табиғатқа деген қарым–қатынасының қалыптасуына да әр түрлі әсер ететіндігі белгілі. Жалпы антикалық заманнан бері екі альтернативтік концепцияның, прогрессивистік және алармистік концепцияның дамуын көруге болады. Біріншісі ғылыми – техникалық прогресс адамзаттың дамуында сөзсіз игілік болып табылады дегенге негізделсе, алармистік концепцияның өкілдері ғылыми –техникалық прогресс табиғи қоршаған ортаға негативті әсер етеді деп есептейді, экологиялық тоқыраудан шығу мәселесіне қатысты негативті біржақты қарауда алармизм терең пессимизмге және үмітсіздікке әкелетінін айта кету керек. Қазіргі заманғы жасалған жағдайлардағы қоғам мен табиғат қарым – қатынасының анализі көрсеткендей, бір жағынан адамзаттың табиғатты қайта құрудағы іс –әрекетін тереңдетуде және кеңейтуде ғылыми –техникалық прогресс міндетті түрде қажет.
Ғылым адамзатты табиғаттан неғұрлым көп алуды, азық –түлікті мол өндіру үшін табиғатқа қалай әсер етуді, алыс қашықтықтағы жүкті қалай тез тасымалдауды, адамзаттың космосқа енуіне мүмкіндік жасаған күшті энергияның жаңа түрлерін қалай алуды үйреткенмен, табиғатты қорғауды қамтамасыз етуде әлі де жұмыс жасау керек.
Табиғатқа әсер етудің күшті құралдарын пайдалана отырып, біз әлі бұл құралдарды пайдаланудың салдарын біле бермейміз, біздің табиғи үдерістерге араласуымыздан туындайтын тізбектік реакцияны көре бермейміз [18].
Екінші жағынан, ғылыми – техникалық прогресті ары қарай жетілдіру қажет, оны дамыту экологиялық мәселелерді шешуде жаңа технологияларды жасауға әкеледі. Осыған байланысты американдық ғалым Б. Коммонер: экологиялық игілік біздің техникаға дейінгі кезеңге оралуымызды талап етпейді. Ондай нәтижеге экологиялық білімге негізделген қайта құрулар арқылы да жетуге болады дейді [19].
Қалыптасқан жағдайдан шығудың жолы ғылыми–техникалық прогреске өнегелілік талаптардың өсуі болып табылады. Атақты француз социологы Ж. Дорст өркениеттің деңгейі энерго қондырғылар шығаратын киловаттың мөлшерімен емес, ол сонымен қатар моральдық және рухани критерилермен өлшенеді, табиғаттың заңдылықтарымен толықтай үйлесімде бола отырып, өркениетті алға жылжытатын адамдардың даналығымен өлшенеді. Адам табиғаттың заңдылықтарынан асып ешқайда кете алмайды[20].
Жалпы, мәдениет адамдардың материалдық және рухани құралдар арқылы өзінің қауіпсіздігі мен әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі дамуын қамтамасыз ететін, әлеуметтік тіршілік етудің көзі болып табылса, онда экологиялық мәдениет қоршаған ортаның сақталуы мен мүмкіндігінше жақсаруы қамтамасыз етілетін, қоғамның әлеуметтік– табиғи дамуының тәсілі ретінде қарастырылады. Адам мен табиғат арасындағы экодиалогтағы тәжірибелік өзгерістер үшін теориялық және әдіснамалық негіздер жеткіліксіз.
Шынайы жағдай нашарлап бара жатқан болмаса, жақсарып жатқан жоқ. Біздің ойымызша, әлемдік қауымдастық, оның әлеуметтік институттары, мемлекет адам мен табиғат арасындағы экодиалогты өзгерту мақсатында басқа әдіснаманы және оған сай инновациялық технологияларды пайдаланбай жағдай өзгермейді.
Жағдайды қалай өзгертуге болады деген сұрақтың туындауы заңды. Осыған қатысты білім берудің алдыңғы қатарлы жүйесін жасау қажет деп ойлаймыз. Қоғамды компьютермен және ақпаратпен қаншалықты байытсақ та, күшті, заманауи табиғатты тазалаушы құрылғы орнатсақ та бұл жағдайдың нақтылы түрде жақсаруына әкелмейді.
Н.В. Маслованың ойынша экологиялық ойлауды бағаламау, экологиялық емес білім негізделген жағдайда әрбір жас буын өзінің іс –әрекетінің биоадекватты құралы мен мақсатын білмей тұра экологияны қалпына келтіруге тырысады.
Тек экологиялық ойлау ғана саналы таңдау мен экологиялық өмірдің пайдасына сай мінез–құлықты білдіреді, «Мен» концепциясының қалыптасуы, «Мен табиғаттамын», табиғатқа деген махаббатың болуы, адамның табиғаттағы өз орнын сезінуі, тұтынушылық және жыртқыштық, «Мен – табиғат патшасымын» концепциясына, эго - өмірге қарағанда табиғатпен бірге болуды білдіреді.
Қазіргі замандағы білімнің мәнін құрушы болып табылатын, өскелең ұрпақтың шынайы экологиялық ойы мен санасын қалыптастыру қажет деп есептейтін Маслованың ойына толық қосылуға болады.
Экологиялық білім үдерісінің негізінде жатқан және бұл жүйеге экологиялық бағытты беретін ғылыми танымды экологияландыру бүгінгі күні қоғамдық қажеттіліктердің бірі болып табылады.
Ондай әлеуметтік қажеттіліктерді іске асыру келесі алгоритмдерді болжайды:
1.Білімнің экологиялық – дүниетанымдық жүктемесін күшейту.
2.Мектепке дейінгі,бастауыш, орта және жоғарғы оқу орындарын экологияландыру.
3.Әлеуметтік тәжірибенің сол саласындағы мамандарды дайындау.
Тұлғаның экологиялық білімділігінің маңызды критериі болып, «адам, қоғам, табиғат» жүйесі қызметінің ерекшеліктері саласында білімінің болуы, сонымен бірге қалыптасқан әдет, дағдысының болуы, ұйымның тәжірибесінің болуы, табиғатты қорғау іс –шараларына қатысуы табылады.
Экологиялық мәдениеттің институционалдық аспекті тұлғалық аспектімен тікелей өзара байланысты. Табиғатпен өзара әрекеттесуші нақты тұлғаларда мінез – құлықтың белгілі бір
құндылықтары мен нормалары болады және әлеуметтік–экологиялық институттарға сай белгі қалыптастырады. Мінез–құлықты реттеумен байланысты экологиялық құндылықтар мен нормалардың интернализациясы және оны меңгеруді бірктіре қарастыратын тұлға санасының психикалық және психологиялық механизмдері маңызды және қажетті болып табылады. Көп жағдайда экологиялық кризис адамға қатысты сыртқы нәрсе ретінде қабылданады. Н. А. Аитов өзінің еңбектерінде : « Адамзат өзінің алдында тұрған қауіп–қатерді сезіне бастады. Адамзатқа төніп тұрған қатерді адамның өзі жасайды. Адамның өзі атмосфера мен гидросфераны ластайды, қалдықтар мен қоқыстардан тау жасайды, жануарлар мен өсімдіктердің түрін жояды. Мәселенің мәні адам табиғатының құбылмалылығында. Адам - өзіндік образы бар кентавр секілді, биосоциалды болмыс [21]. Адам тек биологиялық болмыс болса табиғатқа өзінің әсерін тарата алмас еді. Табиғи ортамен биологиялық болмыс ретінде қарым – қатынас жасаумен қатар адам саналылығымен ерекшеленетін, әр түрлі іс –әрекетті жүзеге асырушы әлеуметтік болмыс ретінде қарым – қатынас жасайды. Экологиялық мәдениеттің негізінде әлеуметтену процесі барысында қалыптасатын тұлғаның әлеуметтік қасиеттері жатқандықтан бұл процесті қарастыруды жөн көрдік. «әлеуметтену» түсінігіне ғылыми әдебиетте екі түрлі интерпретация жасалады. Кейде бұл түсінікті адамның тарихи қалыптасуы мен даму процесіне жатқызады. Көбінесе бұл түсінікті жеке индивидтің әлеуметтік қалыптасу процесімен байланыстырады. Кон И. С. « Тұлғаның әлеуметтенуі бұл –оның барысында нақты тұлға қалыптасатын,индивидтің әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесі» [22]. Г. В. Осипов индивидтің әлеуметтенуінде екі фазаны–әлеуметтік бейімделу және интериоризацияны бөліп көрсетуге болады дейді. Әлеуметтік бейімделу бұл – қоғамның өмір қарекеті барысындағы рөлдік функцияларға, әлеуметтік нормаларға, оның өмір қарекетінің ортасы болып табылатын әлеуметтік институттарға бейімделуін білдіретін индивидтің әлеуметтенуінің бірінші фазасы. Интериоризация бұл – әлеуметтік іс – әрекет ненгізінде әлеуметтік ортаның нормалары мен құндылықтарын меңгеру арқылы адам психикасының ішкі құрылымының қалыптасу процесі. Басқа сөзбен айтқанда интериоризация бұл – сыртқы ортаның элементтерін ішкі «Менге» ауыстыру. Сөйтіп, егер әлеуметтік бейімделу процесінде адамның әлеуметтік ортаға бейімделу процесі жүрсе, интериоризация үдерісінде әлеуметтік жүйе тұлғаға әсер ете отырып, адамның ішкі Мені арқылы......оның мінез –құлқының өзгеруінде көрініс табады.
Тек технологиялық өркениеттің альтернативті құндылықтары болып қана қоймай, сонымен қатар адамзатты сақтаудың негізі болып табылатын проэкологиялық құндылықтардың қалыптасуы қажет. Бұл экологиялық тоқырауды тек технологиялық және экономикалық шаралармен еңсеруге болмайтындығымен байланысты, күнделікті өмірде және профессионалдық қызметте әр қайсысымыздың іс – әрекетімізді басқаратын барлық құндылықтар жүйесін және өмірлік бағыттарды өзгерту қажет.
Құндылықтық бағыттар – адамның қоршаған әлемге қарым –қатынасын, мінез –құлқын анықтайтындықтан адамның жеке даралығын білдіретін маңызды сипаттамасы.
Тұлғаның құндылықтық бағыттарының қалыптасуы - ұзақ жәнекүрделі үдеріс. Оған әлемдегі, елдегі, аймақтағы жағдай, бұқаралық ақпарат құралдары, аз топтың (жанұя, достар) құндылықтары әсер етеді. Экологиялық құндылықтарды меңгеру жанұяда басталады. Балалар экологиялық білім мен мінез–құлық стереотиптерінің алғашқы сабақтарын жанұядан, бәрінен бұрын ата –анасынан алады. Баланың экологиялық білім алуында мектептің ролі маңызды.Мектеп өсіп келе жатқан буынның экологиялық білімінің көзі ғана болып қоймай, сонымен бірге табиғатқа қатысты жауапкершілік, экологиялық білім алуға деген қызығушылық, қоршаған ортаға қатысты әр түрлі іс –шараларға қатысуға тырысу сияқты қасиеттерді қалыптастырады.
Құндылықтық бағыттар – тұлғаның өмірінің мақсаты және соған жетудің негізгі құралы болғандықтан индивидтердің мінез –құлқын реттеуші маңызды функцияларға ие болатын тұлғаның бөліп қарастыратын құндылықтары.
Көптеген зерттеушілердің ойынша, экологиялық білім беруде мектептің әсері ата –ананың білім берудегі әсерінен асып түспесе кем түспейді.
Жанұя, мектеппен қатар әр түрлі экологиялық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. экологиялық білім берудің көзі болып табылады.
Тұлғаның әлеуметтену үдерісінде оған қоғаммен өңделген құндылықтық ұстанымдар беріледі.
Құндылықтық ұстанымдар – әлеуметтік субъектінің берілген объектке, затқа, адамға, құбылысқа, жағдайға және т.б. деген алдын - ала белгіленген қарым –қатынасқа детерминделген бейімділігі көрініс табатын, іс –әрекеттің және қарым – қатынастың өзіндік бағдарламасы. Адамның жүйелі түрде әрекет жасауына, немқұрайлы қарамауына себеп болатын адамзаттық талпыныстардың, қызығушылықтарының, тілектерінің, үдерістердің, шынайылық фактілері тұлғаның құндылықтары болады. Экологиялық мәселенің өзекті екенін адамдар түсінбейінше одан табиғатқа деген жауапкершілікті қарым – қатынасты күтуге болмайды. Бұл тұлғаның экологиялық мәдениетінің қалыптасуының алғышарты болып табылады.
Жоғары айтылғандарға қарап, экологиялық мәдениетті құндылықтар және нормалармен бекітетін негізгі институт болып адамгершілік болып табылады деп ойлаймыз. Көптеген зерттеушілердің ойынша тұлғаның экологиялық мәдениетінің қалыптасуының негізінде бірінші кезекте экологиялық мораль, адамгершілік, нақтырақ айтсақ «экологиялық этика» сияқты оның бөлінбес компоненттері жатады. Экологиялық мәдениеттің қалыптасу барысында тұлғаның адамгершіліктік құрылымдары үлкен рөл атқарады. Экологиялық мәдениеттің қалыптасуының адамгершіліктік аспекті табиғатқа деген қамқорлық, гумандық, саналылық қарым –қатынасты білдіреді. Адамгершілік принципі «Барлық өмір сақталуы тиіс» деген тезистен шығу керек. Р. И. Александрова мен А. В. Смольяновтың ойынша «өмірдің теңдігі» идеясы құлықты, адамгершілігі жоғары адамды барлық қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды міндеттейді. Экологиялық этиканың негізгі мазмұны мынада: біріншіден, экологиялық этиканың басты алғышарты болып адамзаттың оны қоршаған тірі табиғатпен бірлігі табылады; екіншіден, экологиялық этика табиғатқа бағытталған кең мағынадағы барлық іс –әрекетке қатысты мінез–құлық мәселесін қарастырады; үшіншіден, экологиялық этика «экологиялық адам» моделін жасауға тырысады және ол бағынуы тиіс мінез–құлық кодексін ұсынады [23].
Экологиялық тәрбиелеу және білім беру барысында бірнеше функциялар жүзеге асырылу керек, солардың негізгісі:
  • тікелей экологиялық білім берушілік (қоршаған ортаның қызметі туралы заңдарды білу;
  • дүниетаным (экологиялық дүниетанымды қалыптастыру);
  • гуманистік (табиғатқа деген өнегелілік–этикалық қарым –қатынастың қалыптасуы);
  • тәрбиелеушілік (қоғамның қоршаған ортамен қарым –қатынасын меңгерудің негізінде тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің қалыптасуы);
  • қоғамның қажеттіліктері мен өндірісті экологияландыруда табиғатты пайдаланудың заңдық, қаржылық және саяси, ғылыми нормаларды бірыңғай жүйеге келтіру);
  • ақпараттық (табиғатты қорғау қызметінің тәжірибесін меңгере, оған анализ жасай отырып халыққа жеткізу).

  • Қазіргі заманғы адамның оның табиғатпен қарым–қатынасын реттейтін экологиялық этикасы болу керек. Экологиялық адам бұл бәрінен бұрын мәдениетті адам. Экологиялық адам табиғатқа қамқорлықпен қарайды, экологиялық жағдайды және табиғат оның өмір қарекетінің негізі екенін түсінеді, экологиялық мәселелерді өзі үшін маңызды деп санайды.
    Өзінің «Благоговение перед жизнью» атты еңбегінде А. Швейцер адамдардың табиғатты «қастерлеуі» қажет екендігін көрсете отырып, гуманистік этиканың табиғатқа деген дұрыс қарым –қатынаспен терең байланысын көрсетеді. Экологиялық этиканың негізінде табиғатта өмір сүретіннің барлығы үшін әрбір адамның шексіз жауапкершілігі жатыр. Швейцер бойынша: «бірде бір жәндікті өлтірмейтін, бірде бір гүлді жұлмайтын, кез–келген тіршілік иесіне көмектесуге қатысты өзінің ішкі жан - дүниесіне бағынатын адамды ғана өнегелі деп айтуға болады» [24].

Экологиялық этика әрбір адамның табиғаттағы барлық нәрсе үшін шексіз жауапкершілігін көрсетеді. Н. Ф. Тарасенконың ойынша мәдениет тек адамның еркіндігі мен әмбебептылығының ғана көрсеткіші емес, ол сонымен қатар оның әлем алдындағы жауапкершілігінің көрсеткіші болып табылады. Табиғатқа деген жауапкершілікті қарым –қатынас өздігінен қалыптаспайды, ол саналы түрде қалыптасуды талап етеді. Экологияландыру қоғамды сақтаудың шешуші де басыңқы жағдайы есептеледі. Н. Н. Моисеев адамдардың мінез – құлқындағы экологиялық императивтің қалыптасуын қарастырады, олардың белсенді іс–әрекетіндегі шектеулердің жиынтығын қөрсетеді, оларды бұзу адамзатты апатқа әкелуі мүмкіндігін негіздейді. Оның ойынша экологиялық императивтің мәні мынада: «қоршаған ортаның кейбір көптеген қасиеттерінің болуында, оларды қандай жағдайда болмасын адамның іс–әрекеті арқылы өзгертуге болмайды» [25].
Моисеевтің идеялары адамгершілік, өнегелік императивінің таралу саласын кеңейтеді. Автор жақын арадағы он жылдықта адамгершілік, өнегелік императиві мәселесін сезіну өркениеттің маңызды сипаттарының бірі болып табылатынына, XIX ғасыр бу мен инженерлік ғылымдардың ғасыры болған сияқты, XXI ғасыр гуманитарлық білімнің ғасыры болатындығына сенімді.
Келесі экологиялық императивтерді бөліп қарастыруға болады:
  • қазіргі заманғы адамдардың қызығушылықтарының негізінде келешек ұрпақтың мүдделеріне зиян келтіруге жол берілмеу керек;
  • болашақ ұрпақтың дамуына кедергі келтіретін кез –келген іс –әрекеттен бас тарту;
  • қоршаған ортаға қатысты шешім қабылдағанда жас буынның алдында жауапкершілік жоғары болу керек.

  • Экологиялық императивтер адамзат іс – әрекетінің табиғи ортаны сақтауға бағытталғандығын сипаттау керек, экологиялық императив табиғи ресурстарды пайдалануа белгілі бір шектеулердің болуын қарастырады. Осыған байланысты А. В. Мироновтың айтқан сөзі орынды деп есептейміз, «экологиялық және моральдық - императивтер қоғам дамуына қатаң шектеулер қоятынын адамзат ұмытпау керек, гуманитарлық білім жалпы алғанда адамдардың өзін - өзі сақтауы және өмір сүруге күресі үшін адамдардың іс – әрекетінің барлық түріне қатысты тыйым салу функциясын қатаң түрде орындауға негізделген.Экологиялық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуына өнер де үлкен әсерін тигізеді. Өнер қоғамның барлық рухани кеңістігі арқылы әсер етеді, оның негізгі құраушылары көркем әдебиет, театр, сурет, кинематограф сонымен бірге бұқаралық байланыс құралдарының қызметі (баспасөз, радио, теледидар) болып табылады. Адамның санасына әсер ететін, өнер әкелген идеялар халықтың ерекше әлеуметтік – психологиялық көңіл –күйін қалыптастырады. Ол идеяның сипатына, мазмұнына, жүргізіліп жатқан саясатқа қатысты шынайылық пен сынилықтың деңгейіне байланысты, осының барлығы қоғамның экологиялық мәдениетіне ықпал етеді. Сөйтіп, көркем мәдениет табиғи ортаға қатысты көркем әдебиет, театралды және кинематографиялық образдар арқылы мінез– құлық үлгілерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Кинофильмдердің, теле бағдарламалардың, әдеби шығармалардың кейіпкерлерінің образы бұқараның экологиялық санасына жағымды ықпал етеді.Әлеуметтік институттардың экологиялық мәдениеттің қалыптасуына әсері үлкен. Саясаттың,құқықтың, идеологияның, құлықтылықтың, өнердің құндылықтары мен нормалары «қоғам – адам» жүйесінде өзінің ерекше белгісін қалыптастырады және экологиялық мәдениеттің институционалдық аспектін құрайды. Экологиялық мәдениеттің даму деңгейі қоғамның жетілгендігін көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Экологиялық мәдениеттің қалыптасуындағы әлеуметтік институттардың біріге отырып жасалған іс – ірекеті қазіргі заманғы экологиялық тоқырауды өткерудің маңызды факторы, «адам – қоғам – табиғат» жүйесіндегі қарым – қатынастарды үйлесімді етудің құралы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет